«Тілім- менің тірегім»

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тілім- менің тірегім»

Мақсаты;

  1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп,сөз құдіретін түсініп,оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2.Тіл әуезділігін,көркемдігін,байлығын,шешендігін көрсететін нақыл сөздер,мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын,ой-өрісін дамыту.

3.Тіл тазалығын сақтау,мәдениетті сөйлеу,шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отырып,ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру.

 

Көрнекілігі;нақыл сөздер жазылған плакаттар,кітаптар,сандықшалар,шарлар.

 

Әдісі; сахналау,әдеби-музыкалық монтаж.

 

Барысы;

1-бөлім.                Сабақ сахналық қойылымнан басталады.

Үнтаспадан С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.

(Тақта алдында «ТАНЫМ»,»Ғұламалар»,»Қазына»тақырыптарында сиқырлы сандықшалар қойылған.)

Ортаға патша рөліндегі оқушы шығады.

Патша; -Осыншама хандық құрған жылдарымда осы сиқырлы сандықтарды ашпай келіп едім,сәті бүгін түсіп отырған сияқты;

Қане уәзірлерім ашуғ көмектесіңдер!

«Таным»сандықшасы ашылып,ішінен тіл туралы мәліметтер шығады.

Айсауле; Сонау алтыншы бесінші ғасырлардан бастап,уақыт сынына төтеп беріп,бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон-Енисей,Талас сына жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп,гүлденген дәуренін айғақтайды.

 

Патша уәзірлерімен «Ғұламалар» сандықшасын ашады.

-Қазақ тілі Әйтеке,Төле,Қазбек билер сынды шешендердің;Абай,Жамбыл,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,М.Әуезов сияқты алып ақын-жазушылардың,Қажымұқан,Б.Момышұлындай атақты батырлардың тілі.Қазақ тілі қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиханов пен Т.Рысқұловтай арыстардың тілі.

Патша –Туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін.

Батырхан;

Туғантілім-бабам тілі -өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі-өз тілім!

Ақмоншақ;

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Патша;неліктен тілді анаменен байланыстырып айтамыз?

Қандай адам өз тілін құрметтейді?

Патша жайлап «Қазына» қақпасына жақындайды.

-Бұнда қандай керемет бар екен,ә?

Уәзірлері сандықты қиындықпен ашады.

Сұрақ жазылған қағаз шығады.

Дүниеде не тәтті?

Дүниеде не ащы?

Патша;-мұның мәнісі неде?-деп оқушылардан сұрайды.

(балалардың жауаптары тыңдалады)

 

Айсауле;мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға»хат жазған болатынбыз.сол хаттың жауабын тыңдап көрелік.

Хат

О,хан ием!

Дұрыс сөйлей білу де өнер,жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп,жүйені босатады.Сондықтанда тіл-тәтті.Жебе салған жара жазылар,балтамен оталған орман қайта өсер,бірақ тілдің жарасы жазылмас.Сондықтанда тіл-ащы.

 

Сол уақытта сандық толықтай ашылады да ішінен «Ана тілім-қазынам» деген кітап шығады.

Патша кітапты парақтай бастайды.

-балалар маған көмек қажет болды,кім көмектесер екен?

Мына кітапта берілген мақал-мәтелдерді аяқтау керек.

(мақал-мәтелдер оқылады.)

 

Патша –Ойпырмай-а!Тілдің құдіреті осы де.Балалар,сендерге көп-көп рахмет.Мен барып осындай сұрақтармен балаларымды сынап көрейін.

 

Мұғалім оқушыларға әкесінің балаларын қалай сынағанын айтып береді.

 

11-бөлім   Әдеби-музыкалық монтаж

-Ал балалар ханның сиқырлы сандықтарынан тіл туралы біраз мәлімет алдық.Осы қыркүйек айы өзіміздің туған тіліміз –қазақ тілі айлығы мектебімізде тойланып жатыр.1989 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы қабылданды.Қазақстан достықтың мекені.Республикада 130-дан астам ұлт өкілдері мекендейді.Бүгінгі мереке елімізде тұратын барша халық тілдерінің мерекесі.

