«Сыңғырла, күміс қоңырау»

 

 

Маңғыстау ауданы

«Бекі бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сыңғырла, күміс қоңырау»

 

/Салтанатты жиын/

 

2018 – 2019 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекі селосы — 2018 жыл

 

 

 

 

Алғашқы қоңырау  салтанаты – 2018

 

                                       Күмбірлейді қайың, шырша, терегі

Балбұлақ та қоңырау боп кеткендей,

Бүгінгі күн — білім күні, себебі,

Күмбірле, қоңырау, күмбірле,

Шаттанып күлейік біз бірге.

Жүргізуші: Қымбатты ата- аналар, ұстаздар! Құрметті қонақтар, сүйікті шәкірттер! Білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бастысы, асыға күтетін мейрам — алғашқы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!

Добрый день дорогие учителя, гости, родители и учащиеся! Оставляя позади летние каникулы, в первый день осени мы празднуем всенародный праздник – день знаний!

Good day dear teachers, guests, parents, pupuls! Leaving behind the summer holidays, the first day of autumn we celebrate the national holiday – the day of knowledge!

Жүргізуші: Оқушылар! Түзеліп тік тұрыңдар! Егеменді Қазақстан Туына қарап, сап түзеңдер! ҚР Мемлекеттік Туы көтерілсін! ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі 4-сынып оқушысы, Жалғасбайұлы Мейіржанға тапсырылады.

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.

Жүргізуші: «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойымен Сіздерді құттықтай отырып,  «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Біздің алтын ұя мектебімізге, дарынды да, талантты шәкірттерімізге ақ тілектерін жеткізуге қадірлі, сыйлы қонақтар келіп, біздің қуанышымызды бөлісіп отыр. Сіздерді қонақтарымызбен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

  1. Аудан әкімшілігінен Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Түгелбаева   
  2. Аудандық білім бөлімінен Г.Искакова

Жүргізуші:

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп, шаттыққа толы өмірім.

Мектеп, мектеп, ән болып төгілдің,

Мектеп, мектеп, ана болып та көріндің.

Алтын ұя, алтын бесік – мектебім,

Мәңгі есімде анам болып өткенің.

Парызыңды өтедің сен білемін,

Ал, қарызым саған берер көп  менің.

 

Алғашқы мектеп табалдырығын аттағалы отырған шәкірттерді ұстазымен бірге  ортаға шақырамыз.

 1»- сынып жетекшісі, ұстазы Тузелбаева Тилектес – бастауыш сынып мұғалімі

 

     1 — сынып оқушылары:

 

  1. Әділтайқызы Ақмоншақ
  2. Өтес Аягөз
  3. Мереке Айару
  4. Құсайын Бақтияр
  5. Жексенғали Ерасыл
  6. Пауасылұлы Тілекқабыл
  7. Бақтығали Аққожа
  8. Өтепберген Ақбілек
  9. Аманғали Зере
  10. Қыстаубай Айдын
  11. Үсембай Керей
  12. Бөкен Фатима

 

 

 

Абзал жан, биік тұлға байсалды,

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгінгі салтанатты шақта бір

Құттықтайды лицей  басшысы баршаңды, – дей келе, алғашқы құттықтау сөз мектеп меңгерушісі Бердібеков Шабай Сырымұлына беріледі.

 

Жүргізуші:     Ардақты  асыл мекен мектебіме,

Аяулы асыл жандар көп келеді.

Құрметпен қонақтарға сөз берейік,

Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді.

 

Құттықтау сөз кезегі құрметті қонақтарға береміз:

  1. Аудан әкімшілігінен Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Түгелбаева
  2. Аудандық білім бөлімінен Аудандық білім үйлестіру орталығының әдіскері Г.Искакова

 

Күмбірлей күй есілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім  қондырар ән

Шымырлап шыққан кезде  шырқау көкке

Елітіп тұла бойды балбыратқан

 

Музыкалық сәлем:   ??????????

 

Ана десе қандай жан тебіренбес,

Ана десе қай жүрек еміренбес.

Адамзаттың өзгермес  қабырғасы,

«Ана — өмір көзі» деу тегін емес.

 

Өмір көші анамен ұласады,

Өмір — көктем анамен гүл ашады.

Аналардың мәңгілік махаббаты

Ғаламшардың сәулетті, болашағы.

 

Ана — әлем, ана – жыр, ана – көктем

Дүниеге тіршілік нәрін сепкен.

Сұлулық пен  ұлылық құдіреті,

Адамзат өміріне нұр ғып төккен.

 

Келесі сөз ата – аналарға береміз:

  1. 1 сынып ата- анасы — __       ____
  2. 4 сынып ата- анасы — ___ _____

 

Ақберді:

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

 

Назым:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

 

 

 

 

 

Құттықтау.  Мектебіміздің биылғы 1-сынып оқушыларына  беріледі.

Жаттаулар: _________________________________________________________________________

 

Аягөз:

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой — санама еккенің.

Ақмоншақ:

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем

Бақтияр:
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Ерасыл:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Керей:

Өсті міне бойымыз,

Өсті міне ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Аққожа:

Алдыңа келіп, ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейіріңді сезіндім.

Фатима:

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.

Ақбілек:

Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.

Айару:

Бірінші қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.

Зере:

Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

Тілектес апайға кім жетер

Тілекқабыл:

Оқитын әрі жазатын.

Оқушы болдым мен бүгін

Білімнің кілтін ашатын

 

Музыкалық сәлем:  Мұғалім ол біздің

Ақтоты:

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Әсел:

Бүгін 1 қыркүйек білімнің күні

Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.

Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ

Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап

Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына

Шығайық біз бірге білімнің шыңына

 

Жүргізуші:  Қағылды зор қоңырау, күмбірледі,
Аралап айлық жерді, күндік жерді.
Ілесіп сол қоңырау үніменен,
Қазақтың даласына білім келді.

     Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 4-сынып оқушысы,_____________ мен мектеп табалдырығын алғаш атталағалы отырған 1-сынып оқушысы  ———————— тапсырылады.

 

Хор: Қоңырау

 

Жүргізуші:     Аялар бейбіт күн нұры,

                       Мектебім, бізге жөргексің.

                       Алғашқы қоңырау сыңғыры

                      Ән болып сені тербетсін.

                      Сыңғырла,қоңырау, сыңғыр қақ,

                      Жаңа оқу жылы ашқасын.

                      Бал үнің сенің сырлы ырғақ,

                      Сыныпқа бізді бастасын.

 

Құрметті оқушылар, баршаңызды Білім күніне арналған  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын: 1 – қыркүйек білім күні «Білім сабағын» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты алғашқы сабаққа шақырамыз!!!

 

 

Білім күні мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды  жабық деп жариялаймыз.

Әнұран орындалады

Қош, сау болыңыздар!