«Қош,білім баспалдағы бастауышым!»  

Тақырыбы:«Қош,білім баспалдағы бастауышым!»           

Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Түрі:әдеби-музыкалық бағдарлама
Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж,слайдтар,шарлар
Кіріспе сөз.
Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол,баспалдағы бастауышым» атты мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Бесіктегі баланың,
Күлгенін көрген — бір мұрат.
Алдына түсіп ананың,
Жүргенін көрген – бір мұрат – дегендей бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбы ортамызда.
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады.

Слайд.

Мұғалім сөзі:
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2011 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік.
(Экранға назар аударыңыздар)
Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерім шыңдай түсуде. Көптеген облыстық, қалалық, мектепішілік олимпиадаларға қатысып үлкен жетістіктерге жетудде. Атап айтсақ:

  1. Сурет байқауы «Күз мереке-күз береке» I орын Нұранов Диас        
  2. Ақтөбе-Дарын «Ақ бота-2013»ойын байқауы Турегалиев С. II дәрежелі диплом
  3. Ақтөбе-Дарын  «Ақ бота-2013»ойын байқауы Разахова А. I дәрежелі диплом
  4. Сурет байқауы «Күзгі өнімдерден бұйымдар» II орын Бекбулатова Айдана

  және тағы басқа оқушыларда мектепішілік  жұмыстарға белсене араласып өздерін жақсы белсенді жағынан көрсетуде.

Вальс «Мектеп вальсі»
Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына , ата-аналарына өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық.
Ануарбек
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.
Жасмин
Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Ануарбек
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби –еркелер.
Жасмин
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым
Мектебіме орналады бұл әнім.

Хор:   «Аяулы мектебім»
Ануарбек: Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Дильназ:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4-жыл бойы ата анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Гүлназ: Қарағым оқу оқы, босқа жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кідірмеші аялдама, алға ұмтыл
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме
«Қармаған қарап қалмас!» деген рас,
Тоқтамай істей белсең батып терге,
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге…


Мектебім , алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Мектеп үйім, ұстазым менің ата –анам,
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Сағынтай
Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

Жасмин
Иә, балалар , осы мектебімізге арнап жыр-жырлауың, енді би-билей білетін оқушыларымызда бар екен.
Ендеше:
Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Ұл-қыздарымыз бар біздің
Кокожамбо биін билейтін – «Кокожамбо» биі. 

Ануарбек

Я,бұл дәрежеге жеткізетін әрине мектеп.Мектеп-ол киелі орда.Ал сол орданың мәртебесін асқақтатып,жақсылығын асырып,жамандығын жасыратын-мектеп басшысы,оның көмекшілері.Осы мектеп басшылары туралы ойларыңмен бөліссеңіздер.2011 жылы 1 қыркүйекте біз осы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің табалдырығын аттаған едік.Сонда бізді алғашқы құттықтаған мектебіміздің басшысы еді.

Наш милый директор надежный помощник

Мы любим вас за строгость и доброту

За знанья за юмор и за терпение

И за человеческую доброту

Жасмин

Мектеп директорын құсқа теңесек ,оның оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарлары сол құстың қос қанаты.Құс қанатымен ғана мықты,сондықтан оң қанаттағы Дина Базарбайқызы,сол қанаттағы Гүлзия Төлемісқызы мен Индира Б қызына айтар алғысымыз шексіз.

Ұлжан

Дина апай мектепте орны бөлек

Сүйеді шәкірттердің бәрі ерек

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай

Жел жағымда тұратын сен бәйтерек.

Нұржігіт

Майда тілмен жабысатын

Баршамен тіл табысатын

Әр жүрекке жол табатын

Индира апай нағыз ұстаз

Деп айтамыз еш қымсынбай.

Айнұр

Талай бала білімімен

Бұл мектепті паш еткен

Гүлзия апай күні-түні
Сол үшін көп тер төккен.

