Көшбасшының тәлімгерлік жүргізу бойынша жылдық жоспары
Бекітемін:
Мектеп директорының м.у.а.:
_______________
«____»___________
Көшбасшының тәлімгерлік жүргізу бойынша жылдық жоспары
Тәлімгердің аты-жөні: Айманбетова Жұлдыз Бауыржановна
Тәлім алушының аты-жөні: | Байтилеуова Жанар Ілеспекқызы
|
|
Тәлімгерлік бағдарламасының мақсаты: | • Тәлім алушымен сенімді қарым –қатынас құру,
• Тәлім алушының қажеттігіне қарай кездесу ұйымдастыру, • Тәлім алушының қызметкер ретінде өсуіне назар аудару, • Тәлім алушының кәсіби дамуына, шеберлігін шыңдауына қол жеткізу
|
|
Барлық мақсаттарға қол жеткізудегі күтілетін нәтижелер: | • Тәлім алушымен сенімді қарым –қатынас құрылады,
• Белсенді тыңдай білуге, сұрақтар қоя білуге дағдыланады, • Тәлім алушының қызметкер ретінде өседі, • Тәлім алушы кәсіби дамуға, шеберлігін шыңдауға қол жеткізеді |
|
Жұмыс тақырыбы | Тәлімгерлік нәтижесі: | |
Қыркүйек
|
||
«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» тақырыбында тәлімгерлік жүргізу
( кеңес) |
Оқу үдерісінде мақсатқа бағытталған түрлі технологиялар мен пәнді оқытуда қолданылатын үрдістерді қолдана алады | |
Тәлім алушыға кәсіби көмек көрсету | Тәлім алушының кәсіби білімі жетіледі | |
Ықшам сабақ:
«Алты дағдыны қалыптастыру» |
Тәлім алушы алты дағдыны біледі және әр сабақта оқушыларды дағдыландырады | |
Қазан | ||
|
Кәсіби сұхбат:
Топтық, жұптық және жеке жұмысты тиімді жүргізуді үйрету |
Сабақта топтық, жұптық және жеке жұмыстарды тиімді қолданады
|
Кәсіби сұхбат:
» Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгеру»
|
Сабақтың барысында пайдаланылған әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын үйренеді.
Сабақтың өтілу барысында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланады |
|
Сабақты зерттеуге үйрену.Сабақты жоспарлау, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану
LS тәсілі арқылы нысаналы 2-ші сыныпты зерттеу |
Жапондықтардың «Lesson Study» тәсілі бойынша бір сабақ жоспарын параллель сыныптарда жүргізеді, сабақтарды бірлесе жоспарлайды
|
|
Қараша | ||
Тәлім алушының сабағына ену
( бақылау,кәсіби әңгіме) |
7 модуль элементтері мен жаңа әдіс-тәсілдерді қолданады,тәжірибе алмасады | |
Кәсіби сұхбат:
Тәлім алушымен отырыс
|
Бейресми кері байланыс орнату
|
|
Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады ма?
|
Күрделенген тапсырмалардың түрлерін талдау және қолдану үшін жоспарлау. Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін үйренеді, оқушылардың өз бетімен білім алу дағдысын дамытуда қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдануды біледі | |
Желтоқсан | ||
Кәсіби әңгіме:
«Оқушыларды сын тұрғысынан ойлатудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсету»
|
Сыни тұрғысынан ойлау модульінің әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын меңгереді.
|
|
Коучинг-сабақ
Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді қалай пайдалануға болады ? |
Оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ кезеңдеріне сай таңдай алады және тәжірибеде қолдана алады | |
Қаңтар | ||
Кәсіби әңгіме:
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модулін оқу үдерісінде пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету |
Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау модулін оқу үдерісінде тиімді пайдаланады. | |
Кәсіби әңгіме:
«Нені өзгерттім және нені өзгертуге тиіспіз |
Оқыту мен оқу үдерісіндегі өзгерістерді анықтайды және сабақ барысындағы жетістіктер мен кемшіліктерді белгілейді, жол берілген кемшіліктерді саралап жою жолдарын іздестіруге ұмтылады | |
Коучинг-сабақ
Қалыптастырушы бағалауда жұптық жұмысты қалай бағалауға болады? |
Жұптық жұмысты бағалаудың тиімді тәсілдерін іріктейді.
|
|
Ақпан
|
||
Коучинг-сабақ
Кеңейтілген тапсырмалар дарынды оқушылардың таным қабілеттерін арттыра ма? |
Дарынды оқушылардың таным қабілеттерін арттыруда кеңейтілген тапсырмаларды қолданудың тиімділігін анықтайды
|
|
Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу
Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін жекелеп оқыту |
А,В,С оқушыларын анықтап оларға зерттеу жүргізеді
Талантты және дарынды оқушылар үшін тиісті зияткерлік тапсырмаларды енгізуге арналған тапсырмаларды өзгерту әдістемесін игереді |
|
Наурыз | ||
Кәсіби әңгіме:
Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін үйрету |
Оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгереді | |
Коучинг-сабақ
Оқыту үдерісінде оқушылардың « ЕХСЕL» кестесімен жұмыс жүргізу АКТ құзырлығын арттыра ма? |
Оқу үдерісінде « ЕХСЕL» дің графикалық мүмкіндіктерін қолдана отырып диаграмманы құрастыра алады және тәжірибеде жүзеге асырады | |
Сәуір | ||
Коучинг-сабақ
Тиімді есептеу стратегиялары оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыта ма? |
Тиімді есептеу стратегиялары арқылы ойлау дағдысын дамытып,тәжірибеде жүзеге асырады. | |
БАҚ-на жариялау | Мақаланы оқығандар бағдарламаның идеясымен және жасалған іс шаралармен танысады | |
Мамыр | ||
Коучинг-сабақ
Қандай тапсырмалар қабілеті төмен оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады? |
Оқыту үдерісінде қабілеті төмен оқушылардың қызығушылығын арттыратын интербелсенді әдістерді таңдай алады | |
Тәжірибені жетілдіру жұмысын жоспарлау | Тәжірибені жетілдіру жұмысын жоспарлауды жүйелей біледі. |