 

Ендеше мерекемізді өзіміздің  ән-жырларымызбен бөлісейік.

1.ж. Тәуелсіз егемен елдің басты белгілерінің бірі-тіл.Еліміздің өзге ұлт өкілдерінің тілімізге деген көзқарасы өзгерді.Мемлекет тілдерінің өз дәрежесінде болып,баршаға ортақ қажеттілік,қолданыс аясын кеңейту,тіл деңгейін көтеру,өз халқына,дініне жаны ашитын әрбір азаматтың борышы.

 

2.ж. Қазақ тілі бұл-ана тілі,бұл ең көркем бай тіл.Ол атадан балаға мирас болып келе жатқан құнды қазына.Ананың ақ сүтімен бойымызға сіңген ана тілі қай кезде де бізге қуат береді.

1.ж. Тәуелсіздіктің таңы атып,төбемізде көк ту желбіреді.Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланғанына біраз уақыт болды.Әр азамат ана тілін көздің қарашығындай сақтауға тиіс.

 

2.ж. Тіл-тарих айғағы.Тіл ана сүтімен бірге еніп,өзінің мызғымастығын сақтап қалады.Тіл дүниедегі адамзатқа ғана тән баға жетпес қасиет.

1.ж. Өз егемендігін жариялап,»Қазақ» деген ұлтты бүкіл әлемге таныта отырып,ұлан байтақ туған жерідің бетінде осыншама ұлттың бірлігі мен ынтымақтастығын ұялатқан елбасының пайымдары болашаққа деген жарық көзқарастарды қалыптастырды.

 

ән;»Елім менің»

1.Өз тілім өзегім ,жүрегім.

Өзділім-ұлттық тірегім

.  Сыйланды ғаламда тіліммен

Иманды,меймандос ұлы елім.

2.Отмінез халқымның киесі,

Отты сөз,ащы тіл иесі-

Сықақшы шешен әр қазақтың

«Тіс қақты»сөзінің жүйесі.

3.Қазақтың тілі де әуенді

Ғажап тым үні де іуенді.

Көре біл шешен тіл қисынын.

Тере біл сөз шырын мәуелі.

  1. Көркем де бай тілі қазақтың,

Өркенде айтулы ғажапсың!

Берікпіз қорғауғасені біз,Еріксіз қорлаудан азатсың.

5.Адаспа басшы бол білімді.

Аласта мансапқор зұлымды

Құрметте ұлттық діліңді,

Құрметте анаңды тіліңді.

6.Іздедім ғылымның пайдасын.

Іздедім тілімнің бай нақышын.

Тілімнің сынынан өтемін.

Ғылымның шыңына жетемін.

7.Тілімді арымдай сақтаймын.

Дінімді тексіз боп шатпаймын.

Құқымның пәктігін дәлелдеп,

Ұлтымның бай тілін жаттаймын.

8.Ана тілін,ана сүтін ақтаған,

Оны Орхон Енисей де сақтаған.

Құрта алмаған тіпті «Алқакөл сұлама»

Қорғаған ел»Шұбырынды ақтабан»

ән;»Қазағым»

9.Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан.

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

10.Сол тілменен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен»Құлыным,жаным»деген.

Сол тілменен бірінші боп білгізген,

«Апа» деген сүйгендік тіл алып менен.

ән;»Ананың тілі»

111-бөлім.Көрнекіліктермен жұмыс.

 

1Ү-бөлім. Қорытындылау.

Қабдеш Жұмаділов.

«Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Оған қысылып-қымтырылу,ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат.Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады.Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей есіп тұрады.Қазақ тілінің биязы мақамы-домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқақ әуенділігі шырқап салатын әндей.

Тіл халықтың рухы,тұтастай кескін келбеті,болмысы.Тіл байлығы әрбір елдің,ұлттың мақтанышы.Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру әрбір-Қазақстан азаматына жүктелетін мақсат.

