Жануарлар

Қысқа мерзімді сабақ  жоспары

 

Ұзақ  мерзімді  жоспардың  тарауы:

 

Күні: 

 

Сынып: 1

Мектеп: Ы.Алтынсарин ЖББОМ

 

Мұғалімнің  аты – жөні:  Аубакирова Г.К

 

Қатысқандар:        Қатыспағандар:

Сабақтың  тақырыбы:  Жануарлар
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар үшін: жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

Оқушылардың көпшілігі үшін: өсімдіктерді, жануарларды етістіктерге сәйкестендіреді, айырмашылықтарын түсіндіре алады

Кейбір оқушылар үшін: жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережесін құрастырады

Бағалау критерийі 1. Бейнематериалға сүйеніп жануарлар мен өсімдіктерді салыстырады, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды

2. Өсімдіктерді, жануарларды етістіктерге сәйкестендіреді

3. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы ереже құрастыру арқылы ойын дәлелдейді

Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты  лексика мен терминология:

Салыстыру,айырмашылық, ұқсастық, сипаттау, сәйкестендіру

Диалог құруға /жазылымға қажетті  сөздер топтамасы:

Өсімдіктер мен жануарлар арасында қандай ұқсастық, қандай айырмашылық бар?

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қажет пе?

Құндылықтарға баулу Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, табиғатты қорғау
Пəнаралық байланыс Дүниетану, қазақ тілі
Алдыңғы білім Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау
Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Мұғалім іс –әрекеті Оқушы іс – әрекеті
І.Ұйымдастыру

А) Ынтымақтастық атмосферасы

 

 

 

Ә) Топқа бөлу

 

 

 

 

 

Өткен материалды еске түсіру

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

 

 

 «Құпия зат» әдісі

Жануарлардың суреттерін береді, іс – әрекетті түсіндіріп, ахуал орнатуға жағдай жасайды

 

Суреттердің артында жазылған тамыр, сабақ, жапырақ сөздерімен топқа бөледі

 

 

Үй тапсырмасын тексереді Т.ж «Блиц-кездесу» әдісі

 

«Бармақпен бағалау» әдісі бойынша топтарды бағалайды.

1-тапсырма: Ж.ж

«1 минуттық ойын»  әдісі

Суреттер ішінен артығын табуға тапсырма береді

Аққу, қасқыр, шырша, сілеусін, тасбақа

Түймедақ, терек, алма ағашы, емен, бұғы

Берілген суреттердің қайсысы артық? Неліктен?

 

«Шапалақтау»әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

«Өте жақсы»-3рет шапалақ соғады

«Жақсы»-2рет шапалақ соғады

«Орташа»-1-рет рет шапалақ соғады

Қолдарындағы жануарлардың жақсы қасиетін атап бір-біріне тілек тілейді

Мысалы, құлыншақтай жүйрік бол, қыран сияқты қанатың талмасын, т.б

Суреттердің артында жазылған сөздермен

1 топ тамыр

2 топ сабақ

3 топ жапырақ деп 3 топқа бөлінеді

Әр топ өздері бір сұрақтан құрастырып,бір-біріне сұрақ қояды және жауап береді.

Дескриптор: өтілген материал бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

Суреттер ішінен артығын табады

Аққу, қасқыр, шырша, сілеусін, тасбақа

Түймедақ, терек, алма ағашы, емен, бұғы

Берілген суреттердің қайсысы артық? Неліктен?

Дескриптор:

1. Шыршаның өсімдік екенін айтады

2. Бұғының жануар екенін айтады

 

Жануарлардың суреттері

https://yandex.kz/images/search?pos=104&p=3&img_url=https%3A%2F%2Fds02.infourok.ru%2Fuploads%2Fex%2F0ca2%2F00063aa9-9eee8150%2Fimg3.jpg&text=%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D1%83%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3%20%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96&rpt=simage

