Айналайын (махаббат әні)

 

Айналайын

(махаббат әні)

 

Сөзі: М.Шахановтікі

Әні: Е.Хасанғалиевтікі

 

Өзің едің тірегім де,

Жыр боп тұндың жүрегімде…

Сені мендей түсінетін,

Кім бар екен бұл әлемде?

 

Қайырмасы:

Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің,

Лүпілінен айналайын.

 

Әнің әнге жалғассын деп,

Келеді арман алға сүйреп.

Менің кемем өрге жүзсе,

Сен қуандың алғаш рет.

 

Қайырмасы:

Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің,

Лүпілінен айналайын.

 

Саған мәңгі борыштармын,

Көңіліме қоныстандың.

Азаматтық ажарыңа,

Мақтау айтсам намыстандың.

 

Қайырмасы:

Жарқын құшақ жайған айым,

Ниетіңе сай болайын.

Мені сүйген жүрегіңнің,

Лүпілінен айналайын.

 

 

 

 

Қызыл өрік

 

                                                                                        Халық әні

 

 

Қарап тұрсам бұл өмір шолақ екен,

Бір біріне адамдар қонақ екен.

Шамаң келсе біріңді бірін сыйла,

Бұл өмірдің қызығы осы-ақ екен.

 

 

Қайырмасы:

Ай-ай жаным, ай жаным,

Асыл жарым,

Керегі не өзіңнен басқа жанның.

 

 

Ат байладым бидайдың сабағына,

Жолдас болма адамның жаманына.

Болсаң жолдас адамның жаманына

Салып берер дұшпанның табанына.

 

 

Қайырмасы:

Ай-ай жаным, ай жаным,

Асыл жарым,

Керегі не өзіңнен басқа жанның.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорғаушым сен

 

Сөзі: Т.Молдағалиевтікі

Әні: Е.Хасанғалиевтікі

 

 

Мәңгілік тәңіріміз,

Өзіңмен өміріміз.

 

 

Қайырмасы:

О, Жаратқан, қолдаушымыз,

Қолдаушымыз – қорғаушымыз.

О, Жаратқан, тірлігіміз,

Тірлігіміз бірлігіміз.

 

 

Табынар тәңіріміз

Жап-жарық, жарық жұлдыз.

 

 

Қайырмасы:

О, Жаратқан, жан иеміз

Басымызды және иеміз.

О, Жаратқан, қолдаушымыз,

Қолдаушымыз – қорғаушымыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегі сарай

 

Сөзі: С.Қалиевтікі

Әні: Б.Дәлденбаевтікі

 

Балалар деп жарқырар күн, шырағы,

Әйәй апай – халқының бір шынары.

Жан апайдың салдырған сарайынан,

Жанымызға тарайды нұр шуағы.

 

Қайырмасы:

Ертегі сарай, шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.

Көмкеріп арай, елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.

 

Мұң мен дерттен арылтқан, ұмыттырған,

Шар болаттай шыңдаған, шынықтырған.

Жұмаққа бергісіз осы сарай,

Талайлардың бақыты, үміт қуған.

 

Қайырмасы:

Ертегі сарай, шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.

Көмкеріп арай, елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.

 

Ұл-қыздарын шақырып шар тараптан,

Омарташы сияқты бал таратқан.

Самғасын деп біздерді биіктерге,

Өнер, білім, денсаулық арқалатқан.

 

Қайырмасы:

Ертегі сарай, шертеді талай,

Бар ғаламның жұмбақ сырларын, ғаламат.

Көмкеріп арай, елтеді маңай,

Балалардың тыңдап жыр, әнін бағалап.

 

 

 

 

Ақ көгершін

 

Сөзі: А.Жұбановтікі

Әні: Н.Баймұхамедовтікі

 

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

 

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

 

Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

 

Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

 

 

 

 

 

Ана туралы жыр

 

Сөзі: Ш.Қалдаяқовтікі

Әні: Ғ.Қайырбековтікі

 

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

 

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

 

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым,

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

 

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

 

Ете гөр қанағат, әзірге берерім,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза анашым, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

 

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

 

 

 

Ақ бантик

Сөзі: Ш.Қалдаяқовтікі

Әні: М.Шахановтікі

 

Балауса қыз едің бір кезде,

Шашыңа ақ бантик байлаған.

Өзгеріп кетіпсің бұл кезде,

Көркіңе көз тастап ойланам.

 

Қайырмасы:

Нұрлы бейнең таңдай жарқын,

Арманысың қандай жанның.

Шынарым-ай,

Сен, мөлдірсің, еркем,

Тау бұлағындай.

 

Жол жатыр шақырып алдыңда,

Өмір тұр ұсынып шаттығын.

Білмеймін, бой жетіп қалдың ба?

Шашыңда ақ бантик жоқ бүгін.

