Түйінді  идеяларды білу  және  түсіну

 

                                      Түйінді  идеяларды білу  және  түсіну

«Мектептегі   мұғалім   көшбасшылығы» бағдарламасының   тыңдаушысы ретінде мен   өзіме  көптеген мағлұматтар   алдыа.  Маған қалай оқу керектігін үйреніп,соның нәтижесінде еркін ,өзіндік ой-пікір қалыптасып,  осыдан кейін менде «мұғалім не үшін өзгеруі керек » сұрақ пайда болды.Осы  сұрақты бағытқа ала отырып,осы сұрақ аясында жұмыс өрбітпекпін.  Әрине  мұндай   тапсырмалармен  мектептегі коучингтерге, тренингтерге қатысқандығым да бар ,  дегенмен  өз  білімімді  осында  жоғарлатып  жатқаныма   өзімді қуантады.  Осындағы таныстырылымдар  мен  топтасулардың  өзі де,  көппен  араласудың ,  пікірлесудің  мен  үшін   ең  қажетті байланыс  деп  білем.  Әрине  әлемдіөзгерту мен  қоғамды  түбегейлі өзгерту   ол мүмкін  емес,  дегенмен  бірлесе  отырып жұмыс жасап  жол  табудың  өзі  де   жаңалық. Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулық  бойынша бағыт  алып өзімнің жұмысымды өзгертіп жоспарладым.  «Мектептегі  мұғалім көшбасшылығы» курсында бағдарламаның жеті модулін оқып жатқандықтан, әр бір ұстаз өз сабағында осы модульдердің тиімді идеяларын негізге ала отырып  ықпалдастыру керектігін түсінемн. Талантты және дарынды балалардың  ақпаратты тез өңдей алатынын назарда ұстап және оқушылардың қалай оқитынын назарға ала отырып оларға нені оқыту керектігін және оқушылардың қажеттілігін ескере отырып оқыту  керек деп ойлаймын.Себебі «ДЖИГСО» әдісі бойынша балалар тақырыппен танысып тақырыпқа байланысты өздігінен реттеліп отырады.Мақсаты мен бағалау критерийлерін нақты  айқындап үй  тапсырмасын креативті түрде ойлндыратын тапсырмаға айландырып беремін.Мысалы: ортағасырлық дамыған мемлекеттер жайлы дәлелтауып  кел. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшелігіне де баса назар аударамын. Ол үшін  олардың мінез- құлқы ,тұлғалық ерекшеліктерімен  әлеуетіне қарай тапсырма беремін.

Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты есте сақтау қабілеті деәртүрлі әрі  ерекше болады.Оқушылардың кейбіреуі көрсе және бірі өздері істесе немесе  талқылыаса естерінде көбірек сақталады.Диалогтік оқыту барысында әңгіме-дебат  арқылы мен өз  мектебімдегі оқушыларымның еркін сөйлеуге деген ынтасын арттырамын деп ойлаймын.Сонымен қатар әрқайсысы өз пікірлерін дәйектермен келтіруге  ұсыныс жасай отырып әр- қайсысы өз шешімінде қалуға ықпал етемін.Ол үшін «дұрыс па ,бұрыс па» әдісі арқылы сөлетуге тырысамын.Оқушылар зерттеушілк әңгіме барысында мәселелерді айқындауға тырысады  себебі сұрақ қою барысында балар ізденеді,пікірлеу барысында олар келісімге келуі де келмеуі де мүмкін.Мысалы:Қарарахан кесенесі туралы айтылған аңызға байланысты әр бала өз пікірінде қалады.Сұрақ қою барысында балаларға түрткі болатын,сынақтан өткізетін, басқаға бағытталған сұрақтар қою арқылы балалардың білімінің  есте сақтауына ықпал етемін. Сұрақтар қою немесе жауап беру үшін  балалар ойлануға және ойландыруға мәжбір болады ,әрі  сабақ тартымды өтеді.Балалар мақсатқа жету жолында қиналмайды әрі сабаққа қызығушылығын  арттырады.