«Менің жанұям»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы: 04.10.2018ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақрыбы: «Менің жанұям»
Мақсаты:
Білімділік:
Дамытушылық: бір қатарда орналасқан заттарды санай білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Бір біріне деген сыйластыққа, адамгершіліккке тәрбие Білімділік:Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы білімін жетілдіру.
Дамытушылық:Сөйлем құрап айтуға, дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушылық | Кәне-кәне, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. — Балалар біз неге ұқсадық? Арайлап таң атты, |
Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды. |
Ұйымдастырушы ізденуші | — Балалар қазір жылдың қай мезгілі? — Қазір қай ай? — Аптаның қай күні? — Балалар, қараңдаршы, бүгін бізге Қуыршақ Айсана қонаққа келді. Ол өзімен бірге отбасының суретін ала келіпті. Ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берулеріңді өтініп отыр. — Айсанаға көмектесеміз бе? — Бұл суретті қалай атаймыз? Неліктен? — Айсананың отбасы қандай екен? Тату-тәтті. Отбасындағы әр адам өз ісімен айналысып жатыр. Сөздік жұмыс: отбасы, тату, мейірім Сергіту сәті: Саусақ жаттығуы: Бір үйде біз нешеуміз? — Балалар мен сендерге отбасыларың мен түскен фотоларыңды алып келіңдер деген болатынмын. Ендеше отбасыларына кезек берейік. Ал енді балалар өз отбасылық суретімізді бояық. Дидактикалық ойын: «Қай зат кімдікі?» Ойын шарты: мұнда балалар әжесіне, атасына,анасына, әкесіне, ағасына, апасына тиісті заттарды атауы керек) |
-Күз
— қазан — -Бейсенбі
Балалар келісімдерін береді. отбасы Балалар назарларын суретке аударады. .
Қайталайды: отбасы, тату, мейірім
Мәтінге сәйкес қимылмен орындайды.
Дайын отбасы үлгісіне балалар карандашпен , оң қолдарына алып, таңдаған түстерімен бояды
Балалар ойынға қызыға қатысады |
Рефлексивті коррекциялаушы | — Бүгін бізге қонаққа кім келді?
— Кімнің отбасымен таныстық? — Айсананың отбасы қандай екен? — Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің? — Балалар мына сызба кестеге назар аударып,бірге қайталайық. Сызба кесте: Күн дегенім анам, әкем, Балаларды мадақтау. |
Қуыршақ Айсана келді.
Айсананың отбасымен таныстық. Айсананың отбасы тату, мейірімді Балалар өз ойларымен жауап береді.
Балалар сызба кестедегі суреттер бойынша айтып қайталайды. |
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Отбасы мүшелерін атай біледі.
Нені түсінеді:. Отбасы туралы біледі.
Нені меңгереді: Отбасы мүшелерінің суретін салады