Мектеп-біздің анамыз. Өтебай Тұрманжанов.

Мектебі: Алға мектеп-гимназиясы
Пәні:  Әдебиеттік оқу
Ұзақ  мерзімді  жоспар бөлімі: Менің мектебім және достарым
Сабақ тақырыбы: Мектеп-біздің анамыз. Өтебай Тұрманжанов.
Күні: 13.11.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: К.Т.Байхадамова
Класы:   2 «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына  сілтеме) 2.1.2.1*- шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау, үзіндісін мазмұндау,сахналау

2.2.1.2 — шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Оқулықта  берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың  маңызы туралы  дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:  Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану.
Бағалау критерийлері Жеке  тапсырмаларды орындай алады. Өлеңді мәнерлеп оқи алады.
 

Тілдік мақсат

 

 

Пәндік  лексика және терминология:

Мектеп, достар.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер топтамасы/:

—          Сенің мектебің қандай?

—          Мектепті не үшін анаға теңейді?

Құндылықтарға баулу Құрмет, қадір, жауапкершілік,  бірлік.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білім Өткенді қайталау
Жоспар
Жоспарлаған уақыт есебі Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Сабақтың басы

 

«Шаттық шеңбері». Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздер айтады.
Үй тапсырмасы Сұрақ-жауап.

—          Біз қандай тақырыптар өттік?

—          Қандай өлеңдер өттік?

 

Оқулық

 

Жаңа білім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

Білу және түсіну. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Берілген тақырып аясында алдын ала дайындалған сұрақтарға жауап береді.

Мектеп-біздің анамыз.

Өтебай Тұрманжанов. Мектеп-біздің анамыз.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

·         Неге мектепті анаға теңейміз?

·         Сен қандай мектепте оқисың?

·         Өз мектебіңді жақсы көресің бе?

Оқулықпен жұмыс

№1.Сөзжұмбақты шеш

1.Оқыған сайын өседі,

Ғаламның сырын шешеді.       Білім

 

2.Құштар болып оқу менен білімге,

Біз барамыз қыркүйектің бірінде.       Мектеп

 

3.Бір сандық бар қасыңда,

Іші толған ақылға.

Болғың келсе білімді,

Оған қарай жақында.       Кітап

 

4. Келіп тұрар әр күн сайын жаңарып,

Жазылыпты онда түрлі жаңалық.        Газет

 

5.Адасқанда алсаң қолыңа,

Бағыт берер жолыңа.               Компас

Тақтамен жұмыс

———————— сазды қоңырау (сыңғырлаған) ;

————————- сағынышты қоңырау (сылдыр қаққан немесе  сылдырлаған) ;

————————- күміс қоңырау ( күмбірлеген).

Оқушы ережесі

1.              Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап,дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек.  Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті  оқу құрал – жабдықтарын  дайындап қоюға тиісті.

2.  Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты  тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын  қойдыруды талап етеді.

3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:

— өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;

-сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;

4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

5 Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.

Оқулықпен жұмыс

Мектеп-біздің анамыз.

Өтебай Тұрманжанов. Мектеп-біздің анамыз.

Автор туралы мәлімет беру

1.Өлеңді тізбектей оқу

Сөздік жұмыс

Күзге сүйеп күн иек-уақыт күзге айналып

Шөмеле-шошайтып үйілген шөп

Қырман-астық бастыратын ашық алаң

Межелі кез-мөлшерлі уақыт.

№3.Өлеңнің авторын ата

Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстанда облысында туған. Балалар ақыны. «Біздің қарлығаш», «Бозторғай» т.б жинақтары бар.

 

Суретпен жұмыс

-Келесі беттегі суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Балалардың көңіл-күйі қандай?

Оқудың басталған алғышқы күні екенін неден аңғардың?

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмбақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ережелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

слаид

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор портреті

 

 

 

Жыл мезгілдері

Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйiрдi сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бiр айналып шығамыз.

Бiр,екi, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз.

Қимылдар жасау
Сабақтың соңы №5.Сұрақ-жауап жеке жұмыс

— Сурет салатын адамды кім дейміз?

— Өлең жазатын адамды ше?

— Суретті қалай атар едің?

№6.Өз мектебің туралы әңгімеле

Жұптық жұмыс

Суреттер

 

Рефлексия 3 жұлдызша-5

2 жұлдызша-4

1 жұлдызша-3

Жұлдызшалар
Саралау. Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Қосымша көмек көрсетуді сұрақтар қойып жетелеу, өз ойын айтқызу арқылы іске асырымын.Қабілетті оқушыларға дәлеледер келтіртемін. Жұлдызшамен бағалау Сабақ үстіндегі қауіпсіздікті ескертемін.
Сабақ/оқу мақсаттары мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті? Жоспарлаған шаралар тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге не көмектесетін білдім?