Алғы сөз

                               Алғы сөз

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» заңының бірнеше бабы білім алушылардың денсаулығын сақтауға бағытталған. Мысалға, жеке адамның күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту (11-бап) білім беру жүйесіне міндеттелсе, 47 бап білім алушылар мен тәрбиеленушілерді өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуды міндеттейді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз ету жүктеліп (48-бап), балалардың өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауды, олардың ой-өрісі мен дене күшін дамытуды, имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуді белгілейді.

Сондықтан да, мектеп мүғалімінің алдында оқушыларға білім берумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің дұрыс жетілуін қадағалау міндеті түр. Бүгінгі алдымызда отырған оқушы — ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын жақсартуға ықпал ететін жеке тұлға. Мұндай тұлғаға қойылатын талаптар — шығармашылық белсенділік, жоғары интеллектуалдық, ең бастысы дені-жаны сау азаматтық.

Бастауыш саты-бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын кезеңі.Сондықтан бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Мектептің бастауыш сатысында денені сергіту  жаттығуларын қолдану  оқушылардың өзара іс-әрекетімен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттырады,  жеке тұлғаның рухын тәрбиелейді, адамның адамгершілік болмысын қалыптастырады.

Білім мазмұнын меңгеруде дене қозғалысы оқушылардың біліктілігін, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуын,  ой-өрісін , сөздік қорын молайтады. Адами қасиеттерін қалыптастырып, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

Сергіту жаттығулары  баланың сол және басқа да кейіпкерлерді көз алдына елестетуге, олардың әрекетін өзінің қимыл- қозғалысы, дыбысы, кейіптендіру арқылы «сипаттауға» көмектеседі.

«Сиқырға айналу» — бұл әдіс балалардың ертегі кейіпкерлерінің эмоциясы мен тебіреніс сезімін, сонымен бірге өзін көжек, епсіз қонжық, желдің ұйытқуынан ағаштар сияқты тербеліп және жапырақтарға ұқсап, жеңіл айналуы, шуылдағаны, жаңбыр тамшылары сияқты қимыл-әрекеттерді сезіну мүмкіндігін береді.

Сондықтан да әр сабақта сергіту жаттығуларын қолданып отырудың маңызы зор. Мына сергіту сәттерін өз әріптестеріме көмекші құрал ретінде ұсынып отырмын.

 

 

  Сергіту сәттері

 

  1. Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,

Бойға жинап күш.

Жаттығу жасап алайық,

Бiр дем алып қалайық.

 

  1. Бiр, екi, үш

Бойға жинап күш.

Жаттығуды жасаймыз

Шынығуды бастаймыз.

 

  1. Жолдарыңа үңіліп,

Екі бақа жүгіріп,

Секіреді, бақ-бақ,

Ағаштарды аттап.

Олар ерте тұрады,

Беті-қолын жуады.

Оңға-солға шайқалып,

Бақылдайды ән салып.

Судан шіркей табады,

Өсіп үлкен болады.

Бақ-бақ, нақ-нақ,

Біздер айттық тақпақ.

 

  1. Бір, екі – еңкей,

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.

 

  1. Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

 

 

  1. Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

  1. Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

 

  1. Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.

 

  1. Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

 

 

  1. Тез қозғалып осылай

Жаттығулар жасайық.

Жақсылықты үйреніп,

Жамандықтан қашайық.

 

 

  1. Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

 

 

  1. Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық, екеуміз.

Бас бармағым – папам,

Балаң үйрек – апам.

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек –  мен

Титтей бөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

 

 

  1. Айнадағы бейнедей,

Қимылдарды қайтала.

Бiр сөз айтсаң сен оған

О-дан жауап қайта ма?

 

 

  1. Айнаға қараймын

Шашымды тараймын.

Бақытты боламын,

Сымбатты боламын.

Әрқашан тазамын,

Бәрiнен озамын.

 

 

  1. Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз.

 

 

  1. Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

 

  1. Біз бесеуміз, бесеуміз.

Бес тармақты жұлдызбыз.

Біз бесеуміз, бесеуміз

Ақ қалпақты құндызбыз.

Аяғымыз қайда екен,

Тез қозғалсақ пайда екен.

Бiзден биiк секiрер

Мықты жандар бар ма екен?

 

 

  1. Оңға бір,

Солға бір,

Бұрылып жолдары,

Жолаушы жүредi.

Соңынан жүгiрiп,

Бұтаға үңiлiп,

Сүрiнiп, тығылып

Күшiгi үредi.

 

  1. Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

 

 

  1. Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.

 

  1. Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

 

 

  1. Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгiргiмiз келедi

Әдемiлеп ән салып,

 

22.Топ-топ басайық,

Жаттығулар жасайық.

Қайырымды жан болып,

Жамандықтан қашайық.

 

23.Ұшқандай боп кекiлiк,

Биiк-биiк секiрiп,

Ойнап-ойнап, тез өсiп,

Кетемiз бiз жетiлiп.

 

24.Тұрып қалмай жантайып,

Бiр еңкейiп, шалқайып,

Жылдам-жылдам қозғалып,

Асқақ әндер айтайық.

 

25.Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 

  1. Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік

Болар сонда тамаша.

 

27.Бойды бүкпей тік ұста,

Еркін тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа,

Жай сол қолды сол жаққа.

 

28.Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

 

29.Оң қолымда бес саусақ,

Солқолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

 

 

30.Қолды айналдыр бұлданбай,

Екі шеңбер сызғандай.

