Саяхат туралы  әңгіме жазу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Мектеп: Алматы облысы,Балқаш ауданы, « Жиделі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен, Орақбалға шағын жинақталған бастауыш мектебімен»  мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні :Абдрахманова Сауле Абдрахмановна

Бастауыш сынып мұғалімі

Сынып: 2 Қатысқандар:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Саяхат туралы  әңгіме жазу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

 1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

 

Сабақ мақсаттары Саяхат  жайлы  жаңа  сөздерді үйренеді. Саяхат  тақырыбына  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  пайдаланып,  сөздерді  таңдап  жазады, оқиды, талдайды.
Бағалау критерилері

 

 Сөзерді  мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай  таңдай отырып, қарапайым сөйлемдер жаза алады.
Сөздік қор Жаяу жүру, жеңіл көлікпен бару, автобуспен бару,жақын, алыс,саяхат,карта,ұшақпен ұшу,пойызбен бару, саяхатшы, саяхат  жасау, жол маршруты.
Құндылықтарды

дарыту

Құрмет,еңбек және шығармашылық.
Пәнаралық  байланыстар Дүниетану, ғылымға кіріспе
Алдыңғы меңгерілген білім

 

5-бөлім оқушылардың алдыңғы тоқсанда алған білімдері мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар әдеби және әдеби емес мәтін үлгілерімен таныс болады және сөздерді оқу үшін әр түрлі стратегиялармен танысады. 
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

3 мин

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Еуропа қалашығына саяхат» жасау

Бір шапалақ- қол алысып амандасу

Екі шапалақ -құлақтарымен амандасу

Үш шапалақ- арқаларымен амандасу

Төрт шапалақ- құшақтасып амандасу.

Амандасу түрлері:-Сәлеметсіз бе!

-Қайырлы таң!

-Қайырлы күн!

-Амансыз ба?

-Сәлем!

(Ұ) «Доптар»  ойыны  арқылы  4  топқа  бөлу

Қызыл, сары, ақ добым,

Әрі- бері жүгіргің.

Қателеспей  тезірек,

2-2-ден  тізілгің.

————————

5-5-ден  тізілгің.

 

(Ұ) «Сөз тізбегі»  ойыны

Ойынның  шарты: Сөздің  соңғы  әрпі  қандай  болса,  келесі  сөздің  бастапқы  әрпі  де  сол болу  керек.Сөйтіп жаңа  сөздер  ойлап,  сөздерден  тізбек  жасау  керек.

Мысалы: Доп,парта,ағаш,шана,арзан,намыс,саяхат.т.с.с..

 

Интерактивті  тақтада  жазылған  өлең  жолдары.

 

 

 

Доптар  суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркерлер

 

 

Сабақ ортасы

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 (Ұ) Оқушылармен  диалог құру

-Балалар,  соңғы  қандай  сөзді  жаздық?

-Саяхаттың  қандай  түрлерін білесіңдер?

Сабағымыздың  тақырыбы  «Саяхат  туралы әңгіме жазу»

Бүгінгі  сабақта  біз  саяхат  жайлы  мәтін  құрастырамыз.

-Бағалау  критерийлерін  атап өтейік.

/оқушылар  сабақта  қол жеткізетін критерийлерді  атайды/

-Енді,  әр  топтан  бір  оқушы  келіп, қайда  саяхат  жасайтынын  білу  үшін мына  сөздер  жазылған  карточкаларды  таңдап, парталарыңа  қойыңдар.

1. Тауға саяхат

2. Орманға саяхат

3. Теңізге саяхат

4. Шөл далаға саяхат

/әр топтан бір оқушы  карточкаларды  таңдап  алады/

 

(Т) «Дұрыс таңдау»  ойыны

-Балалар,  адамдар  саяхатқа  шыққан  кезде  өз  заттарын  қайда  салады?    /чемоданға/

-Дұрыс.Әр  топ  әртүрлі  жерге  саяхатқа  баратын  болғандықтан, чемодандағы  заттар  да  әр түрлі  болу  керек   қой. Ендеше әр  топ  өздеріне  қажетті  заттарды  ақылдасып  анықтап  алыңдар да  чемоданға  суретін салып, атауын  жазыңдар.

Оқушыларға  чемодан  суреті  беріледі.Оқушылар  чемоданға  саяхатта  керекті  заттардың  суретін  салып,  атауларын  жазады.Әр  топ  өз  чемоданын  таныстырады.

/оқушылар  топта  бірігіп  отырып, ақылдасып  жұмыс  істейді,  ортаға  шығып өз чемодандарын таныстырады/

(ҚБ)Оқушылардың  қажетті  заттардың суретін  салып,  атауларын  қатесіз, сауатты  жазу  қабілеттерін  бағалаймын.

 

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

(Ө) Карточкамен  жұмыс

Оқушыларға  4-5 сөзден  тұратын  қима сөйлемдер таратылады. Оқушылар  қима  сөйлемдердегі көп  нүктенің орнына  керекті  сөздерді  жазып, сөйлемді  аяқтайды.Мәтін  құрастырады.

                                          Cаяхат

Оқушылар  ___________  саяхатқа  барды.   Онда    ___________   көп   болды .  Балалар    ___________  ,   ___________,   ___________   көрді. Балаларға  саяхат  өте   ___________ .

 (ҚБ)Оқушылардың  дұрыс  сөзді  таңдап, сөйлем құрастыра  алу  қабілеттерін  бағалаймын.

 

 

Саяхат  турлері  жазылған  карточкалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Чемодан  суреті,  маркерлер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ жұмыстары

 

 

 

Сабақтың соңы

7 мин

  Рефлексия:

 Бекіту сұрақтары:

·         Қайда  саяхат жасадық?

·         Не  білдік?

·         Қандай  жаңа  сөздермен  таныстық?

·         Сабақтың  басында  қойған  мақсаттарға  қол жеткіздік пе?

Сабақтың басында  критерийлер  жазылған  флипчарт  пен маркерлер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың  мәтін  тақырыбы мен стиліне сай сөздерді  таңдай алу және мәтін  құрастыра алу  қабілеттерін  бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті балалар сөздерді дұрыс таңдап, сөйлемді  құрастыра алады.

 

 

Денсаулық сақтау технологиялар

 Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 
 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?