Ыдыстар

Тақырыбы: Ыдыстар

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға жаңа тақырып бойынша өткен сөздерді қайталау арқылы білімін пысықтау, жаңа бейтаныс сөздермен таныстыру.

Түзете-дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтып, қазақ тілінде еркін сөйлей білуіне жол ашу. Суреттер, қимыл-әрекеттер арқылы сөздерді баланың есінде қалуын дамыту.

Тәрбиелік: Дұрыс тамақтануға шақыру, тамақтану ережелерін түсіндіру.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастырушылық

Психологиялық дайындық

Баларға жұмбақ жасыру.

1.Басы домалақ,сабы сызық Ожау

2.Өзімен біз шәй ішеміз,ұзын түтігі бар \шәйнек\

3.Шәйнекпен шәй құямыз,өзі домалақ пішінді\ кесе\

  1. сорпа,ас ішкенде керек зат \тарелка\
  2. Басы өткір,сабы сызық \ пышақ\

ІІ. Негізгі бөлім

— Ыдыстарды сатып алу үшін қайда барамыз?

-Дүкенге

-Онда сиқырлы жолмен дүкенге барайық, сиқырлы дүкенге жету үшін сиқырлы сөздер айтайық

Ке-ке-кесе

Ық-ық-қасық

Ан-ан-аққұман

Ау-ау-ожау

1-тапсырма

Маған көк түсті үлкен кесе керек

Көже ішетін ақ түсті үлкен,орташа,кішкентай тарелка керек.

Маған тамақ жасайтын үлкен кастрюль керек

Жұмсақ қол сүртетін майлық керек.

Тамақ ішетін қасық ,шаңышқы керек

Дауыс ырғағымен тақпақ айту

Қолға кесе аламыз

Кесеге шай құямыз

Шай ыстық фу-фу –фу-деп үрлейміз

Шайдан барлығымыз ішейік

 

Жаңылтпаш айту

Шеше-шеше неше кесе сынды кеше?

Дидактикалық ойын.

1.Кесе қандай ,жұмсақ па,қатты ма?

2.Пішін домалақ па?төр бұрышты ма?

3.Түстері қандай болады?

4.Кесеге шәйді немен құяды?

ІІІ.Қорытынды

Балаларды мадақтау