Есептер шығару  Қазақстандағы спорт ғимараттары

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылы,

“Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Қабанбаева Рима Жексенбекқызы

 

Тақырып: Есептер шығару

 Қазақстандағы спорт ғимараттары

Мектеп: “Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен”

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні:07.12.18 Мұғалімнің аты-жөні: Қабанбаева Р.Ж.
Сынып: 3 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

3.5.1.5 тіктөртбұрыштың ауданын, периметрін және қабырғаларын табуға берілген  есептерді талдау және шығару

Бағалау критерийі Білім алушы:

•Тіктөртбұрыштың ауданын табу формуласын қолданады

•Ұзындық, аудан, масса өлшем бірліктерін түсінеді

Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар үшін:
шамалар арасындағы тәуелділікке есептер шығарады.
Бірқатар оқушылар үшін:
шамалар арасындағы тәуелділікке есептер құрастырып, салыстырады.
Кейбір оқушылар үшін:

көрсетілген түрі бойынша өз бетімен есептер шығарып, талдап, қате түзетеді.

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

Оқушылар:

Өзара байланысты шамалардың бірін қалай табу керек екенін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Өзара байланысты шамалар. (пропорция)

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Қалай байланысты екенін есіңе түсір

Егер шамалардың  екеуін білсең (жалпы массасын, бір жәшіктің массасын, жәшіктер санын) олардың бірін қалай табуға болады.

Тірек білім, білік, дағдылар Массаның өлшем бірлігі туралы біледі, шамалар арасындағы өзара байланыс қалыптасады, тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін табады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
 

Сабақтың басы

Ынталандыру.

Қазақстанда өтілетін спорттық іс-шаралар туралы әңгіме жүргізу

 

Алдыңғы білім

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы мұзайдындардың суреттері бойынша жұмыс ұйымдастыру. Мұзайдындарының жасанды екендігіне тоқталып өту, аудандарының көлемін салыстыру.

Қатарға тапсырма беру, есептеуге тапсырмалар жазылған  қима қағаздар тарату:

1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 7 дм. Оның ауданын табыңдар…

2. Шаршы қабырғаларының ұзындығы 6 см. Шаршының периметрін табыңдар…

3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 7 см, ені 5 см. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар…

4. Қабырғалары 6 см және 8 см тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар…

5. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 дм, ені 5 дм. Оның ауданын табыңдар…

6. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 8 см, ені 7 дм. Оның ауданын  табыңдар…

Топ орындалған жұмысты алмастырады, дұрыс жауап тақтада тұрады, қате тексеріліп, бағалайды.

Жасанды мұзайдынының суреттері.

 

 

 

 

Қима қағаздарға жазылған тапсырмалар.

 

 

 

 

Қате бар: 2 шапалак

Қате бар: 3 шапалак

Қате жоқ: отшашу

 

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда туындаған қандай да  қиындықты тауып, оны түзейтін боламыз.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Карточка

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ) Кестемен жұмыс.

№2 Кестеде тіктөртбұрыштың ауданы белгілі. Оның ұзындығы мен ені қандай болуы мүмкін? Мүмкін нұсқаларды таңдау. Алдымен ауызша сұрақтар қою арқылы тапсырмаға талдау жүргізіледі.Мысалы:

-Қандай екі санның көбейтіндісі 48-ге тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 45-ке тең?

-Қандай екі санның көбейтіндісі 18-ге тең?

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар жауаптарын айтады, мұғалім немесе алғаш жауап берген оқушы жазады.

(Т) №3 тапсырма

Белгілі уақыт ішінде жұп шамаларға амалдар қолдана отырып, дұрыс мәнін жазады. Жауапты бірінші болып орындаған жұп оқиды, басқалары түзету жұмыс жүргізеді.

СЕРГІТУ  СӘТТІ:  1,2,3 жинап алдық  күш.

№5 тапсырманы тақтада орындайды. Тапсырманы орындамас бұрын тіктөртбұрыштың ауданын табудағы формулаларды еске түсіру. Кестемен жұмыс жасауда бос орындарды толтыру. Формулаға сәйкес мәндерін қойып, мәнін табу.

Толтырылған кестелерді келесі жұппен ауыстырады, тапсырмалардың орындалуын тексереді.

№6 тапсырманы тақтада орындауды жалғастырады. Сызбалар беріледі, есепке сәйкес сызбаны таңдап, есепті шығарады.

Есепті шығару барысында:

-Үлесі бойынша шаманы қалай табады?

-Барлығынан бөлікті қалай табатыны туралы сұрақтар қою арқылы есепті шығаруға көмек беріледі.

Кестемен жұмыс

  а ені b ұзындығы S ауданы
1 тіктөртбұрыш бірдей 8 см ? см 2
2 тіктөртбұрыш 9 см 36 см 2

 

  а b S
1 тіктөртбұрыш 6 см 4 см бірдей
2 тіктөртбұрыш ? см 3 см

Қиындықтарды түзету

Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.

Бүгінгі сабақтан  не үйрендіңдер?

Мен:

q  – шамалар арасындағы байланысқа берілген есептерді шығаруды, талдауды, жазуды;

q  – ауданы бойынша тіктөртбұрыштың қабырғаларын табуды;

q  – қабырғалары бойынша тіктөртбұрыштың ауданын табуды білемін.

 

Кестемен жұмыс

тақтада

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате бар: 2 шапалак

Қате бар: 3 шапалак

Қате жоқ: отшашу          

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате бар: 2 шапалак

Қате бар: 3 шапалак

Қате жоқ: отшашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қате бар: 2 шапалак

Қате бар: 3 шапалак

Қате жоқ: отшашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

Рефлексия.

Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

–  Осы мақсаттарға жете алдық па?

–  Сіздерде қандай қиындық болды?

–  Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістігін бас бармақ көмегімен бағалауды ұсынады.

 

 

Үйге тапсырма 57 бет №4, 58 бет №7 түсіндіру Оқулық