Балалардың үлкендермен өзара қарым-қатынасына жүйке-жүйесі   іс- әрекетінің әсері

Тәрбиешілер оқуы.

Тақырыбы:  Балалардың үлкендермен өзара қарым-қатынасына жүйке-жүйесі   іс- әрекетінің әсері.

Мақсаты:Тәрбиешілердің темперамент типтерінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту. Тәрбие жұмысында басымдылықтарын көрсету.

 

Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама.

 

1.Сангвиник  — күшті –салмақты, қозғалмалы. Өзіне тартып тұрғандардың бәріне үлкен белсенділікпен көңіл бөледі; мимикасы тірі, қозғалысы шапшаң, айқын; қандай да болсын бір нәрсеге деген қатынасын және сезімін жасырмайды; маңызды емес нәрсеге қатты күле салуы мүмкін; ұсақ-түйектер ашуын келтіруі мүмкін. Әлсіз дыбыстар және жарықтың әлсіз тітіркендіргіштеріне мән бермейді;белсенді. Жұмысқа деген қабілеттілігі жоғары; жаңа нәрселерге белсенді түрде қатысады. Тәртіпке тез үйренеді; тапқыр, жылдам ойлайды, сөзі тез, эмоционалды; сезімі, көңіл – күйі, қызығушылықтары, мақсаттары өзгермелі. Жаңа адамдармен тез танысады, бөтен жағдайларға және талаптарға жеңіл бейімделеді. Бір іс — әрекеттен екінші іс — әрекетке тез ауысады. Тез дағдыланады. Экстраверт.

Тәрбие жұмысындағы басымдылық:

  • Тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру;
  • Басталған істі аяғына дейін жеткізуді үйрету;
  • Өзінің жұмысының нәтижесіне сын қатынасын қалыптастыру;
  • Тапсырманы орындау сапасына көңіл бөлуді үйрету;
  • Дәлдікті, ұстамдылықты, зейінділікті қажет ететін ойындар мен жаттығуларды ұсыну.

 

  1. Холерик — күшті, салмақты емес, инертті. Дыбыстың және жарықтың өте әлсіз тітіркендіргіштеріне мән бермейді; Шыдамсыз; Сезімі мен эмоцияларында ұстамсыз; Қызығушылықтары мен мақсаттары тұрақты; Өз дегенінде тұрады; Зейінін ауыстыруда қиыншылықтары бар; Мимикасы мен сөзі эмоционалды; ақыл –ой, іс — әрекетінің темпі жеткілікті түрде жоғары.

Тәрбие жұмысындағы басымдылық:

  • Айналасындағы қоршаған адамдардың сезімін есепке алу қабілетін дамыту;
  • Энергияны пайдалы іс — әрекетке жұмсауды үйрету;
  • Шыдамдылықты дамыту;
  • Дәлдікті, ұстамдылықты, зейінділікті қажет ететін ойындар мен жаттығуларды ұсыну.

 

  1. Флегматик – күшті, салмақты, инертті. Аз эмоционалды; маңызды жағымсыз жағдайларда салмақты болып қала береді; мимикасы мен қозғалысы әлсіз; жұмысқа қабілеттігі жоғары; шыдамдылық пен төзімділікпен ерекшеленеді; Зейінін ақырын тұрақтандырады; Жаңа жағдайларға қиыншылықпен бейімделеді; Қарым – қатынасқа аз түседі; Жұмыс темпі төмен.

Тәрбие жұмысындағы басымдылық:

  • Ойындарға аз, одан орташа, одан жоғары қозғалысты қажет ететін элементтерді қосу арқылы біртіндеп бейімділік пен қозғалмалылықты дамыту;
  • Тапсырманы орындауда төмен темпті есепке алу.

 

  1. Меланхолик — әлсіз,жоғары сезімталдық; Маңызды емес жағдайлар көз жасын тудыруы мүмкін; Әділетсіздіктерге шектен тыс ренжиді; Мимикасы мен қозғалысы айқын емес; Дауысы ақырын; Өзіндік бағалауы төмен, мазасыз; Аз энергиялы, Тұрақсыз; Жұмысқа қабілеттілігі төмен; Зейіні тез бөлінеді; Жаңа жағдайларға бейімделуі ұзақ; Қарым – қатынасқа аз түседі.

Тәрбие жұмысындағы басымдылық:

  • Жиі жағымды баға беру, көңілдендіру керек;
  • Жетістікке жету жағдайларын туғызу;
  • Жағымды, дамуы жақсы балалармен бірлесіп атқаратын іс — әрекеттерді ұйымдастыру.