Тарих  сабақтарында пайдалынатын 7 модульдің бірі Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың ойлану дағдылары қалыптасады  деп  ойламын.   Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған (Тарихи шолу). Оқушылардың сыни ойлауға жетелеу үшін жетекші сұрақтарды қоя білу қажет. Сабақтарда жетекші сұрақтарды қою арқылы  нақтылыққа, логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап беруге жетелейтін тапсырмалар болады. Мысалы: Ортағасырлық мемлекеттер арасындағы даму ерекшеліктері туралы не айта аласың? Жаңа тақырыпты  меңгеруде сын тұрғысынан ойлау арқылы  бақылау, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және сараптауда  қолданылатын әдіс болып табылады  Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез-келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды делінген.  Нәтижесінде оқушылар өзгенің ой-пікірлеріне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Cабағымды жоспарлау барысында Блум тaксономиясын қолдaнaмын.Себебі оқушылардың танымдық  саладағы дағдылары белгілі бір тақырыпты білуге, түсінуге, сыни ойлауы тұрғысынан қаралады  деп  ұғындым. Нәтижесінде оқушылар өзгенің ой-пікірлеріне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Выготскийдің оқу моделі оқушы диалогтік оқыту нәтижесінде білім алады деп жорамалдаса, Мерсердің айтуынша да, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмaсу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген тұжырымдамасын жадымнан шығармауға тырысамын.  Осы қағиданы басшылыққа ала отырып, оқушылардың жеке жұмысынан кейінгі жұптық және топтық жұмыстарға, идеяларды талқылатуға баса назар аударамын. Блум таксономиясының «талдау»  және «қолдану» кезеңіндегі, зерттеушілік әңгіме жүргізу  диалог жасату, өткен тaқырыпты әрі еске түсіртіп, жaңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылап отыру тиімді болып табылады деп ойлаймын. Жұмысты жұп немесе топ құрамында орындау орындаушылардың  барлығын дерлік белсендіреді.Метатанудың дағдысын игермеген оқушыларым да бар олар қиындыққа кездеседі, менен көмек сұрайды. Мұндай кезде Выготскийдің «ЖАДА»-сы мен Жером Брунердің «Көпіршелер тұрғызу» метафорасын бағытқа алмақпын.  Сабақ барысында жас көшбасшыларға ресурсты үйлестіру кезінде, топ мүшелерінің міндеттерін бөліп беруде қолдау көрсету басты міндет екенін  назарда ұстауым керек.  Оқушының оқу мақсаттарына жеткенін білу  бағалаудың өте маңызды аспектісі   болып табылатынын менің жолымда жанған шамшырақ деп елестеттім. Өйткені Блэк пен Уильямның «Қара жәшік» метафорасының философиясын зерделегеннен кейін, өзін-өзі бағалауды, бірін-бірі бағалауды бірден сабақ жоспарына енгізуді басшылыққа алдым. Себебі бағалаудың бұл формасы оқушыға қалай оқу керектігін үйрететініне курс барысында көз жеткізген болатынмын. Дұрыс жауапқа қол шапалақтау, ынталандыру  және «Екі жұлдыз, бір тілек», «Мадақтау сендвичі» әдістері оқушылардың сенімін нығайтады. «Өзін-өзі бағалау», «жұптық бағалау», «топтық» пен «Кезектесіп қайталау» стратегияларымен жұмыс істеу барысында  оқу үшін  бағалауды қоса жүргіздіртіп отырамын.  Сабақ соңында немесе әр әдіспен жұмыс соңында да кері байланыс жасауға арнайы уақыт бөлемін. Кері байланыс алудың тағы бір түрі — «Оқушыдан интервью алу парағы», «оқушы  үнін» тыңдау.  