«Бір суреттің тарихы»

«Б.Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бір суреттің тарихы»

 

 

 

 

6-сынып жетекшісі:

Шакимардан  Нұрболат

 

 

 

2018

Жоспар

  1. «Бақытты отбасы» бейнеролик

2 «Отбасы» сөзін топтастыру

3″ Бір суреттің тарихы»

4″ Шаңырақтың шаттығы»

5 Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бір суреттің тарихы»

Мақсаты: «Отан-отбасынан басталады» демекші әр бір оқушының өз отбасына, туған туыстарына, қоғамға деген сүйіспеншілікетрін одан әрі дамыту. Ата-ана, ет жақындарына деген махаббаттарын, зор сүйіспеншіліктерін қалыптастыра отырып, тағы бір отбасының құдіретін седіруге баулу.

Мұғалім:  Қайырлы күн, оқушылар мен ұстаздар! 9 қыркүйек отасы күніне арналған «Бір суреттің тарихы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!  Қазақ қашанда Отбасының қадірін түсінген. Отбасы құндылығына қай заманда да биік ұстаған. Шаңырықтың шаттығы үшін бар күшін салған халқымыз отбасына деген құрметін жоғалтпағаны белгілі Олай болса тәрбие сағатымызды бастаймыз.

  1. «Бақытты отбасы» бейнеролик

2 «Отбасы» сөзін топтастыру

3″ Бір суреттің тарихы»

4″ Шаңырақтың шаттығы»

5 .Қорытындылау

 

-Олай болса, «Бақытты отбасы» атты бейне роликті назарларыңызға ұсынамыз!

 

Қара шаңырақ

Сенде тудым не арман,

Маңдайда бағым бес елі.

Шақырушы ең сен алдан

Өз үйіс өлең төсегім.

Сақтаған ата салтты,

Берекемен бірге өскен.

Тұрмысы бір қалыпты

Қоңыр төбел күн кешкен

Алатаудай атасы,

Алқымдаған ғасырды

Ақ тілекті бастасы,

Алдында бәрі бас ұрды.

Ағайынмен жарасып,

Көрген бәрін кһппенен.

Малға толған қорасы,

Белдеуден аты кетпеген.

Көнеден қалған тегінде,

Жюлы жатқан мол мұра.

Ілулі тұрған төрінде,

Киелі қара домбыра.

Басқа үйдің жүрегі

Болып әркез табылат

Бақ мекенім киелі

Біздің үй қара шаңырақ

Келесі кезекте «Отбасы» сөзін топтастырсақ. Ол үшін 3 топқа бөлінген оқушылар отбасы сөзіне анықтама береді.

Өтіп жатыр зымыраған замандар,

Ата-бабам бәріңнің де бағаң бар

Бір суреттің тарихымен мақтанам

Отбасынан шыққан ұлы адамдар-деп келесі «Бір суреттің тарихы» атты бөлімді бастаймыз. Оқушылардың үйден әкелген суреттерін экранға шығару арқылы оларды таныстыру керек.

Менің, сенің, оныңдағы бақ күні,

Бақыт емес деп кім айтады тап мұны.

Әнім сенсің, жырым сенсің босағам

Шайқалмасын шаңырақтың шаттығы

Ендеше, келесі кезекте «Шаңырақтың шаттығы» бөлімінде ата,ана, отбасы туралы ән, би, өлең, т.б өнер түрлерін көрсетуге болады.

Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қорытындылау үшін әрбіріңе осы шұғыла деп аталытын параққа тілек жазып, тақтаға ілулеріңізді сұраймыз!

Болса екен, бауыр бүтін бас аман,

Барлығыңа ғұмыр берсін жасаған.

Бақыт деген осы рас білгенге

Болсын аман алтын ұя босағам!  Келгендеріңізге, қатысқандарыңызға көп рақмет!