М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі

Күні: 22.11.2018 ж. Мұғалімнің есімі: Бердемова Ж
Сынып  4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы :           М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Сұрақ-жауап түрінде берілген өлең  туралы мағлұмат беру.Өлеңді рөлге бөліп оқуды және өлеңге талдау жасауға үйрету.Оқушыларды топта өзгенің пікірімен санаса білуге  тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже  Сұрақ-жауап түрінде берілген өлең  туралы біледі.Өлеңді рөлге бөліп оқуды  және өлеңге талдау жасауға үйренеді.Оқушыларды топта өзгенің пікірімен санаса білетін болады.
Әдіс — тәсілдер 1.Ой қозғауТоптық жұмыс  Ана» сөзінің кілтін табу,Бес жолды өлең      3.Жұптық жұмыс  Ана туралы мақал-мәтелдер жаз 4.Жеке жұмыс    «Жыр жазамын жүрегімнен…»
Көрнекілігі Ақын портреті,смайликтер, постер, маркерлер, қанатты сөздер,
 
Жоспар     
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Мұғалімнің  іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
Басталуы Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз».

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

Сабақтың ұраны:

Бүгінгі сабақ
-Оқу,білу салауат
-Бүгінгі мақсат
-Ұғыну, ұғу ұлағат
-Бүгінгі тәрбие
-Анаға   деген махаббат

ҚБ.Мадақтау

Оқушылар

мен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәттілік тілейді, тілек айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

15  мин

Негізгі бөлім

Топқа бөлу 2 минут

«Қима қағаздар» әдісі.

Оқушылар смайликтер арқылы екі топқа бөлінеді«Мейірім»  және «Сүйіспеншілік» тобы

Түрткі сұрақ

Міржақып  кім?

Қай жерде дүниеге келген?

Қандай шығармаларын  білесіңдер?

Ой қозғау.   Бүгінгі сабағымызды жаңа «Жарық жұлдыздар» 2бөлімінің  1 сабағын бастаймыз.  Ақын туралы қысқаша түсінік беру.
«Хронологиялық кесте» әдісі

1885 ж  Міржақып Дулатұлы  Торғай  облысы, Жангелдин ауданы,Қызбел атырабында  дүниеге  келді
1897 -1902 Екі   жылдық орыс-қазақ мектебінде оқып, білім алды
1909 ж  «Оян, қазақ!» кітабы  жарақ  көрді
1910 ж  « Бақытсыз  Жамал » романы басылып  шықты
1913 -1918  « Қазақ » газетінің негізін  қалайды
1905 -1920 Алаш  қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш өкіметі, Алаш әскері қатарында 
1935 ж Ресей  өңірі, Ақтеңіз-Балтық каналындағы Сосновец лагерінде қаза болды.
1988 ж Республика  Жоғары сотының коллегиясында  ақталды.
1992 ж Торғай өңіріндегі бейітке қайта жерленді

( слайд, бейнеролик)
«Бес арысты» көрсету.
(А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов)

Қызығушылықты ояту.
 «Ол кім?» әдісі

-Отбасының ұйтқысы

-Жарық дүние тіршіліктің тірегі

-Өмір сыйлаушы

-Мейірімді жан

-Өмірдің шуағы

-Қамқор жан

Интерактивті тақтадан «Ана тіршіліктің тірегі » бейнеролик көрсетіледі.

Оқушы ойы тыңдалады.
Өлеңді  оқу, талдау.

Өлеңнің тақырыбы не?

Ақын өлең арқылы қандай ой айтпақшы болды?

Талдау- табыс кілті.     /Өлеңге  сатылай кешенді  талдау./

«Шешенің балаларын сүюі».

Авторы:    М.Дулатов

Тақырып:  Бұл өлеңнің  тақырыбы  ананың  баласына деген махаббатына   арналған

Жанр  түрі – өлең Өлең  дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз  жүйесі

Идеясы –  ананың  бар  арманы, өмірінің мәні – бала, соның  амандығы

Шумақ –  аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 4шумақ, 16тармақ

Тармақ —  өлеңнің әр шумағы

Буын саны – сөздің  құрамындағы дауысты  дыбыстардың санына байланысты. ( 11,13  буын)

Ұйқас. Өлең  тармақтарының соңғы  сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз.
Қара өлең  ұйқасы  (а,а,б,а)
Өлеңнің  негізгі  түйіні, тәрбиелік  мәні – балаға ана қадірін  ұқтыру, ананы сүюге,қамқор         болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу

«Ойлан.Бірік.Бөліс»

(жұптық,топтық жұмыстар жүргізіледі)

Ітоп   « Ана» сөзінің кілтін табу

ІІ топ    Бес жолды өлең.
Смайлик арқылы бағалау
Оқулықпен жұмыс  Сөздікпен  жұмыс

Көз жасын көлдету –қатты жылау

Сергіту сәті
Хор.Ән: «Ақ мамам»

Дәптермен жұмыс (3 мин)

Ана туралы мақал-мәтелдер жаз, жұбыңмен ойлас

«Басбармақ» арқылы бағалау(жұптық жұмыс)

Ж.«Жыр жазамын жүрегімнен…» (шығармашылық жұмыс) (жеке жұмыс)

«Мадақ сөздер» арқылы бағалау

 

өлеңмен ашады.

 

 

Топпен жұмыс жасалады

 

 

 

 

Сұрақтар қойылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақынның суреті

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Ақын туралы қысқаша түсінік алады.

 

 

 

 

 

 

 

Жұптық, жеке, топтық жұмыстар жүргізіледі.

 

Сахналық

қойылым

көрсетеді.

 

 

 

Дәптермен

жұмыс

жасайды.

Аяқталуы

10 мин

Сабақты қорыту:

Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді.Анушируан Әділ патшаның:  « Құдайдың көңілінен қалай шығуға  болады?» — деген сұрағына, дана уәзірі Бұзұрхмехр: « Анаңды қуанту арқылы », — деп жауап берген. Ендеше, « бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен » аналар аман болсын

Кері байланыс  Балалар, анамызды біздер өзіміздің жақсы қылығымызбен, жақсы сөздерімізбен қуанта аламыз. Олай болса қазір жылдың күз мезгілі болғанымен тақтада тұрған құшақ жайған ананың суретіне гүлді жылы тілек айту арқылы көңілдерін жаз етейік.

Үйге:1 )      М.Дулатов  « Шешенің  балаларын  сүюі » өлеңін  жаттау

2)    « Менің  аяулы  анам » тақырыбында шағын шығарма  жазу.

Бағалау

 

 

 

Сұрақтар қойылады

 

Кері байланыс жасалады.

 

 

 

 

 

Өз ойын ашық айтады.