Кері байланыс жұпта орындалады. Алдын-ала сұрақтар жазылған парақтар беру арқылы оқушылардың әрі сабақты түсіну деңгейін анықтаймын, әрі тақырыпты түсінбеген тұстарын ертеңгі сабаққа жоспарлауға мүмкіндік алып  жоспарлаймын. Критерийлерді бірлесе құрастыру мен кері байланыс кезінде өз ойын айту бағалауға деген позитивті көзқарасты қалыптастырады. Мұндай бағалауды маңызды деп есептеймін, себебі өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену туралы ойлану — бұл оқушының өз біліміне деген жауапкершілігін арттырады.Ал енді мен өзімнің төртінші  сабағыма келетін болсам: сабағым барысында сын тұрғысынан ойлауды дамытуды басымдылыққа алып  отырмын  себебі балалар сын тұрғысынан ойлану барысында  бір-біріне сұ-рақтар қояды .Сабақтың қорытыланатын кезеңі болғандықтан Блум таксаномиясының білу,түсіну,қолдану ,талдау мен жинақтау  дағдалары  бойынша сабақты жоспарладым . «Сәйкестендіру»тесті бойынша балалар өткен тақырыпта алған білімдерін еске түсіреді және сәйкестендіреді.Жаңа тақырыптың мақсатына жету  үшін «кластер» әдісін пайдаланамын себебі балалар білімін қолдана отырып Қарахан мемлекетіндегі өзгерістерді реттеп тірек сызба арқылы бір-біріне түсіндіріп береді. «Кластер» әдісін қолданғанымда  Қарахан  мемлекетінің  қалыптасуы бойынша  оқушылар арасында  ЖАДА дамиды, өз тобындағы белсенді оқушылардан топтық жұмыс барысында мотивациясы төмен  оқушылар көмек бере отырып, білімдерін толықтырады, білімдерін  дамыту  дағдылары қалыптасады Осы жұмыстың соңында олардан  «Не айтер едің » әдісі арқылы кері байланыс аламын себебі балалар дұрыс жауабы үшін ынталандырылуы қажет немесе қатесін дер кезінде түзете білуі керек. Келесі тапсырма үшін«Тансляция» әдісін алып отырмын. Себебі «Трансляция» әдісі арқылы балалар жеке жұмыс атқарады.Бұл тапсырман үлгерімі жоғары балаларға беріп отырамын.Топтағы жылдамдық пен ұйымшылдық байқалатын  тағы бір әдіс ол «ҰСМҚ» әдісі.Бұл әдіс бойынша балалар сыни тұрғыдан ойлану арқылы білмдерін жинақтайды және ұсыныс айтады.Тапсырма соңында  «өзара бағалау» әдісімен  кері байланыс аламын.Оқушыларға қатені табуға өздеріне мүмкіншілік беремін.Себебі өздері ізденіп ,тәжірибеде қолданған бала оқуға,  ізденуге тырысады.Жұптық жұмыс жасау барысында мативациясы төмен оқушының қызығушылығын артыру мақсатында оның сурет өнерін пайдаланамын.Себеі  мақсатым ЖАДА бойынша алдындағы мотивациясы орта оқушы арасында көпіршелер орнайды деп сенемін.Мотивациясы төмен оқушы көзбен көру арқылы есінде сақтап қалады. «Үшбаған» кестені толтыру арқылы ислам дінінің Қарахан мемлекетінің дамуына тигізген әсеріне талдау жасайды. «Үшбаған» кестесін толтыруда ислам дінінің ықпалын анықтау  кезінде  мотивациясы жоғары оқушылар өздерінің ойлау дағдыларының жоғарғы дәрежесін көрсетеді деп ойлаймын. Сабағымды қорытындылау барысында «4есеп » арқылы кері байланыс аламын мысалы:оқушылар өздеріне түсінікті болған жағымен түсініксіз жақтарын сонымени қатар оңай жақтарын және қиналған жақтарын айтады. Осы арқылы мен олардың не түсінгенін және қиналған жерлерін айқындаймын.Келесі сабағымда кедергілерді  қайталамауға тырысамын.

