«География әлеміне саяхат»- (интелектуалды ойыны).

Сыныптан тыс шара.

Тақырыбы: «География әлеміне саяхат»- (интелектуалды ойыны).

Ойынның мақсаты:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру.Шапшаңдыққа,ойлауға,тапқырлық қабілеттерін дамыту. Ұжымдыққа,ұқыптылыққа,ойын айта білуге үйрету.

Білімділігі:Оқушылардың география пәні жөнінде білімдерін,танымын қалыптастыру.

Тәрбиелілігі:Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға,ұйымшылдыққа,өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:Білімге құштарлығын логикалық ойлау қабілетін,сөйлеу қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:интерактивтік тақта,слайд,дүние жүзінің физикалық картасы,дүние жүзінің саяси картасы,атлас карта,карточка және т.б.

Ойынның жүру барысы:

І.Кіріспе бөлім:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Армысыздар,қадірменді ұстаздар оқушылар!7-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «География әлеміне саяхат»атты интелектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!

Жер-ана,адамдарды көмекке шақырады,

Ей, замандас!Ең алдымен досыңды ұқ.

Досың-жер,су,ауа,өсімдік.

Ала жүріп осылардың сыйлығын.

Осыларды қорлау деген не сұмдық,

Жер ешкімге жазбайды деп арыз да

Барын сарқып ала беру парыз ба?

Жоқ,замандас, әр ұрпаққа туған жер,

Не берсе де,беретіні –қарызға-деп Хамит Ерғалиев ағамыз жырлаған.«География әлеміне саяхат» атты интелектуалды ойынымызды бастаймын. Осы ортаға география пәні бойынша өткелі отырған «География әлеміне саяхат» атты  интелектуалды ойынына қатысатын 7-сынып оқушыларын шақырамын.

Сайысымызды бастамас бұрын,оқушыларымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1.                                         3.

Екі топқа бөлінген оқушылар білім жарысына түседі.Сайысымыз бірнеше бөлімнен тұрады.Сайыстың шартымен таныстырып өтейін.

ІІ Негізгі бөлім.

І-кезең.Өзін-өзі таныстыру.(Топ жетекшілері топтың атымен мүшелерімен таныстырады).Әрбір топқа 5-5 ұпайдан беріледі.

ІІ-кезең.Зымыран ойыны.Әрбір топқа 20 сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпайдан беріледі.Жауап тез-тез берілу керек.

ІІІ-кезең.Құпия сандық. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын,сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде қазақша,орысша айтуларың керек.Әр топ кезекпен кезек жауап береді.Әрбір жұмбақтың шешімін дұрыс тауып орысшасын айтса 3-ұпайдан беріледі.

ІV-кезең.Тапқырлар сайысы.Картамен жұмыс.Билет арқылы жауап береді, картадан обьектілерді көрсетеді. Егерде берілген географиялық обьектілерді картадан дұрыс таба білсе әрбір топқа 5 ұпайдан беріледі.

V-кезең.Сергіту сәті.Бұл сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып,мен берген тапсырманы өз тобына қимылмен түсіндіру қажет. Әрбір дұрыс нақты жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

VІ-кезең.Ғажайып алаң.Ендігі сайыс Ғажайып алаң.Мұнда оқушылар кезектесіп ұяшық таңдайды,олар нешінші 10,20,30,40,50 ұяшықты таңдаса сонша ұпай беріледі және де осы ұяшықтардың ішінде бір тосын  сый бар, ол кімге түссе сол өз өнерін көрсетеді.Астаналары, мұхиттар,терминдер.

VІІ-Көрермендер көз айымы-деп аталады.Бұнда сайысқа қатысып отырған 2-топтың жанкүйерлеріне Ең,ең,ең… сұрақтары  қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады.

VІІІ-кезең.Кім жылдам?Бұл сайыста топтың басшылары арасында сұрақ-жауап алынады.Дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады.

9-кезең.Қорытындылау,марапаттау.

І-кезең.Өзін-өзі таныстыру.

Сәлем сөздің атасы демекші алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастаймыз.

Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен екі топ кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін!

(Екі топтың жетекшілері топтың атымен мүшелерімен таныстырып өтсін).Әрбір топқа 5-5 ұпайдан беріледі.

Ал,балалар,сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Білімді бір тексеріп көрейік біз

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар!-деп сайысымыздың келесі Зымыран ойыны кезеңін бастаймын. Әрбір топқа ортақ 20 сұрақ беріледі,әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпайдан беріледі.Алдарыңдағы жалаушаларды көтеру арқылы жауап бересіңдер.Жауап тез-тез берілу керек.

1.Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк. Еуразия.

2.Ф.Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? 1519-1522жылы.

3.Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі.Түбек.

4.Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер? Үндістер.

5.Антарктиданы ашқан саяхатшылар. Ф.Беллинсгаузен,М.Лазарев.

6.Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем. Азимут.

7.Евразияның оңтүстік шеткі нүктесі  Пиай мүйісі.