 

Қайырмасы:

Нұрлы бейнең таңдай жарқын,

Арманысың қандай жанның.

Шынарым-ай,

Сен, мөлдірсің, еркем,

Тау бұлағындай.

 

Жылдардың еркіне бағындың,

Жылдарға қол создың, жан құрбым.

Белгісін балалық шағыңның,

Айтшы сен, қай жерде қалдырдың?

 

Қайырмасы:

Нұрлы бейнең таңдай жарқын,

Арманысың қандай жанның.

Шынарым-ай,

Сен, мөлдірсің, еркем,

Тау бұлағындай.

 

 

 

Менің Қазақстаным

 

Сөзі: Ж.Нәжімеденовтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

 

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Думанды бастады,

Далама карашы.

Кең екен жер деген,

Жерге дән шықты ғой.

Дән егіп, терлеген,

Қазағым мықты ғой.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менін елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің – Қазақстаным.

 

Сағымды далам бар,

Сабырлы көлім бар.

Қараңдар, жарандар,

Осындай елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Ежелгі досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай.

 

Қайырмасы:

Менің елім, менін елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің – Қазақстаным.

 

 

 

 

 

Армандастар

Сөзі:Ә.Бейсеуовтікі

Әні: Н.Әлімқұловтікі

 

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік,

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік.

Бәріміз де жазылмаған дастан едік,

Армандастар-құрдастар!

 

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда,

Абзал достар қайда,

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

 

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда?

Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?

Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?

Армандастар, құрдастар.

 

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда,

Абзал достар қайда,

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

 

Бәрің, достар, әр тарапқа кеттіңдер ме?

Әлде биік асулардан өттіңдер ме?

Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?

Қайдасыңдар, құрдастар?

 

Қайырмасы:

Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік,

Армандастар қайда,

Абзал достар қайда,

Замандастар, қарлығаштар қайда екен?!

 

 

 

Ауылым

 

Сөзі: Ж.Бейсеновтікі

Әні: Т.Базарбаевтікі

 

Кіндігімнің жас қаны,

Тамған жерім ауылым.

Шабытымның асқары,

Самғаушы еді ауылым.

 

Жастығымның куәсі,

Шұрқыраған ауылым.

Жусаны мен жуасы,

Бұрқыраған ауылым.

 

Биік-биік шың, құзға,

Құмар қылған ауылым.

Бүлдіршіндей бір қызға,

Сыңар қылған ауылым.

 

Әнмен таңды атырып,

Ән салдырған ауылым.

Сары қымыз сапырып,

Тамсандырған ауылым.

 

Көк түтінді шұбатып,

Желек созған ауылым.

Ай көрмесем құмартып,

Жүрек қозған ауылым.

 

Көк торғындай көктемде,

Сағым қуған ауылым.

Алыс сапар шеккенде,

Сағындырған ауылым.

 

 

 

 

 

 

 

Анаға сәлем

 

Сөзі:Е.Хасанғалиевтікі

Әні: О.Иманалиевтікі

 

 

Мереке күніңмен қарсы алам өзіңді,

Сәбилік үніммен арнаймын сөзімді.

Көргенше алаңмын, аңсаймын толғанам,

Қабыл ал, балаңның сәлемін жолдаған.

 

 

Бөбегің оянса, ұйқыдан мың тұрдың,

Гүліңмен балауса көктемдей құлпырдың.

Аялап алақан, әлпештеп өсірген.

Аяулы жан апам қатемді кешірген.

 

 

Сырымды ұғатын, өзіңсің қуатым,

Күнімсің шығатын, айымсың туатын.

Көргенше алаңмын, аңсаймын, толғанам.

Қабыл ал, балаңның сәлемін жолдаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайдасыңдар, достарым

 

Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі

Әні: Ә.Еспаевтікі

 

Бірге тойлап, бірге өткізген,

Жалындаған жас шағын.

Талай қызық күнді өткізген,

Қайдасыңдар, достарым?

 

Қайырмасы:

Достар, достар, жүрсің қайда?

Бірге еді ғой жанымыз.

Еске алысып осындайда,

Кел, шырқайық бәріміз.

 

Бәріміз де таптық бүгін,

Бақыт жолын іздеген.

Дос үміті – достық сенім,

Әрқашанда бізбенен.

 

Қайырмасы:

Достар, достар, жүрсің қайда?

Бірге еді ғой жанымыз.

Еске алысып осындайда,

Кел, шырқайық бәріміз.

 

Жүрсек-дағы қиыр шетте,

Досты ұмытқың келмейді.

Достық жалын бар жүректе,

Суымайды, сөнбейді.

 

Қайырмасы:

Достар, достар, жүрсің қайда?

Бірге еді ғой жанымыз.

Еске алысып осындайда,

Кел, шырқайық бәріміз.