Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.

Сабақ жоспары №12.
Пән аты: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы.
Сабақтың мақсаты: ХV- ХVІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрылысын тереңдете түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға қазақ хандығының басқару жүйесі, хан сайлау дәстүрі мен қазақ халқының әлеуметтік құрамы, Жеті жарғы заңы туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, теориялық білімді игеру және зерттеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, тарихи тұлғаларға, елінің тарихи даму кезеңіне құрмет етіп, саяси-тарихи көзқарасын қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақСабақтың әдісі: Ауызша баяндау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, сұрақ-жауап, талқылау.
Қолданылатын көрнекіліктер: Оқулықтар, слайдтар, мәтіндер, Танымал тұлғалардың суреттері.
Қолданылатын технология: ақпараттық-коммуникативтік технологиясы, сыни тұрғыда ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Мәдениеттану, Саясаттану, Қоғамтану.

Сабақтың құрылымы:
Р/с
Сабақтың кезеңдері
Уақыты

I.
Ұйымдастыру сәті
1 мин.

II.
Презентация
3 мин.

III.
Үй тапсырмасын тексеру
15 мин.

IV.
Жаңа тақырып меңгеру
50 мин

V.
Жаңа тақырыпты бекіту
5 мин

VI.
Қорытынды
4 мин

VII.
Үй тапсырмасын беру
2 мин

Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы. Оқулық. Авторлары: Қойшекенова Н.Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. 2014 ж. №6.
Тұрғанбаева Б. Сын тұрғысынан ойлаудан акмеологияға //Дауыс пен көрініс журналы 2001 жыл. № 2. 22 – 23 беттер.
Дүйсенбаев Е. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дамыта оқыту жүйесі ретінде. //Дауыс пен көрініс журналы 2002 жыл. №2. 8 – 10 беттер.
Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов Қазақстан тарихы -2007, 221-228 беттер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Аудиторияның тазалығын және оқушылардың сырт келбетін тексеру. Журнал бойынша түгендеу. Жоқтарын белгілеу.
Презентация. Бүгінгі тақырыпты хабарлау, оның өзектілігін айту. Оқушылардың алдына мақсат-міндеттер қою.
Құрметті студенттер, бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрлымы деп аталады. Бүгінгі сабақта біз Қазақ хандығының басқару жүйесі, әкімшілік құрлымы, ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан сайлау, Ханның құқықтары мен міндеттері, Ұлыстың құрамы, әлеуметтік құрамы, Жеті жарғы және билер кеңесі, меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер туралы айтылады.
Жаңа тақырыпты өтпес бұрын, алдымен үй тапсырмасын ауызша сұраймын. Сабақ барысында, сендер жеке және өз беттеріңмен мәтінмен жұмыс істейсіңдер. Логикалық тапсырмалар орындайсыңдар. БББ кестесін толтырасыңдар. Сабақ барысында жасаған жұмыстарыңа байланысты сабақ соңында баға аласыңдар.
Студенттер, ең алдымен үй тапсырмасын сұраудан бастаймын. Ауызша сұрақтар қоямын. Дұрыс жауапқа жетондар таратылады.
8 жетон – 5,
7-5 жетон – 4,
4-2 жетон – 3.
Сондай-ақ, сабақ барысында белсенді қатысқан және де алдын-ала берілген тапырмаларды орындаған студенттерге жинаған ұпай сандарына байланысты бағаланады. (3 мин.)

ІІI. Үй тапсырмасымен жұмыс.
Мынандай мазмұнда сұрақтар қойылады.

