«Төсек»

Күні,айы, жылы:27.09.2018ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет

Тақрыбы: «Төсек»

Мақсаты:

 Білімділік: Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін  сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету.

Дамытушылық: Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту;

Тәрбиелік: Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.

Қызмет  кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың  қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар топқа кіріп  жарты шеңбңр құрайды. Тәрбиеші балалар назарын қонақтарға аударады.-         Балалар, іс -әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің –біріміз жылуымызды сезінейік.

Армысың  көк  аспан,

Армысың жан  досым.

Жылуыма жылу  қос,

Міне , менің  қолым

 

Балалар бір-біріне  қолдарын беріп жылуларын сезінеді.

 

Ұйымдастырушы ізденуші  мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—   Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді.Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—  Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

 

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Тәрбиеші балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

—         Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—         Жиһазды қалай күту керек?

4. Ойын «Суретті жинап ал!

 

 

 

 

.

Аю

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы Сұрақтар қойылады Сұрақтарға жауап береді

 

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Ойыншықтарды,
Нені игерді: Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Нені меңгерді: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды