«Бар мейіріміміз балаларға»

1- маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған жазғы сауықтыру сценариі.

Тақырыбы: «Бар мейіріміміз балаларға»

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні.Біздің «Ақбота» бөбекжайында бүгін үлкен мереке.Мерекеміз құтты болсын.

Құттықтау сөз кезегін «Ақбота» бөбекжайының меңгерушісі Ф.А. Хасановаға беріледі.

Сіздер мерекені жақсы көресіздер ме?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

Бақшамызда бүгін ұзақ ойнайық,

Балаларды қорғау күнін тойлайық.

Алақай ау , алақай!

Той тойлайық, балақай!

Тақпақ айтып, кезектесіп, бір бірлеп,

Кел, қосылып ән шырқайық, би билеп!

Алақай ау , алақай!

Ән шырқайық , балақай!

Ұғып сөзін тәрбиеші апаның,

Гүл жайнаймыз аясында Отанның!

Алақай ау, алақай!

Гүл жайнайық, балақай!

-Ендеше, алдарыңызда «Жемістер» тобының бүлдіршіндері әндерін орындайды.

Ән: «Бала бала балақай» барлық топтар.

Жүргізуші:

-Өте жақсы! Мереке күні мен сіздерге банан сыйлағым келіп тұр. (Жүргізуші себетті іздейді, таба алмайды. Орнынан хат табады.) Ой , балалар, қараңыздар! Банан салынған себет орнынан хат қойып кетіпті. Оқып көрейік.

Хат: «Сіздердің сыйлығыңыз менде! Банандарыңызды мен алып кеттім. Іздемеңдер! Таба алмайсыңдар! Қарақшы.»

Жүргізуші:

-Мәссаған! Біздің банандарымызды қарақшылар ұрлап кетіпті. Енді не істейміз , балалар? Қарақшыны тауып алып , сыйлықтарымызды қайтып алайық! Келістік пе?

Балалар:

-Ия.

Жүргізуші:

-Онда барлығымыз саяхатқа шығайық!

Көңілді әуен қосылады. Барлық балалар мен жүргізуші әуен ырғағымен бір орында жүреді.

Кенет алдарынан Мыстан кемпір кездеседі:

-Ээээй, эээээй, эээээй! ( Әрлі -берлі сыпыртқысымен жүгіріп өтеді) Ээээй, неғып жүрсіңдер?

Жүргізуші:

-Сәлеметсіз бе, Мыстан әжей! Біз қарақшыны іздеп саяхатқа шығып едік. Себебі ол біздің балаларымыздың сыйлығын сұраусыз алып кетті.

Музыка қосылады.

Мыстан кемпір:

-Еееее, солай де! Көңіліңіз түспесін, балалар!Мен балалардың дауысын естіп қуанып қалып едім. Мен көңілді балаларды жақсы көрем. Не істесем екен?! Олай болса би билеп алайық. Сосын мен сіздермен бірге саяхатқа шығамын!

Жүргізуші:

— Жарайды онда. Балалармен қандай би билейсіз?

Мыстан кемпір:

Би: «Қуыршақтар».

Мыстан кемпір:

-Сіздердің әлі көңіл күйіңіз жоқ сияқты ғой! Балақайлар,мен үнемі сыпыртқыммен ұшып жүрем. Кім менімен ұшқысы келеді?

Балалар:

-Мен, мен, мен…

Мыстан кемпір сыпыртқының артына балаларды кезекпен отырғызып жүгіріп шығады. Балалар мәз болып күледі.

Мыстан кемпір:

-Ух, ах, шаршадым! Белім ай! Қарт болғасын әр жерің ауырады. Қой, мен бір тынығып алайын!

Жүргізуші:

-Жақсы, Мыстан әжей! Балалардың қасына жайғасып отыра ғой! Ал, біз саяхатты жалғастырайық.

Ән: «Тұсау кесер» орындайтын Айзере мен А.Ж.Мақсотова.

Көңілді әуенмен Сайқымазақ кездеседі:

-Сәлем, балақайлар!

Балалар:

-Сәлеметсіз бе!

Сайқымазақ:

-Менің атым Тинки. Сіздерді мерекемен құттықтаймын! Әрқашан ата-анаңызды ренжітпейтін, ақылды балалар болуыңызға тілектеспін.

Жүргізуші:

-Рахмет, Тинки! Біз саяхаттап бара жатырмыз, себебі біздің балаларымыздың сыйлығын қарақшы ұрлап кетіпті. Соны іздеп бара жатырмыз.

Сайқымазақ:

-Абыржымаңдар! Ол қарақшыны табамыз. Мен басқа елдерде тұратын достарыма телефон шалайын, қарақшыны табуға көмектессін.

Жүргізуші:

— Кел, балаларымызбен бірге көңіл көтер. Балаларымыз тақпақтар біледі, ән де айтады.

Тақпақтар:

Нұрсұлтан:

Бала,бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызда қаламыз.

Аслан:

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау қозы құлыншақ

Ойыншықтарды тыңдайды

Емес олар ұрыншақ.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз.Мәлік Алина.

Би: «Пингвиндер» ұлдар.

Жолда сотқар бала кездесіп қалады:

-Ээээээй, мен компотқа тұз салып жібердім, ойыншықтарды сындырдым, қыздардың шашын тартам, балдарды жылатам. Мен ешкімді тыңдамаймын!

Балалардың алдында тентектік жасайды.