Бүгінгі  таңдағы оқушылардың оқуы  мен оларды  оқытуда анағұрлым  өзекті модульдің  бірі сын тұрғысынан ойлану деп санаймын.Мен    мұғалімдерді сын  тұрғысынан ойлауға дағдыландыру  үшін олармен  коучинг жүргізуді жоспарладым. Жұмыс барысында коучинг сөзінің  аудармасы тәлім ету, дайындау, жатықтыру екенін түсіндім. Коучинг өтер  алдында мұғалімдермен сұхбаттасу арқылы өзекті мәселелерін  анықтап, проблеманың шешу жолын  қарастырамын . Мектептің білім деңгейін дамыту үшін оқытудың  белсенді әдістерін  пайдаланған  кезде  мұғалімдердің оқыту сапасы жақсаратыны анық.  Сабақ  беру үдерісінде оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану оқу белсенділігін арттырады, сұрақтарға сыни ойлана жауап  беруге  дағдыланады. Сыни ойлау барысында оқушылар ұтымды ой пікр айтуға ұмтылады.Оқушыларға  сұрақ қою  барысында олардың  тіл байлығы мен дүниетанымдары кеңейеді.Сонымен қатар өз ойларын ашық айтуға ұмтылады.Бұл жерде пайымдау қалыптасады.Оқушыларда өзіндік сана- сезім қалыптасады. Коучинг сабағымды жоспарлай отырып мен  өз бойымда  терең ойлану, зейін салып тыңдау,  мәселені анықтау, оны  шешуге апаратын сұрақтар дайындау  керектігін анықтадым. Мектептегі іс-тәжірибемде  өтілетін коучингімді «Оқу мен оқыту үдерісінде сын тұрғысынан  ойлаудың  тиімділігі» тақырыбында  өтуді  жоспарладым.  Сын  тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы  білім беруді дамыту  үшін  маңызды  болып  табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль  оқушылардың да, мұғалімдердің де сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды саналы  және  ойлана   қабылдауын  қамтамасыз етеді деп ойладым. Коучингімді өтер  алдында  мектеп әкімшілігімен және   өзге де мектеп көшбасшыларымен сұхбаттасып талдау  жасап пікірлестім.   Анықталған проблемаға  байланысты, осы тақырыпты  алу  себебін  түсіндіріп  оның  тиімді  тұстарына  мысал келтіремін. Бұл коучингті  өтудегі  мақсатым мұғалімдерге сын тұрғысынан ойланудың маңызын  түсіндіре  отырып, іс- тәжірибелерінде тиімді  қолдануға  бағыттау. Мақсатыма жету  үшін  коучингімде сын тұрғысынан ойландыратын бірнеше  әдістерді қолданбақшымын.   Ұйымдастыру  кезеңінде  мұғалімдердің  арасында  жағымды  ахуалды  қалыптастырып,  ынтымақтастық ортасын құрамын. Еліміздің  табиғат  көріністері бойынша «Мозайка» әдісін пайдаланып, топқа бөлемін.  Тапсырмаларды  топтық  жұмыс  арқылы  жасағанды  жөн  көрдім,себебі топтаса жұмыс жасағанда ЖАДА бойынша  «көпіршелер»  арқылы пікірлер толығады. Мұғалімдердің сыни ойлануын  дамыту  мақсатында «кинометаграфия» әдісіне салып  логикалық  суреттер  көрсетемін.  Сурет бойынша өз ойларын тыңдаймын және сурет желісін ұйымдастырып өздеріне кино шығаруға тапсырма беремін. Суреттерді талқылау  барысында  тақырыпты ашады, мақсатты айқындайды . «Миға шабуыл» әдісімен мұғалімдерге сыни  ойландыратын  сұрақтар  қоямын, сұрақтарға  талдау жасау арқылы кері байланыс беріп өтемін.  Топқа «Жалғасын сомдау» әдісі арқылы «Тағдыр»   атты бейнефильм көрсетіп, бейнефильмнің ортасынан  тоқтатып жалғасын жаздырып, оқытамын мұндағы мақсатым  мұғалімдерге пайым жасату.  Тақырып  ашылған соң  сын тұрғысынан  ойлаудың  оқушылар  үшін  маңызы  мен осы  модуль бойынша қолданылатын  әдіс  тәсілдерге тоқталып  өтемін, осылайша мен сын тұрғысынан ойлаудың өзектілігін көрсеткім келді.  