Білім саласындағы заманауи жетістіктер

Іле ауданы, Өтеген батыр кенті,

№13 М.Мақатаев атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі  Баязитова Шынар

Ержанқұлқызы

 

Білім саласындағы заманауи жетістіктер

Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.

                                                                                           Питер Клайн.

Бұл  ғасыр — білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін, Қазақстанды әлемге танитындай бәсекеге қабілетті  ел болу үшін жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, біздің мақсатымыз ертеңін ойлайтын адам тәрбиелеу болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Сондықтан біздің алдымызда үлкен жауапкершілік тұр.

Білім-ғылым саласындағы қауымдастық қазіргі  білім мен ғылымның дамуына елеулі өзгерістер әкелуде.

Қазіргі кезде білім беру  саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай биылғы жылдың наурыз айында  басталған  ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі Кембридж Университетінің тәсілі  бойынша Бағдарламаны меңгердім.

Аталған бағдарламадан  күтілетін нәтиже оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде өзін еркін ұстайтын дәлелдерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы  қалыптасуына ықпал ету.

Курстың құрылымы: 

I ай —  «бетпе-бет» кезеңі (Бағдарламаның жеті модулі шеңберінде оқыту мен оқу туралы ғылыми және тәжірибелік білімдермен танысу. Талқылау. Оқыту және оқу үдерісінде оқыту, жоспарлау және зерттеу жүргізуге арналған тәжірибелік ұсыныстар)

II ай – қашықтықтан оқыту (Оқу және оқыту үдерісінде зерттеу жүргізу. Алынған білімдерін оқу сыныбы (мектеп) жағдайында практикада іске асыру),

III ай – «бетпе-бет» кезеңі.( Екінші кезеңде орындалған тапсырмаларға сәйкес, курстың бірінші кезеңінде алынған білімді тереңдету. Ойлану және тәжірибені бағалау) .  Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы — мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Практика барысында осы жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгерттім. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізуге тырыстым. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің  маңызы ерекше екендігіне көзім жетті. Олай  дейтінім бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзім үшін жаздым, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамын. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардым:

*мен  үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,

*сабақтың негізгі идеясын анықтау,

*оқушыдан күтілетін нәтиже,

*сабақтың маңыздылығы.

*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

*-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін?

*Өздері өздерін бағалай алама?

Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек болды. Бастапқы кезде өте қиын болды. Жоспар құрған кезде ең түйінді мәселені табуда қиналдым. Сыныпқа келгеннен кейін оқушыларды топқа бөлдім. Қызығушылықтарын ояту мәселесін ойластырып отырдым: сурет пен  ұлы адамдардың сөздерін пайдаланып жаңа сабаққа кірдім. Егер оқушының қызығушылығы оянса, онда ол сабаққа белсенді қатысады. Осы кезеңде АКТ ны пайдалануды жөн көрдім. Оның тиімділігі: әрі көлемді, әрі қызықты болып көрінеді. Тапсырмалардың бәрін айтпай-ақ тақтаға жазып қойса, уақыт үнемдеуге көмектеседі және мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік береді. Мағынаны тану барысында мәтінмен жұмыс жасағанда СТО жобасының стратегияларын пайдаланған өте тиімді. Бұрын тапсырманы жалпы сыныпқа берсем, енді қазір мәтінді топтарға бөліп, бірін- бірі үйрететін, біріне -бірі ықпал жасайтын жағдай туғызамын. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды.Бұнда топ өзара   диалог жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды.  Әсіресе алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады: сурет салу, флипчартқа жобаларын түсіру жұмыстары. Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдым. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап жүрдім. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау түрлерін қолданатын болдым. Бағалауға оқушыларды да қатыстыратын болдым. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын  ескереді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға қояды. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылады да ортақ бір шешімге келеді. Оқушылар өздері біліп отырады қандай баға, не үшін алғандары.

Өз сыныбымда тәрбие сағатын жүргізу әдісін өзгерттім. Бұнда да топтық жұмысты қолдана отырып, оқушылардың бір- бірін тыңдауға, сыйлауға, жауапкершілікке тәрбиелеуді жүзеге асыратын болдым. Тақырыпқа байланысты алдын ала кейбір оқушыларға тапсырмалар беріп, қызығушылықтарын арттыру үшін  өздері  дайындаған материалдарды қолдандым. Осы жағдайда сынып спикерлері өздері басқарып өткізеді. Көп мәліметтер жинап, өте қызықты, тартымды өткізуге тырысады.

Практикаға келгеннен кейін мектеп ұстаздарымен  отырыс ұйымдастырып, курста оқып үйренгенімді хабарладым.Бағдарлама мазмұнымен таныстарып, жеті модульді өз тәжірибемде қалай  қолданатыным жайлы айттым. Қатысқан ұстаздармен топқа бөліп «Мінсіз оқушы» атты пікірталас өткіздім.

