Биологиялық қару (БҚ)

 

Алғашқы әскери дайындық пәні

Сабақтың тақырыбы: Биологиялық қару (БҚ)

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Биологиялық қару туралы түсінік  бере отырып,  оның зақымдау әсері мен қолдану белгілерін, бактериалогиялық құралдардың зақымдау әсері мен одан қорғану құралдарын таныту;
  2. Дамытушылық: Бактериалогиялық  зақымдау ошағында жүргізілетін

іс-шаралар, карантин, обсервация әрекеттері бойынша ой дамыту;

  1. Тәрбиелік: Ел қауіпсіздігін сақтауға үлес қосу – перзенттік парыз екенін  ұғындыра отырып, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: интербелсенді тақтадағы Блум жүйесіне негізделген тапсырмалар, «Жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылатын биологиялық құралдарды қолдану нәтижесінде пайда болатын адамның жұқпалы ауруларының сипаттамасы» — таблица.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 11-сынып І взвод..Взводты

2 қатарға сапқа тұрғызу, баянат қабылдау,түгендеу,сыртқы киімдерін тексеру, 2 бөлімшеге бөліп отырғызу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Химиялық қаруға анықтама бер.

ә) ҰУХЗ-дың ұрыстық жағдайының түрлері қандай?

б)Химиялық қаруды жеткізудің тәсілдері қандай?

3.Жаңа сабақ

 

Бөлім Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Білім Мына заттардың қайсысы ҰУХЗ – дың түріне жатады: бу, бактериялар, тамшылар, потогендік микроорганизмдер,  саңырауқұлақтар,вирустар аэрозольдар? Ықтимал жауаптар.

Бу,аэрозольдар, тамшылар.

Түсіну ҰУХЗ – дың түрлерін дұрыс таптыңдар.Ал, қалғаны сендер үшін – жаңалық. Олар – биологиялық,бактериалогиялық улағыш құралдар.Демек, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

 

Биологиялық қару не бактериалогиялық құралдар.
 

Қолдану

 

1)      Оқулықпен жұмыс І б-ге: «Биологиялық қару» (БҚ), «Биологиялық соғыс» (БС) терминдеріне анықтама бер.

 

 

 

 

ІІ б-ге: БҚ – ның зақымдау әрекеті туралы түсіндір.

 

 

 

 

 

«Жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылатын биологиялық құралдарды қолдану нәтижесінде пайда болатын адамның жұқпалы аурулары» — тақырыптық таблицаға назар аудартамын.

І. Ауру түрлері мен қоздырғыштары

 

 

 

 

 

БҚ – адамдарды, жануарларды,ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдауға, әскери техникалық жабдықтарды  бүлдіруге  арналған оқ-дәрілер мен ұрыс аспаптары.

БҚ-ды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді БС дейді.

 

 

 

Негізгі әрекеті  патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің  ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделеді. Жұқпалы аурулар  тарап, өлім қаупі төнеді. Ағзада микробтар  мен токсиндер тез көбейеді.

 

 

Ауру түрлері қоздырғыштары
тырысқақ Vibrio cholerae

бактериясы

бруцеллез Brucella suis және Brucella metitensis бактериясы
Бөртпе сүзек Rickettsia prowazekil  риккетсиясы
Чума Yersinia pestis бактериясы
Нағыз шешек Poxvirus variolae вирусы
Сары безгек Yellow fever virus вирусы
Дене безгегі Dendur  virus

вирусы

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті Encepha-lophilis silvestres вирусы
Ботулизм Clostridium botulinum

(А типі) вирусы

Сібір жарасы Bacillus anthracis бактериясы
  ІІ.Таралу түрлері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауру түрлері Табиғи жағдайда таралуы Биологиялық соғыс жағдайында таралуы.
Тырысқақ Уланған суды, тағамды пайдалану арқылы Суды, күнделікті пайдалану заттарын улау арқылы
бруцеллез Ауру малдардан жұғу УЗ-ды ауаға шашу,суды,тағамды улау арқылы
Бөртпе сүзек Ауру адамдарды шаққан паразиттер арқылы УЗ-ды ауаға шашу,ауру таратушы биттерді тарату арқылы
Чума Ауа және тамшы,өкпе,

бүрге кемірушілер арқылы

Ауаны,суды,тағамды,күнделікті пайдалану заттарын улану және күнделікті уланған бүргелерді тарату арқылы
Нағыз шешек Ау және тамшы жолымен Ауа,су мен күнделікті  тұтыну заттары арқылы
Сары безгек Маса арқылы  (ауру адамдар мен жануарларды шаққан) Ауа, арнайы уланған масалар арқылы
Дене безгегі Маса арқылы (ауру адамдар мен  маймылдарды шаққан) Ауа, арнайы уланған масалар арқылы
Көктемгі-жазғы кене энцефалиті Кенелер арқылы (ауру кеміршіктер) Ауа, арнайы уланған масалар,кенелер арқылы
Ботулизм Уланған азық-түліктерді пайдалану арқылы Ауаны,суды,азық-түлікті улау арқылы
Сібір жарасы Ауру н/еауру жұқтырған жануарлардың шикізатын  (жүнін,терісін,сүйек ұнтағын т.б) пайдалану арқылы УЗ-ды ауаға шашу,жеке пайдалану заттардың улану арқылы
Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық карта (жауаптары жабық тұрады)

 

 

Негізгі

белгілері

 

 

 

 

Патогендік микроорг. бактериялар саңырауқұлақ вирустар
Құрылысы күрделі,тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді.      

 

+

 
Түсі,дәмі, иісі жоқ, сондықтан сезім мүшелері арқылы анықталмайды.  

+

 

 

   
Дара шаршылы микро-организмдер    

+

   
Билогиялық агентердің ең үлкен тобы        

+

Әр топ семантикалық карта толтырады жауаптарын салыстырады)

 

Жинақтау Билогиялық

Рецптура туралы

…І бөлімше өз

…тұжырымдарын

…дәлелдейді.

БҚ – ны қару ретінде пайдаланған кездер туралы не білеміз?

(тарихы)

…ІІ бөлімше  өз тұжырымдарын

…дәлелдейді.

….

Пайымдау Адамдар мен жануарларға қауіп туғызатын жағдайлар бүгінгі таңда байқала ма?

Болса, дәлелде БҚ-дың зиянын жоюға бола ма? Болса қандай?

Өз пайымдауларын айтады.

(мысалы: аусыл,түйнеме т.б.)

 

Бағалау: мұғалім топты бағалауды,ал бөлімше командирінің бағалауы арқылы жеке оқушылар бағаланады.

Үйге: 215 – беттегі сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу.

 

 

 

Дайындаған: АӘД мұғалімі: Жазнаев Н.Ә