1-қатар
Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылғандығы туралы орта ғасырлық қай тарихшы жазды?
А) Ж.Баласағұни В) М.Қашғари С) Х.Дулати
Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи
2. Әбілқайыр хан 1468 жылы қай жерге жорыққа аттанған жолда қайтыс болды?
А) Ойраттарға В) Мәуеренахрға С) Қазақ хандығына
Д) Моғолстанға Е) Ноғай ордасына
3. ХVғ. аяғында қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді?
А) Отырар, Йасы В) Үзгент, Аркөк С) Созақ, Сауран
Д) Ташкент, Сайрам Е) Тараз, Хорезм
4.Қасым хан Қ.Жалайридың дерегі бойынша қай жерде қайтыс болған?
А) Түркістанда В) Сығанақта С) Хорасанда
Д) Сауранда Е) Сарайшықта
5. Қазақ хандығын 1523-1532 ж.ж кім басқарды?
А) Бұрындық хан В) Қасым хан С) Мамаш хан
Д) Хақназар хан Е) Таһир хан
6. Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхамед бастаған елшілікті қашан жіберді?
А) 1594 В) 1586ж С) 1595ж
Д) 1577ж Е) 1543ж
7. Мұсылман дініндегілердің ішіндегі ең көбі және күштісі қазақтар Ташкентке шабуыл жасаған. Оған баратын керуендердің еркін жүруіне кедергі жасаған. -деп жазған кім?
А) В.Степанов В) А.Джениксон С) С) Х.Дулати
Д) Қ. Жалайри Е) А.Йассауи
8. Өзін ханмын деп жариялап, Ташкентті билеген ханды атаңыз:
А) Тәуке хан В) Имамкули хан С) Тұрсын хан
Д) Есім хан Е) Жәңгір хан

2-ші қатар
1. Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?
А) 1643ж В) 1650ж С) 1645ж
Д) 1661ж Е) 1640ж
2. Тәуке ханның кезіндегі қазақ хандығының астанасы:
А) Мерке В) Түркістан С) Сығанақ
Д) Тараз Е) Ташкент
3. Тәуке ханның алдына қойған мақсаты:
А) Қазақ жерін кеңейту
В) Жоңғарлармен келісімге келу
С) Қытаймен одақ құру
Д) Хан билігін нығайту
Е) Бұқарамен қатынас орнату
4. Оңтүстік Қазақстандағы Ордабасы деген жерде қай жылы жиын болып, жоңғарларға қарсы соққы беру үшін әскер құрылды?
А) 1723ж В) 1732ж С) 1720ж
Д) 1726ж Е) 1724ж
5. 1643ж Орбұлақ шайқасында Жәңгір ханның қанша сарбазы болған?
А) 100 мың сарбаз В) 50 мың сарбаз С) 600 сарбаз
Д) 973 сарбаз Е) 1 мың сарбаз
6. Тәуке хан қай жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберді?
А) 1686-1693ж.ж В) 1670-1697ж.ж С) 1680-1684ж.ж
Д) 1686-1690 ж.ж Е) 1644-1632ж.ж
7. Тәуекел хан Өзбек заны ІІ Абдаллахпен шартын бұзып, 1586 жылы қай қаланы басып алды?
А) Түркістанды В) Меркені С) Сарайшықты
Д) Сайрамды Е) Отырарды
8. Керей хандық кезеңі:
А) 1455-1473ж ж. В) 1457-1472 ж ж. С) 1458-1470 ж ж.
Д) 1458-1473 Е) 1512-1520 ж ж.