Сәл тынығып байқа да,

Оншақты рет қайтала.

 

31.Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

 

32.Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып

Киіз үй боп көрінер!

 

33.Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерің шынықсын,

Саналарың тынықсын.

 

34.Көп отырып шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Жүгіргіміз келеді,

Әдемілеп ән салып.

 

35.Шынығамыз жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бір, екі, үш, бір, екі, үш

Бойымызға жинап күш.

Шынығамыз, жастай біз,

Жаттығуды бастаймыз.

 

 

36.Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Денемізді тік ұстап,

Ойнап-билеп аламыз.

 

37.Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам,

Аяғымның ұшына.

 

38.Армысың, асыл жел!

Армысың, асыл жер!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым!

 

39.Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

 

40.Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желмен бірге ырғалған.

 

41.Аспанға қарап ай көрдік,

Төмен қарап жер көрдік.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

 

  1. Ал, балалар, тұрмайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға-оңға түзу тұр,

Солға-солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.

 

43.Жаздық-жаздық өзіміз,

Шаршап қалды қолымыз.

Жазудан бес алайық,

Қуанып үйге қайтайық.

  1. Тік ұстап қолыңды,

Соз қолыңды алға.

Соз қолыңды тағы да,

Жеткіз жираф мойнына.

 

45.Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

 

46.Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

 

47.Келді көктем далаға,

Келді сұлу шағала.

Аспандағы аққулар,

Ауылымды арала.

 

48.Қиындықтан қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен,

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір.

Ұстазымыз қарайды,

Аяққа бір, қолға бір.

 

49.Оңға, оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

50.Менің үш көзім бар,

Бір көзім «Кідір»-дейді.

Бір көзім «Жүгір»- дейді,

Бір көзім «Абайла» -дейді,

«Қарап ал маңайға» — дейді.

 

51.Ерте тұрып Дәмелі,

Шынықтырды денені.

Мектебіне барады,

Кілең «бестік» алады.

 

52.Аппақ аю, ақ аю,

Апа аю, бала аю.

Балмұздақ берсем жемейді,

Кел, кел десем келмейді,

Менсінбей ме мендейді.

 

53.Бір, екі, үш,

Жинап алдым күш.

Дем аламыз, жинап күш.

Бір, екі, үш,

Қарлығаштай ұш.

 

54.Аппақ болып таң атты,

Түтін тіке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Биік самғап ұшады.

 

55.Екі қанат қазда бар,

Қаз іздесең сазға бар.

Екі қанат құста бар,

Шапшаң болсаң ұстап ал.

 

56.Девочки, мальчики,

Прыгают как мячики.

Ручками хлоп-хлоп,

Ношками топ-топ.

 

57.Жаңбыр жауып ашылды,

Аспан шайдай ашылды.

Желмен бірге жапырақ,

Сылдыр қағып шашылды.

 

58.Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайқ,

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса алтын күн.

59.Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз.

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз.

 

60.Су көтеріледі,

Аспанда тамшы болады.

Тамшы бірігіп қар болып,

Жапалақтап жерге жауады.

 

61.Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты қорғаймыз,

Жаман бала болмаймыз.

 

 

 

62.Тоқта, тоқта желаяқ,

Деміңді алып отыршы.

Одан соң кеп түрегеп,

Жел соңынан жүре бер.

 

63.Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып шықсаң екеуін,

Болып шығар он саусақ.

 

64.Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты орнына.

Солға қарады,

Оңға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

 

65.Ал, балалар, бір ауық,

Дұрыс-бұрыс ұғалық.

Дұрыс болса отырып,

Бұрыс болса тұралық.

 

66.Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, үй салдсақ.

 

67.Жел соқты,

Жаңбыр жауды.

Жаңбыр қатты жауды,

Жел басылды,

Кү ашылды.

 

68.Көжегім тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Мектебіңе баршы,

Кілең бестік алшы.

 

 

69.Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!

 

  1. Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең еңбек

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек

  1. Адымдаймыз, адымдаймыз,
    Қолды биік көтереміз,
    Басымызды түзу ұстап,
    Баяу терең демаламыз.
    Қарасақ алау жанында,
    Ұядан түскен балапан.
    Еппен алып, ұяға
    Саламыз оны қайтадан.

72.Бас бармағым-алғашқы,
Балаң үйрек-жалғасы,
Ортан терек-ағасы,
Шылдыр шүмек-нағашы,
Кішкентай бөбек-балақан,

Бәріне ортақ алақан.

 

 

73.Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

74.Бір, екі үш, бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

 

75.Бір, екі ,үш төрт те бес,

Алты, жеті  сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес,

Өлше , есепте санап жөн.

 

76.Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір апта да неше күн,

Қане санап шығайық.

Дүйсенбі,

Сейсенбі,

Сәрсенбі,

Бейсенбі,

Жұма,

Сенбі,

Жексенбі.

 

77.Алға қарай төрт қадам,

Арқа қарай төрт қадам,

Орнымызда тұрайық,

Шапалақтап ұрайық.

Көзді ашып-жұмайық,

Орнымызды табайық.

 

                                       Жинақтаған: Рустембекова Бибігүл Асетовна

                                                                 Жамбыл облысы   Жуалы ауданы

                                                                 Бауыржан Момышұлы ауылы

                                                                 №29 орта мектептің

                                                                  бастауыш сынып мұғалімі