ХХІ ғасыр көшбасшысы

  Тақырыбы:  ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: 1) оқушыларды  қазіргі  заман талабына  сай терең білім алуға ынталандыру;

                      2) жас  ұрпақтың  ұлттық   сана-сезімін, қоғамдық саяси ой-өрісін дамыту;

                      3) ойлау, сөйлеу  қабілеттерін  шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін

                         арттыру, бойына  ұлттық  мәдени  құндылықтарды  сіңіру.

Сабақтың  түрі: танымдық ойын сабағы (ХХІ ғасыр көшбасшысы)

 

Мұғалім:  Армысыздар , құрметті  ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі  жастар – халқымыз-дың  болашағы, еліміздің  ертеңі. Оқушылардың  ой-өрісін кеңейтіп, есте  сақтау қабілетін  шын-дайтын, білімді  жастарды  анықтайтын  «ХХІ ғасыр  көшбасшысы» атты  сайысымызды  бас-таймыз.

               Сәлем, достар, аман ба?

               Мына бейбіт заманда,

               Қуантамыз  бәріңді.

               Білімдіден қаламыз ба?

             Шын жүректер  сыналады  жарыста,

           Жарыстың ба орта жолда  қалыспа.

                                                                              Әділқазы  бағалайды  біздерді,

        Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс  па.

Әділқазылар  алқасын  сайлау: 

 

Мұғалім: Ойынның  барысына  тоқталсақ, сайыс   9  кезеңнен  тұрады.

    Сайыс  бағдарламасы:

І. Таныстыру

ІІ. Ұрандары

ІІІ. «Бәйге» (оқушыларға  сұрақтар  қойылады)

ІҮ. «Өлең  — сөздің  патшасы»  (мәнерлеп  оқу)

Ү.  «Тіл — өнер» (жұмбақ, мақал-мәтел  жолдарынан  айтылмай  қалған  сөзді  тауып, қазақ, орыс   тілінде  жазады)

ҮІ. «Ата  салтың – халықтық  қалпың»

ҮІІ. «Өнерлінің  өрісі  кең» (оқушылардың  актерлық  шеберлігін  анықтау)

ҮІІІ.  «Ділмар»

ІХ. «Жорға»

 

 

І. Өнер  қуып  сайыскерлер  өтер  деймін,

Бір басына  өнері  жетер  деймін.

Бәске  түскен  сайыскерлер  кезектесіп,

Таныстырып  өздерін  өтсе  дейімн.

ІІ. Қатысушылар  ұрандары

ІІІ. «Бәйге  сұрақтары»

 

  1. Қазақта  жазба  әдебиетінің  негізін  салушы  (Абай)
  2. Көне  заттарды  сақтайтын  орын. (мұражай)
  3. Адам  алғашқы  құралды  неден  жасады?  (тастан)
  4. Қасиетті  тағам  (нан)
  5. Республикамыздың  рәміздері  (ту, елтаңба, әнұран)
  6. Қазақтың  тұңғыш  ағартушы  ұстазы  (Ыбырай  Алтынсарин)
  7. Студентке  төленетін  ақы  (стипендия)
  8. Мұсылман  діні  (ислам)
  9. Ең  киелі  құс  (аққу)
  10. Үйленген  ұлға  беретін  үлес  (енші)
  11. Республика  күні  (25-қазан)
  12. Республикамыздағы  облыс  саны (14)
  13. Томирис  кім?  (сақ  патшайымы)
  14. Ұлттық  аспап  (домбыра)
  15. Қазақстан  ядролық  апаттың  ошағы  болған  жер  (Семей)
  16. Сөз  өнер  жарысы (айтыс)
  17. Ата  Заң  қай  жылы  қабылданды?  (1995 ж. 30-тамыз)
  18. Сәукелені  желегімен  кім қай  уақытта  киген?  (жаңа  түскен  келін  киген)
  19. Жігіттің  қанша  жұрты  бар?  (3, қайын , нағашы, өз  жұрты)
  20. Қазақ  шопандарының  «шахматы»  (тоғызқұмадақ)
  21. Тұрмысқа  аттанғалы  жатқан  қыздың  туған-туысқандарымен  қоштасу  өлеңі  (сыңсу)
  22. Жаңа  дүниеге  келген  нәрестенің  алғашқы  киімі  (иткөйлек)
  23. Қазақтың  үлкен  атасы  (Алаш)
  24. Ақмола  қаласына  Астана  деген  ат  қай  жылы  берілді?  (1998ж.)
  25. ҰБТ  қандай  сөз  (қысқарған  сөз, ұлттық  біріңғай  тестілеу)

 

ІҮ.  Абай  атамыз  былай  деген  еді:

Өлең — сөздің   патшасы, сөз  сарасы,

Қиыннан  қиыстырар  ер  данасы.

Тілге  жеңіл, жүрекке  жылы  тиіп,

Теп-тегіс , жұмыр  келсін  айналасы.

Бұл  кезеңде  сайыскерлеріміздің  мәнерлеп  өлең  оқу  шеберлігін  байқаймыз.