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпқа байланысты суреттер

АКТ

 

https://yandex.kz/images/search?pos=6&clid=2255760-300&img_url=https%3A%2F%2Fdapter.kz%2Fwp-content%2Fuploads%2F2018%2F09%2F1_html_m1639e82e-1024×490.jpg&text=%D0%90%D2%9B%D2%9B%D1%83%2C%20%D2%9B%D0%B0%D1%81%D2%9B%D1%8B%D1%80%2C%20%D1%88%D1%8B%D1%80%D1%88%D0%B0%2C%20%D1%81%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%83%D1%81%D1%96%D0%BD%2C%20%D1%82%D0%B0%D1%81%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D0%B0%20%D0%A2%D2%AF%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D2%9B%2C%20%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA%2C%20%D0%B0%D0%BB%D0%BC%D0%B0%20%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%88%D1%8B%2C%20%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD%2C%20%D0%B1%D2%B1%D2%93%D1%8B%20%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96&rpt=simage&win=369

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой — толғаныс

Жаңа сабаққа байланысты бейнежазба көрсетеді

«Жануарлар, өсімдіктер әлемі»

Осы артық суреттердің арасында қандай ұқсастық, қандай айырмашылық бар?

2-тапсырма Т.ж  «Сәйкестендір» әдісі.

Етістіктерді жануарлармен, өсімдіктермен сәйкестендіруге тапсырма береді

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша әр топ бір-бірін бағалайды

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:  «Бұршақ  қапшығы»

қазақша-орысша-ағылшынша айтады

Қоян-заяц-hare

Гүл-цветок- flower

Қарлығаш-ласточка- swallow

 

3-тапсырма  Ж.ж  «Аяқталмаған ой» әдісі

«Мен өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын заңгер болам, себебі…»  ойды аяқтауға бағыт береді

 

Жұлдызшалармен бағалайды

Бейнежазбаны көреді, әңгімелейді, артық суреттердің арасындағы ұқсастық, айырмашылық туралы өз ойларын айтады

 

 

 

Етістіктерді жануарлармен, өсімдіктермен сәйкестендіреді

Дескриптор:

1. Өсімдіктің, жануардың өсетінін анықтайды

2. Өсімдіктің, жануардың көбейетінін анықтайды

3. Өсімдіктің жүрмейтінін анықтайды

4. Жануардың жүретінін анықтайды

5. Жануардың дыбыс шығаратынын анықтайды

6. Өсімдіктің дыбыс шығармайтынын анықтайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мен өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын заңгер болам, себебі…»  ойды аяқтайды

Дескриптор:

1. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау туралы ойын айтады

2. Дәлел келтіреді

3. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау ережесін құрастырады

Бейнежазба

(жануарлар, өсімдіктер әлемі) https://yandex.kz/video/search?filmId=17609758232955447719&win=259&text=жануарлар%20мен%20өсімдіктер%20ұқсастығы%20туралы%20&clid=2278756

 

Суреттер

Флипчарт

Тірек сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұлдызшалар

Қорытынды Рефлексия  «Бағдаршам» әдісі

Жасыл- барлығын түсіндім

Сары- сұрағым бар

Қызыл-  түсінбедім

 

 

 

 

 

 
Бағалау    

 

 
Үйге тапсырма      
Саралау

 

Бағалау

 

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Барлық оқушыны белсенді оқытуды ұйымдастырып, ынтасын арттырып, қызығушылықтарын оятуда, «1 минуттық ойын»  әдісі тиімді.

«Сәйкестендіру» әдісі арқылы айырмашылық, ұқсастықтарды анықтап, білім алушы терең ойланады, салыстырады.

«Аяқталмаған ой» әдісі білім алушының сыни ойлау дағдысын дамытуға, дәлеледемелер ұсынып өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді

Өтілген материалдарды еске түсіруде «Бармақпен бағалау» әдісімен бағалайды. «1 минуттық ойын»  әдісінде өсімдікті жануардан, жануардан өсімдікті ажыратуда білім алушылар жұптарды  «Шапалақтау»әдісімен бағаланады, бұл білім алушылардың ынтасын арттырады. Етістіктерді жануармен, өсімдіктермен сәйкестендіруде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша әр топ бір-бірін бағалауда тиімді. Сабақ жоспарын құрылымдауда қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері ескерілді. Бойларын сергітуде «Бұршақ  қапшығы» сергіту сәті қолданылады.