8.Аустралияда жиі болып тұратын желдер қалай аталады?Вилли-Вилл.

9.Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік  жай-күйі.Ауа-райы.

10.Екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары шектеп тұрған енсіз су айдыны.Бұғаз.

11.Табиғат компаненттерінің жынтығы нені құрайды? Табиғат кешені.

12.Жер күнді қанша уақытта айналады?365 күнде бір рет айналады.

13.Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар? Меркурий

14.Тау жыныстары неше түрге бөлінеді және оны атаңдар? Магмалық, метаморфтық,шөгінді тау жыныстары болып 3-топқа бөлінеді.

15.Кордильера тауына алтын іздеушілер келіп,аптап ыстыққа шыдамай, шөлден қайтыс болатын кезеңді қалай атайды? Алтын дүрбелеңі немесе Өлім аңғары.

16.Солтүстік Американың оңтүстігіндегі шеткі мүйісі? Марьято мүйісі.

17.Аустралиядағы ең биік тауының аты?Косцюшко тауы 2228м.

18.Аустралияның байырғы тұрғындары? Аборигендер мен папуастар.

19.Күн радиациясының қандай түрлерін білесіңдер? Шашыранды, тура, жиынтық.

20.Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан? Қоңыржай шұғыл континентті белдеуде орналасқан.

ІІІ-кезең.Құпия сандық. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын,сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде қазақша,орысша айтуларың керек.Әр топ кезекпен кезек жауап береді.Әрбір жұмбақтың шешімін дұрыс тауып орысшасын айтса 3-ұпайдан беріледі.

1-топ.Материктер.

1.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. Су,вода.

2.Тұрғыны жоқ елдер,үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар,суы жоқ теңіздер. Карта,карта.

3.Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Кітап, книга.

4.Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп.аяз-мороз.

2-топ Мұхиттар.

1.Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі.сызғыш –линейка.

2.Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. Кітап,книга.

3.Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. Әріп-буква.

4.Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас.Жұлдыз, звезда.

ІV-кезең.Тапқырлар сайысы.Картамен жұмыс.Билет арқылы жауап береді, картадан обьектілерді көрсетеді. 2-топтан 2-билеттен 2-оқушы келіп суырады. Егерде берілген географиялық обьектілерді картадан дұрыс таба білсе әрбір топқа 10- ұпайдан беріледі.

1-билет.Аралдар-Гренландия,Мадагаскар,Шри-Ланка,Жаңа Жер.

2-билет.Көлдер-Байкал,Балқаш,Арал,Каспий.

3-билет.Таулар-Гималай,Орал тауы,Анд,Кордильер тауы.

4-билет.Өзендер-Амазонка,Ніл,Сырдария,Жайық.

V-кезең.Сергіту сәті.Бұл сайыста әр топтан бір оқушыдан шығып,мен берген тапсырманы өз тобына қимылмен түсіндіру қажет. Әрбір дұрыс нақты жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

1-топ.Материктер

Аю,қоян,тышқан,пингвин.

2-топ.Мұхиттар.

Ит,бүркіт,мысық,кенгуру.

VІ-кезең.Ғажайып алаң.Ендігі сайыс Ғажайып алаң.Мұнда оқушылар кезектесіп ұяшық таңдайды,олар нешінші 10,20,30,40,50 ұяшықты таңдаса сонша ұпай беріледі және де осы ұяшықтардың ішінде бір тосын  сый бар, ол кімге түссе сол өз өнерін көрсетеді.Астаналар, мұхиттар,терминдер.

Астаналар 10 20 30 40 50
Мұхиттар 10 20 30 40 50
Терминдер 10 20 30 40 50

1-топ Материктер.                              2-топ Мұхиттар.

Астаналар.

10-Монғолия-Улан-Батор.

20-Түркіменстан-Ашхабад.

30-Ирак-Бағдад

40-Испания-Мадрид

50-Жапония-Токио

Мұхиттар.

10-Тынық мұхит ауданы-

20-Атлант мұхит ауданы –

30-Үнді мұхит ауданы-

40-Тосын сый!!!

50-Солтүстік Мұзды мұхит ауданы-

Терминдер.

10-Тау жынысы дегеніміз не? Жер қыртысын толтырып жатқан заттар.

20-Жанартау дегеніміз не? Көмейінен ыстық газ, бу,күл,тас т.б.

30-Шаш гигрометрімен не өлшейді? Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын.

40-Барометр-грекше барос-салмақ,метр-өлшеу-ауа қысымын өлшейтін құрал.

50-Тұман сөзінің мағынасы-жер бетіне іргелес қабатында өте майда су тамшыларының және ұсақ мұз түйіршіктерінің  жиналуы.

VІІ-Көрермендер көз айымы-деп аталады.Бұнда сайысқа қатысып отырған 2-топтың жанкүйерлеріне Ең,ең,ең… сұрақтары  қойылады.Әрбір дұрыс жауап 1-ұпаймен бағаланады.