Ү. «Тіл  өнері»  (жұмбақтың  шешімін  және  мақал-мәтел  жолдарынан  айтылмай  қалған  сөзді

тауып, қазақ, орыс  тілдерінде  жазу)

  1. Талапсыз жас, қанатсыз  не?  (құс — птица)
  2. Көңілдегі сырды  не  білдіреді?  (көз — глаза)
  3. Ауылдан асқан  байлық  жоқ,

Неден  қымбат  қазына  жоқ?  (кітап – книга)

  1. Бас кеспек  болса  да,  не  кеспек  жоқ?  (тіл – язык)
  2. Көсем ел  бастар, шешен  не  бастар? (сөз – слова)
  3. Жуалдыз, ине

Ортан  терек  қасында,

Темір қалпақ  басында. (оймақ – наперсток)

  1. Келсе де  бір  сүйіне

Кіргісі  жоқ  үйіне.

Шоққа  басын  тигізбей

Шығармайды  үйі  де ( көсеу – кочерга )

  1. Ұшына ілдім  жемді,

Ырызығым  ере  келді. (қармақ –крючок; удочка)

 

ҮІ. «Ата салтың  — халықтық  қалпың»

 

Салт-дәстүр 10 20 30 40
Мақал-мәтел 10 20 30 40
Ситуациялық  сұрақтар 10 20 30 40

 

 

 

Салт-дәстүр:

10 ұпай  «Енші»  және  «Жасау»  салттарының  мағынасын  түсіндір.

20 ұпай  «Ауыз  тию»  салтының  мағынасын  түсіндір.

30 ұпай   «Ақтық»  және  «Иткөйлек»  салттарының  мағынасын  түсіндір.

40 ұпай   Қазақтың  қандай  тұрмыс-салт  жырлары  бар? Біреуін  айтып  бер.

                (жар-жар; беташар;  сыңсу;  қоштасу; тойбастар)

Мақал-мәтел:

  • ұпай Анасын  көріп  қызын  ал,

                Аяғын  көріп, асын  іш.

  • ұпай  Адам  болатын  бала, алысқа  қарайды

30 ұпай   «Жақсы  айтты» — деп  елжірей  көрме,

                «Жаман  айтты» — деп  тепсіне  көрме.

  • ұпай Аяқ – азамат,

                 Қол – мүлік.

                Бас – сандық,

                Тіл – кілт

Ситуациялық  сұрақтар:

  • ұпай Қыз  баламен (ұл  баламен) жақсы  қарым-қатынастасың, жолдастарың  мазақ  етті.

                 Достығыңды  сақтайсың  ба?

20  ұпай   Сен  үйге  уақытыңнан  кеш   келдің. Ата-анаң  сенің  кеш  келгеніне  ренжіді, сен не    

                 істередің?

 

30  ұпай   Сен  досыңды  ренжіттің, кінә  сенен  болғандықтан  одан  кешірім  сұрадын. Досың

                 ның  саған  деген  өкпесі  тарқамады. Сенің  әрекетің?.

  • ұпай Егер  сенің  жолдасын  темекіге  әуестеніп  жүргенін  білдің. Сен  оны  дұрыс  жолға 

                 қалай  саласың?

 

ҮІІ.   Кедеймін  деп  қысылма,

Өнерін  болса  қолында.

Өнерлінің  ырысы,

Жарқырап  жатыр  жолында .

       «Өнерлінің  өрісі  кең»  (оқушылардың   актерлық  шеберлігін  анықтау )

Жинаған  ұпай  сандары  есептеліп,  ұпайлары  аз   4  оқушы  ойыннан  шығады.

 

ҮІІІ. «Ділмар»  (қалған  екі  оқушы  таңдаған  кеспе  қағазда  қандай  сөз  берілсе, сол  сөз  бойынша 

                             шешендік  өнерін  байқатады)

1-кеспе:  «Ырым»   сөзіне  сипаттама  бер.

2-кеспе:  «Дәстүр»  сөзінің  мағынасын  аш.

 

ІХ. «Жорға»  (Берілген  уақыт  ішінде,  10 сұраққа  жауап  беру)

1-оқушыға: 

  1. Шөл кемесі   (түйе)
  2. Сауат ашатын  кітап  (әліппе)
  3. Абылай ханның  лақап  аты  (Сабалақ)
  4. «Бөтен» сөзінің  синонимі  (жат)
  5. Мұсылмандардың қасиетті  кітабы  (құран)
  6. Алматы облысының  орталығы  (Талдықорған)
  7. Тісі түскен адам  (кетік)
  8. Қой пірі  (Шопан  ата)
  9. 100 жыл (ғасыр)
  10. Әлемдегі ең  ұзын  тау (Анд)

2-оқушыға:

  1.   Би  падишасы  (Шара)
  2. Байланыс  аппараты  (телефон)
  3. Қан  тоқтататын  элемент  (йод)
  4. Мұсылмандардың  діни  ғимараты  (мешіт)
  5. Тілдер  мерекесі  (22-қыркүйек)
  6. Тұңғыш  қазақ  журналы  (Айқап)
  7. Түйе  пірі  (Ойсылқара)
  8. 7 күн  (1 апта)
  9. «Жақсы»  сөзінің  антонимі  (жаман)
  10. Ер  қанаты  (ат)

 

Осымен   сайысымыздың  шарттары  аяқталды. Әділ-қазылар  алқасы  жалпы  ұпай  санын  есептегенше   сайыстың  соңына  дейін   жеткен  оқушылар  бір-біріне  тілектерін  білдіртсін.

Әділ-қазылар  алқасына  сөз  беріледі.

Бүгінгі  сайысымызға  қатысқан  оқушыларға  рахмет  айта  отырып, білімділік  пен  ізгілікті   бойларына  дарыта  берулеріне  тілектеспін.