Ата-аналар жиналысын  өткізгенде өз бойымдағы болған өзгерістер , балаларың бойында болатын өзгерістер туралы айттым. Ата-аналармен топтық жұмыс ұйымдастырып, пікірталас өткіздім. Топта талқылап, флипчартқа «Мінсіз бала» жобасын        сызды. Өкінішке орай барлық ата- ана жиналысқа қатысқан жоқ. Келген ата-аналар бұл жиналыстан көп әсер алды.

Үшінші айда мұғалім портфолиосын толтырумен айналыстық. Портфолио құрамына:

Өз тәжірибеме еңгізген өзгерістер туралы рефлективті есеп, орта мерзімді жоспарлау, өткізген видеосабақтардың болжауы мен қорытынды рефлективті есебі, диалогтік оқыту жайлы ойлар кіріктірілді. Төртінші аптада тұсаукесер қорғау жұмыстары өткізілді.

Сонымен зерттеу барысында тізбектелген 4-сабақ өткіздім. Сабақ бастамас бұрын оқушылардың отыру орындарын өзгерттім.

Осы күнге дейінгі оқушыларды отырғызу орындарының жоспарын жасадым. Парталарды бес топқа бөліп орналастыруым оң нәтиже берді.

1-«Отан      

2-Астана

3-«Алматы

4-Қазақ даласынан шыққан ұлы ғұламалар

Енді осы тізбектелген сабақтарыма не өзгеріс ендірдім?

  Ең бірінші сыныптың ахуалын қалыптастыру.Оның дәлелі мысалы, мектеп практикасында өткізген 1-ші сабақтың тақырыбы «Отан». Сабақ барысында әр тапсырма мұқият зерделеуден өтті. Сабақтағы алғашқы әрекет сыныптың психологиялық ахуалын  қалыптастыру мақсатында бір-біріне жақсы тілектер айтумен басталды.Оқушылар интербелсенді тақтадағы өлең жолдарын дауыстап оқыды.

Мысалы,оқушылар «Сабақта жақсы баға ал!»,«Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!»деген сияқты тілектер айтты.Осындай жақсы тілектер айта отырып,оқушылардың бір-біріне жекелеген сыйласымдығы артты, көңіл күйлері көтерілді.Келесі сабақтарда сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Көңіл күй» қоржынын пайдаландым,яғни смайликтер арқылы көңіл күйлерін білдіріп жатты.Бұл жерде оқушылардың өздерін еркін сезінуі,ойларын ашық айтуы, ойларын жинақтауы байқалды.

Екінші өзгеріс топтық жұмыс. Сабақтарда  оқушыларды әр түрлі тәсілдермен топтарға бөлдім мысалы, алманың, қиярдың, сәбіздің суреттері,түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінді. Әр топқа карточкада жазылған сұрақтар берілді. Берілген  сұрақтарға дұрыс түрткі болуға бағыттадым.

Топтық жұмыста оқушылар тапсырманы тереңірек ойластыра отырып орындап шықты.  Тапсырманы орындауда оқушылар  білімдерін шыңдай түсті. Асылбек, Айдос өзінің жазуында «          — Маған сабақ  топпен жұмыс жасауда ұнады, мен бұл сабақтан басқа біреуге тең қарау екенін түсіндім, барлық балалар сабаққа қатысып отырды»- деп жазыпты. Бірінші сабақ болғанына қарамастан, сабақ қызықты өтті. Барлық оқушылар топтық жұмысқа тартылды. Оқушылар тапсырма орындау барысында жұптық, топтық жұмыс жүргізді.Яғни,оқушылардың өз ойын ортаға салып, пікірін дәлелдермен көрсеткені байқалды.

      Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету. «Астана» тақырыбына шағын эссе жазу тапсырылды. Бұл жерде оқушылар сөйлеу арқылы өз ойларын жүйелі жеткізе білуге машықтанып,сөздік қоры молайды. Әр топтан 1 оқушыдан шығып ыстық орындыққа отырып эссені оқыды. Осы тапсырмада зерттеуге алынған үлгерімі төмен оқушы Болатбек Әлім өзінің эссесін оқыған кезде сыныптағы оқушылардың барлығы ыждахатпен тыңдап отырып қалды. Жандос өз ойынан осы тақырыпқа байланысты өлең шығарды.Өйткені бұрын Жандос сабақтарға қатыспай отыратын.Мысалы,өз ойынан өлең шығара алатын болды.

    Оқыту үшін бағалау сабағыма оң өзгеріс алып келді.Мысалы: Айдана мен Қарлығаштың диалогынан үзінді келтірсем.

— Сәлеметсің бе,Айдана. Мен Қазақстан телеарнасынан келген тілшімін.Саған қояр біраз сұрағым бар.Саған бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса несімен ұнады?

Ия, маған бүгінгі сабақ өте ұнады. Бұл сабақта қызықты тапсырмалар орындадық, сөзжұмбақ шештік.