Мұғалімдерге  келесі тапсырма «Тамшы» , «бала» бейнелеріне   қарап  ,сұраққа жауап беруді тапсырамын,себебі сұрақ қою арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау өрісі кеңейеді. Әріптестердің  түрлі  көзқарастарын отырып, оқушының  көзқарасының  әртүрлілігіне  тоқталып өтемін. Осы тапсырмаға қысқаша кері байланыс  беремін, FILA-кестесіне салып,мәтіннің мазмұнын ашады. Мұғалімдер оқушының сыни ойлауын жетілдірудегі  мұғалімнің  рөлі жайлы қорытынды  пікір айтып өтеді. Сонымен қатар әріптестеріме өздерінің  сабақ жоспарларына сыни тұрғыдан ойлануды талап ететін  тапсырмаларды кіріктіруді беремін. Орындаған тапсырмаларын оқып, талдау жасайды,пікірлеседі.  Әріптестерімнің  бір-бірімен пікір алмасуы  олардың сыни ойлау дағдылары   артады деп сенемін. Топта  бірлесе  отырып берілген мәтінің негізгі  идеясын  ашуға  ұмтылады. Нақты  айғақ, құнды ой іс-әрекет жоспарын анықтау арқылы зерттеушілік әңгімеге  түсіп,  бірлесе  жұмыс  істеу дағдылары  дамиды.  Келесі тапсырма «Үздіктер сайысы» әдісімен  тақырыпты түсінгендерін  білемін. Әріптестер топтық  жұмыс  жасау арқылы оқушы бойында  сын тұрғысынан ойлану  дағдыларына әсер ететін факторларды анықтайды.  Қорытынды ойларын А4 парағына  жазып «Сендвич» әдісі арқылы  коучинг тақырыбы сын  тұрғысынан ойлау  туралы  кері  байланыс  жасайды, мұндағы мақсатым мұғалімдерге өз қателігін түзетуге мүмкіндік беремін. Әр мұғалім бағдарламаның  жеті  модульдерін  сабақтастыра   білсе нұр үстіне  нұр болатыны айдан  анық,  деп  шештім. Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар, мысалы: мектепте ересектерді де балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы жоғары мәдениетті оқу отасын қалыптастыру мүмкін екенеін ММК курсының тыңдаушысы  ретінде ұғындым. Әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің қызығушылығын ояту мақсатында   тәлімгерлік жүргізіп,бағдарламаның 7 модулнің негізгі идеяларымен  таныстырып өтемін.Сол  арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін сабақтың тиімділігіне  мүмкіндік беретін  дағдыларды  дамытамын.Осының аясында  мектептегі іс-тәжірибеде  тәлімгерлік  үдерісінің  қадамдамын  жүргізу үшін  мектеп  әкімшілігімен кездесу өткізіп. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасындағы модульдердің түйінді идеияларымен таныстырып өтемін. Өзімнің  тәлімгерлік жұмысымды жүзеге  асыру  мақсатында «Қоғамдық гуманитарлық пәндер» әдістемелік бірлестігі  мүшелеріне бағдарламаның жаңа  өзгерістері туралы  таныстырылым  жасап шығамын. Ұжымдағы мұғалімдермен осы бағдарлама бойынша сауалнама жүргізіп мектептегі проблеманы анықтаймын. Осы сауалнамадан кейін әріптестерімнің  ішінен тәлімгерлік үдеріске қызуғышылық танытқандардың  бірімен жеке сұхбат  өткіземін.  Жеке  сұхбаттың нәтижесінде тәліпті бұл  үдерістегі жауапкершілігін сезінеді  деп  ойлаймын. Тәлімгер етудегі басты  мақсатым  мұғалімдермен кәсіби бағытта қарым – қатынас жасау болатын. Тәжірибе кезеңінде тәлімгерлік арқылы  тәліптің  мүмкіндіктерін ашу, стратегиялық деңгейде жаңалықпен  алмасу, мақсат қою оған  жету  жолдарын жоспарлауға көмектесу міндетін атқарып, осының негізінде  тәлімгерлік үдерісі бойынша жоспарымды бастадым. Сол үшін сыныптардағы дәстүрлі сабақтарға енемін. Тәлімгерлік ету  кезеңінде  тәлімгер өзінің білімі мен  тәжірибесін бөліседі, ал тәліп еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету  мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді деп ұғындым.   