«Өткенді пысықтау».
Сабақтың тақырыбы: «Өткенді пысықтау».
Сабақтың мақсаты: Білімділік. Көп таңбалы сандарды дұрыс оқу, жазу, салыстыра білудегі білімдерін жетілдіру. Есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін, қиялын жетілдіру.
Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік. Өз Отанын сүюге, қадірлеп аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Шардара қаласының суреттері, есептерге
байланысты суреттер, бағалау жетондары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбектену.
Кіріспе әңгіме: ХХІ ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы 117-орыннан
61-орынға жылжыды. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап алдағы жылдарда әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр. Соның бір дәлелі биыл жазда 27 шілде мен 12-тамыз аралығында Лондонда өткен жазғы 30-шы олимпиада ойындарында Қазақстан 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медальге ие болды. Бұрын-соңды болмаған толағай табыс. Әрине, бұл жетістік үлкен білімнің, ынта-жігер, қайраттың, талаптың, еңбектің арқасында келді. Қазақстан медаль саны бойынша 12-орын алды. Демек біз 50 елдің қатарына жақындадық десек те болады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген есепті дәптерлерін жинап алып тексеру.
Өткен сабақтарды пысықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнау.
Ойынның шарты оқушыларға сұрақтар беріледі. Олар тез әрі дұрыс жауап берулері керек.
- Ең кіші үш таңбалы сан. (100)
- Масса бірліктерін ата. (г, кг, ц, т.)
- Қосылғыштардың орны ауысқаннан …. …. . (мәні өзгермейді)
- 999 : 3 бөліндісі. (333)
- Миллионда неше ноль бар? (6)
- 2 т қанша кг бар? (2000 кг)
- Ауданы 16 см2 шаршының қабырғасы. (4см)
- 33 нешеге тең? (27)
- Бір нүктесі бар сызық. (Сәуле)
- 10 жылда неше ай бар? (120)
- Қандай санға бөлуге болмайды? (0)
- Әкесі 45 жаста, қызы одан 39 жас кіші, қызының жасы нешеде? (6)
- Екі нүктесі бар сызық (Кесінді)
- Тік бұрыштан кіші бұрыш (Сүйір бұрыш)
- 8 ондық миллион (80 000 000)
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Ендеше ізденгіш, ойшыл, ақылды, тапқыр сендерге мынадай қызықты айтқым келеді.
Елімізде 1 минутта: 16 теледидар, 11 тоңазытқыш, 13 кір жуғыш машина, 12 велосипед, 18 радио, 80 сағат жасалынып шығарылады екен. Ал сендер 45 минутта неше тапсырма орындай алады екенсіңдер?
Математикалық диктант.
2 100 + 23 = 2 123
1 000 000 + 23 = 1 000 023
3 690 + 23 = 3 713
23-біздің сынып оқушыларының саны.
Ой шақыру.
… оттан да ыстық. (Отан)
….. түні де ыстық, күні де ыстық. (Туған жердің)
- Ал енді мен сендерге бір өлең оқимын қай қала туралы айтып жатқанымды табасыңдар.
Төрт жолдың торабына түскен қала,
Шөліркеп Шыңғыс хан су ішкен қала.
Ескендір Зұлқарнайын түнеп өткен,
Қазыбек, Әйтекелер тілек еткен.
Қойныңда сан ғасырлық тарихың бар,
Біреу күліп, біреулер жылап өткен.
Шәр-Шахар …… (Шардарасың, Шардарасың)
Жанына серік еткен сары даласын.
- Ия, дұрыс таптыңдар мен өлеңде оқыған қала – Шардара.
- Сендер Астана, Алматы қалалары жайында көптеген мәліметтер білесіңдер. Ал, туылып, кіндік қаның тамып, өскен жерің туралы не білесіңдер.
Оқушылар жауабы тыңдалады.
- Егер білгілерің келсе мен сендерге әр есепті шығарған сайын көптеген қызықты мәліметтерді айтып берем.
- Ал іске сәт!
1 есеп:
1 400 + 3 = 1 403 125 + 5 = 130
4 000 + 30 = 4 030 1 250 + 50 = 1 300
12 000 + 300 = 12 300 12 500 + 500 = 13 000
60 200 + 3 000 = 63 200 125 000 + 5 000 = 130 000
120 000 + 30 000 = 150 000 1 250 000 + 50 000 = 1 300 000
155 555 – 5 = 155 550
155 555 – 50 = 155 505
155 555 – 500 = 155 055
155 555 – 5000 = 150 555
155 555 – 50 000 = 105 555
«Шар дара» деп парсыдан сөз тартасың,
Төрт тарапқа қаратып өз қақпасын.
Арыстанбаб бабама тәу етіп ап,
Кіші Мекке Түркістан жол тартасың.
Шығысында Ташкент шаһары дүр,
Түстігінде Самарқан шаһары тұр.
Қызылқұм мен Жаушықұм ен жайлаған,
Ақша хан мен Жалаңтөс Баһадүрім.
Ат шаптырып алатын құт мекені,
Шардарадай шырайлы шаһар бүгін.
2-есеп.
а) Сандарды өсу ретімен оқы.
410; 7 890 120; 74 000 586; 400 200 650; 450 124 789; 580 029 123;
1958; 1968 — деген сандарды тақтаға іліп, оқушыларға сұрақ қоямын.