Мыстан кемпір:

-Олай болмайды. Бұл балабақшаның балалары тәртіпті, ақылды, тілалғыш, көңілді. Олар бізге тақпақтар, өлең айтып, би билеп, ойындар ойнап көңіл көтерді. Қалайша саған тентектік жасауға жол береміз?! Жоқ, олай болмайт!!!

Сотқар бала:

-Көрерміз!!! Ха- ха -хааа!!!

Сайқымазақ:

-Онда, сені ойын ойнауға шақырамыз! Егер сен ұтылсаң, тентек болмайсың! Біздің айтқанымызды екі етпей орындайсың! Келістік пе?

Сотқар бала:

-Бәрібір, мен ұтам!!! (мақтанады)

Ойын: «Гүл теру» ойыны.

Шарты: арқанды екі жағынан ұстап ,екі топ балалары тартады .

Сайқымазақ қулыққа барады. Арқанның бір жағына балаларды, екінші жағына сотқардың өзін тұрғызып қояды. Ойын басталды. Балалар жағы көп болғандықтан сотқарды тартып кетеді. Тағы қайталанады. Сотқар бала ұтылғанына налып, реніш білдіреді. Сайқымазақ сотқар балаға бірге қосылып балалардың көмегімен тартып ойнауға шақырады. Сотқар әрең келіседі.Ойын басталды. Сотқардың тобы жеңіске жетеді.

Сайқымазақ:

-Көрдің бе, сотқар бала! Достық бар жерде жеңіске жетесің!

Сотқар бала:

-Кешіріңдер мені! Мен енді тентек болмаймын! Менде сіздермен бірге дос болғым келіп тұр!

Сайқымазақ:

-Балалар, дос боламыз ба?

Балалар:

— Ия!

Сайқымазақ:

-Жарайды онда!Доспыз бәріміз! ( барлығы көңілді әуенмен билейді)

Жүргізуші:

-Балаларымыздың тақпақтарын тамашалаңыздар:.

Ән: «Ертегілер» орындайтын Алина мен Замзагул.Туяковна.

Би: «Матрёшки».

Сайқымазақ:

-Балалар , маған жаңа шетелдегі досым телефон шалды. Олар қарақшылардың қай жерде жүргенін анықтапты.

Жүргізуші:

-Онда сол жаққа қарай барайық!

Көңілді әуенмен сайқымазақ, мыстан кемпір, сотқар бала, жүргізуші шеңбер бойымен айналып

жүріп келеді. Алдарынан қарақшы кездеседі:

-Қайда бара жатсыңдар! Тоқта ! Кім сендерге бұл жермен жүруге рұқсат берді!? Аааааааа!?

Мыстан кемпір:

-Ай, қарағым, қарақшы!!! Сен рұқсатсыз біздің балаларымыздың сыйлығын алып кетіпсің! Ұялмайсың ба? Кішкентай балаларды бұлай ренжітуге бола ма?

Қарақшы:

-Маған бәрібір! Мені ешкім кішкентай кезімде еркелеткен жоқ. Мен де балаларды аямаймын!

Жүргізуші:

-Енді қайттік? Қарақшы бала кезінде анасының мейіріміне бөленбеген екен. Оған біз ана туралы ән айтып берейікші, балалар!

ЕндешеАна туралы әнді тыңдайық.

Ән:Анашым» орындайтын Г.Қ.Аяпова.

Анамды  сағындым! Бірақ менің анам жоқ! (жылайды)

Мыстан кемпір:

-Айналайын, маған бала болшы! Мен де жалғызбын. Екеуіміз бірге бір отбасы болайық. Мен ана, сен бала бол.

Қарақшы мәз болып:

-Анашым! -деп құшағына алады. Қарақшы тығып қойған себетті жүгіріп барып алып келіп, балалардан кешірім сұрап қайтарып береді.

Балалар ду қол шапалақтайды.

Жүргізуші:

-Керемет! Балалар ананың махаббатымен, әкенің мейіріне бөленсе бала бақытты болады.

Тақпақтар айтады.

Ерген:

Гүлмен келсін келер күн

Бала-бағы әрелдің

Балалардың күлкүсі

Көркі сәні әлемнің.

Әмірхан:

Даналардың тілегі

Балалардың тілегі

Ауырмасын ешқашан

Ауырмасын жүрегі.

Нұрасыл:

Жақсылыққа құмармыз

Жақсы адам боп шығамыз

Таза сәби жүректен

Қабылдаймыз мың алғыс.

Жүргізуші:

-Балалар, әрқашан ата -анамыз аман болсын, сіздер де ақылды, тәртіпті болыңыздар, еліміз тыныш, рухымыз биік болсын!!!

 

Ән: « Әрқашан күн сөнбесін »

Жүргізуші:

-Осымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған сауықтыру мерекеміз аяқталды. Барлық балаларымызды кейіпкерлерімізбен бірге биге шақырамын. Атсалысып қатысқандарыңызға рахмет!

 

 

1 маусым — Балаларды қорғау күніне тақпақтар

 

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

 

Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.

Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын

Біздерде бар қуыршақ
Бұзау, қозы, құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Емес олар ұрыншақ

Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.

Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Балалар бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай — ау, алақай
Той тойлайық, балақай
Қызарғанша алақан
Кел, соғайық балақай.

Бейбітшілік әніміз
өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз

Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
өмір қандай тамаша

Гүлмен келсін келер күн
Бала — бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
Басты қоссақ бәріміз
Біздер елдің сәніміз
Шаттық, бақыт, қуаныш
Елімізге сыйлаймыз.

Біз бақытты баламыз,
Ақылдымыз, данамыз
Ертеңгі күн еліміздің
Батырлары боламыз.