3-ші қатар
1.1473-1480 жылдары хандық орнатқан хан:
А) Жәнібек хан В) Тәуекел хан С) Тәуке хан
Д) Есім хан Е) Абылай хан
2. Қай ғасырлары қазақ хандығы нығайып, шекарасы ұлғайған?
А) 15-16 ғғ. В) 16-17 ғғ. С) 15 ғ.
Д) 17-18 ғғ. Е) 18-19 ғғ.
3.1523-1532 жылдары кім хан болған?
А) Жәнібектің ұлы Қасым В) Жәңгірдің баласы Тәуке
С) Қасымханның немере інісі ТаҺир Д) Қасымханның баласы Хақназар
Е) Абылай хан
4. Хақназарды халық қалай атаған
А) Қырғыздар мен ноғайлардың ханы
В) Қазақтар мен қырғыздардың ханы
С) Қалмақтар мен қырғыздардың ханы
Д) Қазақтар мен ноғайлардың ханы
Е) Қазақтар мен қалмақтар ханы
5. 1563 жылдары қазақ хандығын сыртқы саясатын өзгерткен хан:
А) Жәнібек хан В) Таһир хан С) Тәуке хан Д) Хақназар хан
Е) Абылай хан
6. Халық Жәңгір ханды Салқам Жәңгір деп не үшін атаған?
А) Білімі үшін В) Байлығы үшін С) Ерлігі үшін Д) Мінезі үшін Е) Шешендігі үшін
7. Есімхан қай қаланы орталық еткен?
А) Сығанақ қаласы В) Аққорған қаласы С) Созақ қаласы
Д) Түркістан қаласы Е) Отырар қаласы
8. Өзін қазақтар мен қалмақтардың ханы деп атаған хан:
А) Жәнібек хан В) Таһир хан С) Тәуке хан Д) Хақназар хан
Е) Тәуекел хан
Қазақ хандары туралы жаңа мәліметтерді алдын-ала берілген 4 студент баяндап береді.

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру
Тақырыптың жоспары:
Хандық үкіметтің басқару жүйесі.
Хан және хан сайлау.
Ұлыстың әлеуметтік құрамы және Жеті жарғы мен билер кеңесі, меншік мәселесі.
Салықтар мен міндеткерліктер.

А) Қызығушылықты ояту: оқушылармен бірге Білемін, Білгім келеді, Білдім кестесінің алғашқы екі бағанын толтыру.

Білемін
Білгім келеді
Білдім

Ә) Оқушыларға жаңа тақырыпты таныстыру.
1.Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды.

Б) ХV- ХVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы төмендегі кестені толтыру.

Саты-
лары
Басқа ру
дың ұлттық жүйесі
Бірігудің түрлері
Басшы-
сы
Басшының міндеттері
Басшының негізгі қасиеттері

1
Ауыл
Туыстас, қандас жақын адамдар-
дан немесе бірнеше отбасы-нан
Ауыл-
Басы
Ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон уақытын белгілеу, адам, көлік күшін дұрыс пайдалану, салықтың уақытында төленуін қадағалау
Білгір, тәжірибелі, саяси беделге ие, ауқатты

2
Ата аймақ
Жеті атадан
қосылатын бірнеше ауылдан
Ақсақал
Шаруашылықты, алым-салықты қадағалау, ақсақалдық шешімін екі айтқызбай орындап отыруы / ақсақалы бар ауыл азбайды/.
Жоғары мәртебеге ие, жасы келген

3
Ру
10 немесе 15 аймақтан
Рубасы
Рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты
Көпті көрген, мол тәжірибелі, білікті, білгір

4
Арыс
Бірнеше рудан
Би
Бүкіл қауым бидің билігін орындауға міндетті, би әділетті болуы керек /тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ/.
Әділ, шешен, ақыл- кеңес бере алатын

5
Ұлыс
Бірнеше арыстан
Сұлтан
Ұлыс ішіндегі жер, барымта, алым-салық, әскер, көші-қон мәселелерімен айналысты. Халықтың жағдайы сұлтанның қабілетті басқарумен байланысты
Ақсүйектер әулетінен

6
Жүз
Бірнеше ұлыстан
Хан
Жер мәселесі, әскер, ішкі, сыртқы тұрақтылық, сот мәселесінің барлығы ханның тікелей араласуымен жүзеге асырылып отырды
Тек қана хандар әулетінен

7
Хандық
Үш жүзден
Қаған /ұлы хан, хандар-
дың ханы/.
Үш жүздің жер, даудамай мәселелерін шешті. Хандықтың сыртқы саяси жағдайын қадағалады. Алайда үш жүз арасындағы алауыздық, сыртқы саяси жағдай қағандардың билігіне нұсқау келтірді.
Ақсүйек, шонжарлар