— Қай тапсырманы орындау сен үшін қызықты болды?

— Маған бәрінен бұрын эссе жазу, топқа берілген тапсырмалардың қызықтылығы және оны топтардың  белсенді орындауы.Атап айтар болсам,біздің топ аса шеберлікпен,бар ынтамен қатысып отырдық-деп өз беттерінше диалог құра бастады.

Сабақты қорытындылауда өзара бағалау орын алды. Бұл жерде оқушылардың бұрын-соңды мұндай тапсырма орындамағандықтан, олардың қызығушылығы, ынтасы артып, тақырыптан бөлек сұрақтар қойып, оларға топпен бірлесе жауап беріп отырды. Менің тәжірибемде бағалау үдерісі маңызды орын алды. Оқушылар орындалған тапсырмадан кейін бірін-бірі бағалауды үйреніп, өзінің қол жеткізген жетістігі мен жіберген қателіктерін көре алды. Бірін-бірі әділ бағалауға тырысқан оқушылар осал тұстарын түсініп, келесі жұмыс барысында қателіктерге түзетуге үйренді. Ынталандыру арқылы және  бағалау  парақтары арқылы оқушылардың бірін-бірі бағалауына үлкен көмегін тигізді

Акт-ны қолдануда интербелсенді тақта арқылы жұптық жұмыс жүргізілді.

Оқушылар интербелсенді тақта арқылы «Ойлан тап» ойыны арқылы әр сөйлемді, керекті сөздерді тауып жазды.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың өзіндік пікірін ,көзқарасын білдіру сол сияқты шығармашылық қабілеттерінің дамуы айқын көрініс тапты.Сабақтың нәтижелі болуының бірден-бір себебі АКТ-ның қолданылуы. Әр сабақта АКТ-ны пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабаққа деген белсенділіктерін күшейтті. Оқушылардың визуалды есте сақтауын және жан-жақты дамуын қамтамасыз етті.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жүргізу барысында оқушылардың «Кім тез табады?» ойыны ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл ойында оқушылар топ ішінде қызығып, шулап ақылдасып  отырды. Әр топ өздері бір-бірлеріне сан есімге байланысты жұмбақтар жасырды да сұрақ қойып, қай сөзбен байланысып тұрғанын дәлелдеді. Бұл тапсырмада да оқушылар белсенділік танытты. Әсіресе Ақнұр, Аят, Әдемі сияқты дарынды оқушылар өз ойларынан жұмбақтар құрастырды. Дарынды оқушылар анықталды.

Тәжірибе кезінде өткізген сабақтар топтамасы бойынша оқушылардың өзгерісі жайлы айтсам, олардың бір-біріне деген көзқарастары өзгеріп, достық қарым-қатынас қалыптасты. Оқушылар  бұл сабақтарда сыни тұрғыдан ойланатын тапсырмалар орындап, ой-өрістері арта түсті. Сондай-ақ сабақ үстінде олар бір-бірімен диалогқа түсіп, сөйлеу мәнері қалыптаса бастады.Интербелсенді тақтамен жұмыс жасауды да үйреніп, белсенділіктері артты.Сабақта бағалауда оқушылар өзін де өзгені де бағалауды үйренді.Тапсырмалар орындауда дарынды оқушылар анықталып, оларға жеке тапсырмалар беріп, күнделікті қадағалап жүрдім. Сондай-ақ өзімнің өзгерісім туралы айтар болсам  көшбасшылық қабілетім ашыла бастады. Осылай жалғаса берсе сапалы білім, саналы тәрбие дұрыс жолға қойылады деген оймен үшінші кезеңге портфолиоларымды жинақтап, тәжірибе кезіндегі жеткен жетістігімді дәлелдеу үшін қайтып оралдым. Әр мұғалім оқушы бойындағы талант пен дарынды көре білуі керек. Сыныптағы талантты және дарынды оқушыларды байқап, оларды дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беруге тырыстым. Әр баланың бойында болатын дарынды аша білу мұғалімнің үлесі.

         Курс аяқталған кезде маусымның 16 күні Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы курстарының тыңдаушыларына арналған біліктілік емтихан өткізілді. Емтихан сұрақтары теориялық білімге және логикалық ойлауға негізделген болды.

Мұғалімдердің портфолиосы мен тапсырған емтихан қорытынды бойынша жалпы бір шешім шығарылып, сертификат алушылар тізімі жарияланды.

Сөзімді қорытындылай келгенде, мен осы курста оқығаныма қуаныштымын. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік. Өзімнің бойымда өзгерістер пайда болды: сабақта көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере алатын жағдай туғызуға тырысамын. Мұғалім тек қана бағдар беруші. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Алдағы уақытта осы бағытпен жұмысымды жалғастырамын. Бізден кейін оқитын ұстаздарға сәттілік тілеймін.