- Бұл сандардың сырын білгілерің келе ме?
- 1958 жылдан энергетиктер поселкесі болып келген Шардара
1968 жылы қала мәртебесін иеленді.
ә) Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
120 527 = 100 000 + 20 000 + 500 + 20 + 7
99 456 100 = 90 000 000 + 9 000 000 + 400 000 + 50 000 + 6 000 + 100
478 005 = 400 000 + 70 000 + 8 000 + 5
7 256 029 = 7 000 000 + 200 000 + 50 000 + 6 000 + 20 + 9
4 650 004 = 4 000 000 + 600 000 + 50 000 + 4
569 000 789 = 500 000 000 + 60 000 000 + 9 000 000 + 700 + 80 + 9
456 302 = 400 000 + 50 000 + 6 000 + 300 + 2
45 007 050 = 40 000 000 + 5 000 000 + 7 000 + 50
Шардара қаласындағы тұрғындар саны 32 560 адам. Ұлттық құрамының 94,6 пайызы қазақтар.
3-есеп. Есептерді шығар:
а) Ш: 36 х 4 = 144; 240 – 144 = 96; 96 : 12 = 8; 4 + 8 = 12;
Ж: 12 көлікпен жеткізді.
ә) Демалыс орнына шағын автобустармен неше бала келді?
240 – 36 х 4 = 96
Ж: 96 бала келді.
б) Мектеп кітапханасына барлығы қанша кітап әкелінді?
Ш: 15 х 6 + 14 х 8 = 202 кітап.
Жер көлемі 2 1242 км.
Қала аумағында 11 мектеп бар.
Шардара СЭС-і мен су қоймасының құрылысы 1958 жылдың жаз айларында басталып 1967 жылдың 10-қазаны күні пайдалануға берілді.
4-есеп. Есепті шығар.
Көлемі: 4м х 2м х 3м = 24м 3
Еденнің ауданы: S = 4м х 2м = 8 м 2
3м х 2м = 6м2 3м х 4м = 12м 2
6м2 х 2 = 12м2 х 2 = 36м2
Шардара су қоймасының ең ұзын жері – 100 км, енінің ең кең жері – 25 км, қысқа жері – 5,6 км, ең терең жері – 22 м, орташа тереңдігі – 6,3 м.
(100 км, 25 км, 22 м сандарды өрнектеу)
Сергіту сәті.
Табиғат тамашаларынан сыр шертейік.
- 1т мақтадан 3 400 м мата тоқылады, 94 кг май, 135кг мамық алынады.
- Көне жазбалардың көрсетуінше пияздың пайда болғанына 40 ғасырдан астам уақыт болған. Жер бетінде 500 түрі бар.
- Егер сынып оқушылары 1т ескі қағаз қалдығын жинап, мемлекетке тапсырса, онда ормандағы 42 метр ағаш кесілмей сақталады.
5-есеп.
А | 16см | 9дм | 5м | 8мм | 20см | 12дм |
В | 3см | 7дм | 4м | 4мм | 4см | 4дм |
Н | 2см | 10дм | 4м | 3мм | 4см | 3дм |
V | 96см3 | 630дм3 | 80м3 | 96мм3 | 320см3 | 144дм3 |
А – ұзындығы Н – биіктігі
В – ені V – көлемі.
90 мың гектар жерді су басып жатыр, сыйымдылығы – 5,7 млрд текше метр. 1977 жылы су қоймасының сыйымдылығын өлшеп, 500 млн текше метрін лай басқан деп шешті.
6-есеп.
а) 980 450 – 900 000 – 40 = 80 050
320 000 + 7 000 + 600 + 30 = 327 630
505 000 + 60 000 + 90 = 565 090
456 321 – 20 – 50 000 – 1 = 406 300
ә) 100 000+ 60 000 + 2 000 = 162 000
7 000 + 40 000 + 200 +40 = 47 240
650 650 – 50 000 – 50 = 600 600
888 888 – 800 – 80 000 – 8 = 808 080
б) 458 600 458 – 50 – 400 – 8 = 458 600 000
78 000 000 + 41 000 + 600 + 6 = 78 041 606
320 + 7 000 + 40 000 + 9 = 47 329
780 239 – 80 000 – 200 – 30 – 9 = 700 000
Қазір Шардара су қоймасының сыйымдылығы 5,2 млрд текше метр. Бұл Сырдария өзенінің бассейні бойынша Тоқтағұл су қоймасынан кейінгі екінші су қойма.
Логикалық есеп.
Бір бай кісі атына мақта артып, ал есегіне тұз артып мына Шардараның суынан өткен соң, байдың аты мақтаны көтере алмай жатып қалыпты да, есегі жүгіріп кетіпті. Себебі неде?
- Сабақты қорыту:
- Балалар, сабақ ұнады ма?
Оңтүстіктің ажары,
Қыдырдың түскен назары.
Шардарам менің, шарықта,
Бақыттың мәңгі базары.
Бал татыған бұлағы,
Ән салып самал құрағы.
Шардарам менің шарықта,
Ұлылардың тұрағы.
- Үйге тапсырма беру.
№6 есеп. (ә)
- VI. Бағалау. (жетондар арқылы)
Мадақтау.