Хор     «Ұстазым»

Жасмин-Енді осы мектеп басшылары осы класс туралы не айтар екен,сөз өздеріңізде.
Ануарбек-«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан , бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Динара Е

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Диас

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Дильнара

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Айдана Р

Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Әділет

Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.

Аяжан Д

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті  .

Қоссаңдар бірді екіге  үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еі бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Гоззал

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты

Ұстаттың ұстаз ,қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің білімменен күш толады

Алғырбол,әдепті бол,сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Аяжан Т

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

Ануарбек

Әлі есімде отырғаным партада,

Таңданып кеп үңілгенім тақтаға.

Жайдары,ашық Нұргүл апайдың сондағы

Түзу отыр деп қаққаны арқаға

-Олай болса келесі сөз кезегін алғашқы ұстазымыз Нұргүл апайға сөз береміз.

Хор:   «Ұстазым»

Жасмин- Біздің класымыздың жігіттерінің биін қарсы алыңыздар

Жасмин

Жан-жақты танытқан бастауыш кластарда білім берген пән мұғалімдеріне де мың алғыс ! Бізге 4 жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген, санамызға құйған әр пән ұстаздарымыз да бар. Осы ұстаздарға неге алғыс айтпасқа.

Спандияр- Орыс тілі пәнінің мұғалімдеріне:

«Үш тұғырлы тіл»-біздің ұранымыз,

Назым апайдан көп сұрарымыз.

Орыс тілі мемлекеттік тілден кейін

Керек болар тіліміз, құмарымыз.

Бүгінде тілді білсек қор болмаймыз.

Шүлдірлеп тұрсақ егер зор болмаймыз.

Тілейміз Марат ағайға

Болашаққа сілтейтін жол болғайсыз.

Жасмин

Келесі кезекте осы біздің екі жыл бойы оқыған орыс тілі пәнінен үйренгенімізді тамашалаңыздар.

Хор     «Учат в школе»

Нұрлы- Музыка пәнінің мұғалімі Ағила апайға:

Өмірдің мағынасы ән менен күй,

Одан артық болмайды ешқандай сый,

Бір кезде

«Әнді сүйсең менше сүй» деп Абай айтқан,

Бүгінде Ағила апайдай сүй.

Ағила апай саналады жеке дара,

Мектепте оңсыз өтпес ешбір шара.

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала.

Нұрболат ағай,Мақсат ағай

Ағайлар қолдан намыс бермеңіз

Жарыстардан ұпай алмай келмеңіз

Мектебімнің даңқы әлемге жайылып

Шарықтаңыз биік шыңға өрлеңіз.

Ануарбек

Ештеңе білмей келген тентек балаға әріп танытып,қолын икемге келтіріп,жаздырып,санауды үйретіп шығару үшін бастауыш класс мұғалімдері қанша тер төгеді.Олардың өлшеусіз еңбегі үшін сіздерге бас иеміз !

Жасмин:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-аналарымыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көп болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

                       :
Дүниеге әкелген,
Олда сенің анашың.
Ақ сүт беріп өсірген,
Ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген,
Ол да сенің анашың.

                   :
Нұржігіт бізде өнерлі,
Әнді жақсы көреді.
Сіздерге қазір «Аяулы анашым»
Әнін айтып береді.

                    :

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.

АнуарбекӘкелерімізге арнап класымыздың қыздары би билеп береді,қарсы алыңыздар

Жасмин Төрт жыл бойы ұстаздық көмекшілері ата-аналар екені сөзсіз.Ендігі сөз кезегі өздеріңізде.

Жасмин:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып ұстазымызға сөз береміз.
Ұстаз сөзі. Тақпақ Слайд әр балаға.
Оқушылардың фотосуретін тарату .
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Марапаттау рәсімі: Алғыс хат.
Хор:Өтті сенде қызық шағым

 Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне

Қимастықпен қол бұлғаймын.