Ана тіліміздің мерейі үстем бола берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

  Нагорный орта мектебінің география пәнінің мұғалімі   

                                 Сқақова Ақселеу Ганиевнаға

                                       Сипаттамалық бет.    

 

 

 

 

 

Туған жылы:  1975

Ұлты:   қазақ

Педагогикалық жұмыс жасау мерзімі:18 жыл.

Білімі:жоғары.

Бітірген оқу орыны:Ақтөбе Мемлекеттік педагогикалық институты.

Сипатталып отырған мұғалім қандай қызметке және санатқа арыз беріп отыр:

1- санатқа(категория).

Сипатталып отырған мұғалімнің жұмысы туралы пікір:

Мұғалім сабақтарын оқытудың жаңаша түрлерімен түрлендіріп өткізеді.Жаңа технологияның элементтерін сабақтарында үнемі қолданып отырады. Сқақова Ақселеу бұл мектепте 1998жылдан бері еңбек етіп келеді.

Мұғалім 2008 жылы біліктілігін арттыра отырып,11-санатқа өткен болатын.

Бұл мұғалім осы аралықтарда өзін жан-жақты көрсете білді.Мектепішілік «Әдістемелік алаңда» ашық сабақ түрлерін көрсетіп,өз іс-тәжірибесімен бөлісіп

отырады. Оқушылары сырттай олимпиадаға қатысып,сондайақ аудандық пәнар

алық олимпиадаға қатысып алдыңғы орындарды иеленіп келеді.Сонымен қатар

«Тірек сызбамен оқытудың әдістемесі» тақырыбында әдістемелік құралы жарық

көрді. «Әдіскер жаршысы», «Өрлеу» сияқты әдістемелік журналдарға сабақ жос

парлары басылып шықты.

Мұғалім өз іс-тәжірибесін үнемі жетілдіріп отырады.Ұстаздар,ата-аналар

оқушылар арасында сыйлы,беделді.

 

 

Сарапшы комиссияның және мектеп әкімшілігінің қорытындысы:     

Дәрежеге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Жұмыс туралы пікір және қорытындымен таныстырылды.

Сарапталушының қолы                                        Cкакова Акселеу Ганиевна.

Сарапшы комиссиясының шешімі:  Дәрежеге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

Аттестациялау комиссиясының төрағасы:                                Сарықұлов С.Л

Орынбасары:                                 ЕркналиеваА.А

Хатшы:                                          Смаилова С.К

Аттестаттау комиссиясының мүшелері:                                    Мамбаева А.Б

Іліяс Г.Ж

Утепбергенова Ғ.Қ

 

Класс туралы жалпы мәлімет.

 

 

Бакытов  Бөкенбай Ыргизбай ұлы. 12.05.2004
Буркутова Лаура Нурланқызы. 21.12.2004
Еркінәлі Айсауле Маратқызы. 9.01.2004
Жайшылық Рахат Мейірбекұлы.

 

27.06.2004
Журунтаева Аида Ермекқызы.

 

26.01.2004
Кашкинбаева Айнур Муратқызы.

 

24.04.2004
Кенжебаева Ақмоншақ Жалгасбайқызы. 28.03.2003
Муратбаев Қасым Маратұлы.

 

7.12.2003
Рыскалиева Альбина Мурзагалиевна. 11.05.2004
Сапитов Батырхан Айназарұлы. 29.06.2004
Тажіханов Дастан Муратбайұлы. 12.12.2004
   

 

 

  Класс белсенділері

 

Топбасшы Журынтаева А.Е
Оқу секторы Еркналиева А.М
Тазалық секторы Буркутова Л.
Спорт секторлары Жайшылық Р.М Бакытов Б.Ы
Мәдениет секторлары Кашкинбаева А.М Журунтаева А.Е
Редколлегия мүшелері Тажіханов Д.М Жайшылық Р.М Еркінәлі А.М
Гүл суарушылар Бәрі