Табиғат деген – не?

І Кіріспе

1.1 Табиғат деген – не?

Табиғат ол бізді қоршаған орта: аспан, ай, күн, жұлдыз,ауа, күннің көзі, жылуы, өзен, көл, жарық. Табиғат — байлықтың көзі. Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі.Табиғат тіршілік көзі. Оның әрбір әсеріадам өмірінде үлкен роль атқарады.Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді.Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарақырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау- бақшада өскен жеміс жидектердің исі мурын жарады.Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды . Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздермен мақалдар мен өлең – жырларда аз емес. Оның керемет әсемдігінқонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең- шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Айбай Құнанбайұлы («Жаз», «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен»)сияқты ақындарды атауға болады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әсер істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен – кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.

 

 

Негізгі бөлім 2.1 Табиғат пен адам арасындағы байланыс.

 

Табиғат- адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат,бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да-табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан-жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.

Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және солай болып қала бермек. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты терең әрі нақты түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қалыптасады.

Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың, ен байлықтардың қайнар көзі және өмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр  әл- Фараби айтқандай «Адам бойында ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты»

Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт және географиялық орта болып саналады.

Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат не төксе, бар әлем құрпылып жүре береді. Халық өзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет-қалыптарын өзіне алады және мәңгіге қалдырады. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екінші жерге әсерін тигізеді. Соныдықтан да табиғаттың бір бөлшегін жою өзіне зиян келтіреді, сол арқылы адам баласының күн көрісіне залалын тигізеді. Табиғат сырын терең білмей оған қалай болса солай шабуыл жасау үлкен апатқа әкеп соқтырады. Табиғат – халық қазынасы.

Адам мен табиғат егіз. Табиғат пен адам егіз әлем ретінде бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый-құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам — табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға, оларды жаратқан тәңірге табынады., жалбарынады. Адамзат баласы өзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында өзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс — ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған.

Жер, су, ауа, — адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі. Табиғатты қорғау қарапайым істен басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру, мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, баптау т.б. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету – әрбір адамның қажетті борышы.

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі-табиғатты қорғау, оның байлықтарын ұқыпты пайдалану.

Табиғат- адамға баға жетпес байлық. Ол ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі»деп дәріптеген.Табиғаттағы барлық тірі және өлі ағзалар бір – бірімен тығыз байланысты. Жайшылықта жете көңіл бөлмегенімізбен, ара –тұра тереңірек  үңілуге мәжбүр ететін, өскелең өміріміздің шын нәрі ауамыз бен суымызды, жерімізді аялай алудамыз ба? Міне, осы сауалдарға қалай жауап беруге болар еді.

Ата –бабамызды көздің қарашығындай қорғап, мұраға қалдырған қазақ жерінің асты –үсті тұнған байлық…

Осы байлықты дұрыс пайдалана білу және қорғап, сақтап қалу бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Адам ақыл –ойының нәтижесі алып тік ұшақтар, атом стансалары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар қауіп –қатер туғызуда.

Табиғат тозып бара жатыр, одан қоршаған орта мен адам денсаулығына келер залал ұшан теңіз

 

 

2.2 Қоқыс – ғасыр мәселесі

  Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да досы. Санасыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Қазіргі таңда экологиялық проблема ғаламдық мәселеге айналып отыр.Еліміздің экономикасы қарыштап дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарған сайын алыс – жақын шетелдерге демалушылар қатары көбейіп келеді. Барып келгендердің әңгімесін тыңдасаң, әсіресе ол елдердің тазалығы мен тәртібіне таңғаласың. Біздің елімізде шетелдіктерге көрсететін табиғаты таңғажайып жерлер мен тарихи ескерткіштер жоқ емес. Бірақ кейінгі кезде жылына бір демалатын шипажайлармен тау шатқалдары да ластанып жатыр. Қазіргі таңда табиғатты ластаушылардың бірі- шыны шөлмектер.

Жалпы осыдан 41 жыл бұрын адамзат пластик шөлмекті ойлап тапты.Алғаш үлгілер 135 гр салмақты тартты .Қазір пластик шөлмектер 69 грамм . Қазіргі таңда мыңдаған шөлмектер өндіріліп, лақтырылып жатыр. Кішкентай қалалардың өзі айына 20 тоннаға жуық пластик шөлмектер лақтырады. Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқысы 20% артып келеді . Ең өкініштісі — сынған шөлмектер тоғандармен өзендерде, биік тау шыңдарынан да кездеседі. Адамдардың бос шыныларды лақтырып кетуінен күн қатты қызған кезде жиі өрт шығып жатады. Кеңестік кезеңде бос шөлмектер дүкенге қабылданып, қайтадан қажеттілікке жаратылатын. Дүкенге немесе оны қабылдайтын орындарға 4-5 бүтін бос ыдыс өткізгендер олардың құнына бір зат сатып алатын. Сондықтанда ол кезде бей-берекет шашылып жатпайтын.

Жалпы есептеп зерттегенде қағаз жер астында-1 айда,банан қабықшасы -6 айда, жүн-1 жылда,ағаш-13 жылда,консерв банкісі-100 жылда, пластик шөлмек -500-1000 жылға,ал шыны шөлмектің шіруіне -1 миллион жыл керек екен.Адамдар өздері лақтыратын пластик қоқыстардан өздері шаршап кетті.Пластик қораптар шығып көптеген мәселені жойғанымен,дәл сондай мәселелер туғызды.Кезінде демалыс орындарында  әкелеріміздің қалдырған қоқыстары қазір шаңға айналып кетті,ал біздің пластик шөлмектерімізді шөберелеріміз көретін болды,себебі олар «мәңгі».

Жалпы зерттеу нәтижесі бойынша менің айтар ұсынысым-біздің қалаларымызда пластик ыдыстарын қайта өңдеу зауыты ашылса,арнайы пластик қоқыстарын салатын қоқыс жәшігі болса,әр оқушы пластик шөлмектерді өз өмірінде көбірек пайдаланса,ғалымдар пластикті шіріту жолдарын ойлап тапса ауамыз таза болып,айналамыз күл-қоқысқа толмас еді. «Тазаланған жер таза емес,қоқыс лақтырылмаған жер- таза»-деп халық бекер айтпаса керек.

 

 

 

\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қорытынды

                              3.1 Табиғатты қорғау — болашақты ойлау

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санының қарқынды өсуімен, ғылыми — техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған даму деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуациялауға алып келеді. Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғаумен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында «Қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге  жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі» — деген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып алдағы уақытта табиғатқа деген сүйіспеншілік, табиғат байлығын қорғап молайту – басты мақсат.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап үйлесімділік сақтағанда адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат – Анаға қарыздар. Сондықтанда табиғатқа немқұрайлы қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтаммағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.