Қош келдің Жаңа жыл! «Ертеңгілік»

«Тексерген»

Тәрбие ісі меңгерушісі

Мухатаева Р.К_______

 

                        «Бекітемін»

Мектеп директоры

Е.М. Абраимова ________

 

 

 

 

 

 

 

Қош келдің Жаңа жыл!

«Ертеңгілік»

 

 

 

 

 

                                                                             Өткізген:Биязбаева А.Т

Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

 

 

Сағыр 2018ж.

 

 

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші:
Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет,  мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәріміз де әп — әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі:

Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып, шыршаны айналып әнімізді шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Азиза:          Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
                     Көз тоймайды қараса
Сұлтанбек:

Шыршамызда қаншама
Түрлі — түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
Айша:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той — маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

       Жүргізуші: — Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 — рет
Ортаға күлдіргіш шығады

Жүргізуші: Ой күлдіргіш сен қайдан жүрсің?

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай    жақсы                          болды. Ол жерде тар, әрі қап — қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды   қарсы алайыншы. Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

Балалармен «Қар жинау» ойынын ойнайық. Балалар бәріміз қар мен ойнағанды жақсы көреміз ия,мен қар      жинап әкелдім. Мен себеттегі қарларды шашамын әуен біткенге дейін жинауымыз керек. Ал кеттік! Кім жылдам екенін көрейік.
(шыршаға қарап)
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі — түсті ойыншық
Шыршада көз тартады.
— Ой, балалар, шыршамызға біреу жетіспей тұрған сияқты ғой ия ? Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.

Бәрі:      Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 — рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

   .

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңыз да, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Жаңа жыл» орындайтын Балым
Амина:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.

       Батыр.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Дияс:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.

Жеңісбек:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр….
Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге….
Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі……
Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын — күлкі таралсын
Құтты болсын…..
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

«Чунга -чанга» биін қыздар билейді  ұлдарымыз ән шырқайды

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Айлин:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.

Бақжол:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!

  Бақберді:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.

Ержанат:
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.

Балым:
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

Нұрлыбек:

Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата

     Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(алдымен ата — аналар, содан соң балалар)

Аяз ата: мына ата — аналар да мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: Иә, ата, дем алыңыз, ортамызда Ақшақар да  өз шашуын ала кепті
Ақшақардың орындауында ән қабыл алыңыздар
Ақтілек:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.

Тәңірберген:
Қандай әсем шартарап
Шаттық күйге бөлеп тұр
Кәмпиттерңн арқалап
Аяз ата келіп тұр.

     Аяла:
Жамылған ақ мамық, ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.

Еділ:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.

Ә
діл.
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.

Иманғали:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті — ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.

 

 

Нұрбосын:

Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.

Ералы:

Новый год я очень жду
И под елочкой сижу.
Там подарки охраняю,
Их от всех оберегаю!
Мансур:
Ем конфеты, мандарины
И рисую я картины.
Дедушку Мороза жду,
Я подарочек хочу!
Күлдіргіш.- о — о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи — хи — хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, күлдіргіш
Күлдіргіш:
Ананы да, күлдірдім
Мынаны да күлдірдім
Мен күлдіргі күлдіргіш
Аяз ата сыйлық берш.(қолын жаяды)

Жүргізуші:.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата — аналарым мен балаларым бірлесіп өз өнерлерін ортаға салды.
— Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой — буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір….
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз — Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге! Жолдарыңыз болсын!

Бәрі:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата — аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, жаңа жылдаотбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!