Менің тәлімгерлік ету үдерісім тәліптің  кәсіби дамуына  ықпал етеді деп сенемін. Тәліптің рұқсатымен оның тәжірибесімен, біліктілігімен жақын таныса отырып, нәтижесінде сабағына енемін.   Сабағына қатысқаннан кейін  тәліптің  қажеттілігіне қарай алдағы  өтетін кездесулерімізде кедергілер шешімін табатынына сенемінсонымен қатар  мақсаттары  айқындалады  деп сенемін. Тәліптің дәстүрлі  сабағы  түсірілген бейне  жазбаны  пайдаланып оның  сабағындағы  кедергілерді  өз  бетінше жою дағдыларын  қалыптастыруға  әрекет  жасаймын. Әріптесімді  коучингіме  қатыстыра  отырып  олардың  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясындағы  оқушылардың  ойлау  дағдыларын  дамытуға  байланысты  тәжірибесінің артуына мүмкіндік  жасаймын. Коучингке  кері  байланыс  бере  отырып тәліп сын  тұрғысынан  ойлаудың  түрлі әдіс-тәсілдерін  меңгереді және  олардың яғни мұғалімдердің  оқу  үдерісінде  тиімді пайдалануға  дағдыланады. Тәліппен жеке қарым – қатынасқа түсу  барысында,тәліп кедергілерді  өз  бетінше  шешуді және  7 модульдердің негізгі идеяларын   тиімді  қолдануға  дағдыланады.  Келесі  аптада тәліппен  бірге оның  алдағы  сабағын  бірлесе  жоспарлаймын. Сабақ  жоспарларымда әдіс-тәсілдерді  енгізу  жолдарын  талдап,  тәжірибе  алмасамын. Тәліппен  қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарына сыни тұрғыдан ойланудың стратегияларын  ендіре отырып ,оқушылардың білім деңгейін дамыту жолдарын қарастырамыз. Тәліптің  жетістігін  байқау мақсатында бірлесіп  түзілген сабақ  жоспарына сәйкес сабаққа енемін. Әрине сабаққа  енуден  кейін сабақтың өту  барысымен,  оқушылардың  меңгерулеріне тоқталып талдау жасап отырамыз.   Оқушыларды  дамыту  мақсатында әдіс-тәсілдердің  тиімді  тұстарын  қарастырамын. Тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалануда сабақ жоспарының тиімділігі байқалып оқушылардың деңгейі көтеріледі деп сенемін. Сабақта  өз ойын  ашық  айта алмай қысылатын, ұяң  оқушылар ауылда  кездеседі,сондай  оқушылардың ашылуына көмегін береді деп ойлаймын. Оқушылар сабақта тақырыптың  мазмұнын толық  ашу  үшін оларға дұрыс  тиімді стратегияларды қолдану керек.  Сонда тиімді сабақ өтіліп, тақырыптың  мазмұнын  терең   түсініп  өмірде пайдалана алады деп ойлаймын.Сабақтан соңынан   кейін талдау  жасай  отырып  әріптесіміз  екеуіміз міндетті түрде  жетістікке  жетуге  ұмтыламыз.  Тәліп  өз  мүмкіндіктерін  пайдалануға ынталанады, өзіне  деген  сенімі артады. Тәліптің шығармашылық  табыстарын  талқылау  мақсатында тәлімгер ретінде  кәсіби  сұхбат  өткіземін. Оған  алдағы  уақытқа өз  тәжірибесінде  кәсіби  дамуын  жетілдіру жолдарын  ұсынамын. Тәлібіме үйрете  отырып  өзім де үйренемін,  деп  ойлаймын.  Алдағы  жұмысымды  іске  асыру жолында атқарылған  жұмыстарды қорытындылап тәлімгерлік үдерістің нәтижесін талдаймыз.Өз ісіне баға беріп ,өзін-өзі  алға  бағыттау өздігінен реттелу біз үшін  болашақтың  жарқын жолы болып табылады -деп сенемін.

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық .

2.Үлестірме материалдар.

3.Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс .Шымкент 2017ж