Музыкадағы күз

Тақырыбы: Музыкадағы күз

 

Мақсаты: Балаларға күзгі табиғаттың әдемілігін музыка арқылы

сезінуіне тәрбиелеу. Тапқырлық, жылдамдық

ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Психологиялық сәт. Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз,

Иіліп сәлем береміз.

 

Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар.

 

Балалар: 4 жыл мезгілі бар.

 

Тәрбиеші: Ал балалар, біз жақында қандай мерекені тойладық.

 

Балалар: Күз мерекесін тойладық.

 

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі екен?

 

Балалар: Күз мезгілі.

 

Тәрбиеші: Жараисыңдар балалар!

 

Тәрбиеші: Мен сіздерге шағын ғана өлең оқып береиін  тыңдаңдаршы.

 

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

 

Тәрбиеші: Балалар өлеңде не туралы айтылған?

Күз мезгілі туралы.

 

Тәрбиеші: Күз мезгілінде күн салқындайды, жаңбыр жауады, ағаштар

жапырақтар сарғайып, жер бетіне түседі үстімізге жылы киім

киеміз, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жемістер мен көкеністер

піседі.

 

Музыка оиналады. Әуенмен шыр көбелек аиналып «Музыкадағы күз»

кіреді. «Қолындағы жапырақтарды жерге жан-жаққа шашады.»

 

Музыкадағы күз. Амансыңдар ма балалар! Бүгін желдің лебі мені сендердің

Орталарыңа алып келді. Сіздер музыкадағы күзге күз туралы

жұмбақ өлең айтып беріңдерші.

 

Тәрбиеші: Олай болса, төрге шық Музыкадағы күз.

Балалар бәріміз музыкадағы күздің тілегін орындап бір ән шырқап береиік.

 

Ән: Күз жомарт.

 

Музыкадағы күзге әндерің  ұнаған.

Ендеше мен сіздерге жұмбақ жасырам соның шешуін табуға көмектесіңдерші.

 

Жұмбақтар: Қалың киінгенді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

 

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар. (сәбіз)

 

Көкпеңбек еді көктемде

Қызарды күз жеткенде. (қызанақ)

 

Қырыққабат жейде,

Осыны да жеиді ел. (қырыққабат)

 

Тамаша балалар өте тапқыр екенсіңдер енді ойнап озайық.

 

Ойын «Кім жылдам»

 

Музыкадағы күз балалар рахмет сендерге, өнерлі екенсіңдер ризамын.

 

 

Тәрбиеші:

Ал сау болыңыз келесі күзге деиін сау болыңыз.

 

 

Бізге балалар қонаққа кім келді?

«Музыкадағы күз»

Күз айы сіздерге ұнайма?

Ұнайды .

 

Қоштасу шеңбері:

 

Келдіңіз бүгін,

Бақшаға біздің

Жұлдыздай жайнап

Жүріңіз жарқырап.