«Ойыншықтар»

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы:17.09.2018ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлемді дамыту

Тақырыбы: «Ойыншықтар»

Мақсаты:

Білімділік: ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын.

Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорларын дамыту

Тәрбиелік: олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамдарын кеңейту. талдау. әдемілікке тәрбиелеу
Билингвальдық құрауыш: Ойыншықтар әлемінде, доп, қуыршақ, жұмсақ ойыншықтар, матадан жасалған ойыншықтар.
Керекті материалдар: ойыншықтар:

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.
Ұйымдастырушы ізденуші Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп, олар қандай әсем, әдемі ойыншықтар. Балалар мынау қандай ойыншық?
— Доптың пішіні қандай?
— Түсі қандай?
— Доптың қимылы қандай?
— Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
— Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
— Дұрыс айтасыңдар. Қуыршақпен
Ал мына қуыршақ бізбен амандасқысы келіп тұр. Балалар қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен.
Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай? Қуыршақ қалай жүреді?
— Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді?
— Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
Машинамен ойнайды.
— Ал машинаның түсі қандай?
Кім машина туралы тақпақ біледі?
Сендердің үйлеріңде қандай ойыншықтарың бар? (Балалардың жауабы).
— Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жұмсақ, қатты, резиналы. Көрмеге темірден, ағаштан, пластмассадан және матадан жасалған ойыншықтар қойылады. Бір ойыншықты біз ойыншық дейміз. Ал, көп ойыншықты қалай атаймыз? (Балалардың жауабы).
Балалар біз бұл ойыншықтарды қолымызбен ұстап, сипау арқылы оларды қандай екенін білеміз. Балалар қане есімізге түсірейікші, ойыншықтар қандай заттардан жасалады.
— Балалар, «ойыншық» деген сөз қандай әріптен басталады.
— Дұрыс айтасыңдар.
— Ал қуыршақ ше?
— «К» әрпінен басталады.
— Доп деген «Д» — әрпінен басталады. Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар, енді сергіту жаттығуларын жасаймыз.
Жел уледі: у — у — у
Құйын келіп биледі зу — зу — зу
Қатты, қатты жел соқты гу — гу.
Жапырақтар қол соқты ду — ду.
Шыдай алмай жапырақтар ах — ах.
Билеп кетті қалтырап пах — пах.
Балалар мен сендерге сиқыр көрсетейін бе? Беті жабулы ойыншықтарды сиқырлы таяғымен түртіп, ойыншықтардың бетін ашып жібереді. Балалар бұл ойыншықтарға мен тіл бітірдім, олар енді сөйлейтін болды.
 

 

 

Домалақ

 

Жасыл

 

Иа

 

 

Қуыршақ

 

 

 

 

Қызыл

 

 

 

 

Машина

 

 

Ақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

О әріпі

 

Қ әріпі

 

 

Д әріпі

 

 

 

 

 

 

 

иа

Рефлексивті коррекциялаушы Балаларға сұрақтар қойылады Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтарды,
Нені игереді:Ойыншықтарды, оларды топтастыруды
Нені меңгереді: Ойыншықтар туралы ойынды ойнауды