Сындарлы оқыту теориясы бойынша оқытудың тиімді  бағалау әдісі

 

Сындарлы оқыту теориясы бойынша оқытудың

тиімді  бағалау әдісі

 

 

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясы кең тараған.Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым көпшілігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып , бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік бере бермейтінін тілге тиек етеді.Яғни сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту. Алған білімдерін сыныптан тыс жерді, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Біліктілікті арттыру бағдарламасы жеті модуль  түрінде берілген. Осы модульдердің ішінде математика пәніне тиімділік тұстарын ескере отырып, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің өз сабағымдағы тиімділік тұстарын ұсынғым келіп отыр.

«Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау»

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған  қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.Формативті және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылығы 1960- жылдардан бастап белгіленген. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады.

Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысы шығару  болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының  мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне, болашағына ықпал  етуі мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек.

Бағалаудың негізгі мақсаттарын анықтау, орта мектепте сауаттылық пен математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілеу өткізілуі мүмкін және одан кейін өзінің тарапынан түзетулер енгізуге мүмкіндік беруге болады.Жетістікке жеткендігін көрсететін   кері байланыс жүргізуге болады . Стандартқа сай білім берілгенін бақылау және орындауға мүмкіндік береді. Бұған мысал ретінде ұлттық бірыңғай тестті талқылауды алуға болады. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылауға мүмкіндік береді.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы: Бұған дейін  көптеген мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналары бағалауды оқыту үшін және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады.Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгірісті талап етеді. Оқыту үшін бағалау дегеніміз осы болып табылады.

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адаммен не айтып не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал тестілерден және емтихандардан бастап , мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізілетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты.

Бағалаудың түрлері төмендегілерді қамтиды:  1) Бақылау .    2) Алынған мәліметтердің интерпрентациясы. 3) Бұдан арғы іс- әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін.

Бақылау өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын , қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс –әрекетті яғни балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған  сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін , Бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады.Бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берілген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтің мәнін анықтауы қажет.

Интерпрентация қызығушылық тудыранын, ерекше дағдыларлар, көзқарастар мен оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай  параметрлерді көбінесе өлшемдер деп атайды., және оларды оқытудың мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте бағалау бөлігі ретінде бақылау алдын- ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі., бірақ кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әректтесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды, және өткенді шолу өлшемдерін қолданады. Осыған байланысты интерпрентацияны кейде «логикалық қорытынды» деп те атайды.

Оқыту үшін бағалау –білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері  қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бағалаушы тұлға тек мұғалім емес, оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі керек.

Оқытуды бағалаудың мақсаты: Оқушы қазіргі уақытқа дейін не оқып білгенін жинақтау болып табылады.Ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай қорытындылар стандарттарға, межелілікке сәйкес/сәйкес емес деген нысанда жасалады. Мұндай әдіс ұлттық деңгейде мектептің білім беру қызметін бақылауға қызығушылық адамдарға мәлімет беруге қолайлы болады.

Бағалау сипатын өзгерту арқылы оқуды бағалау  оқыту үшін бағалау ға ауыстырылуы мүмкін.Бірақ бұл тікелей оқытуға үлес қосатын  мәліметтерді алу үшін жоспарланбағандықтан, ол оқыту үшін  бағалауды ескере отырып жоспарланған  бағалаумен салыстырғанда, бұл мақсат үшін онда сәйкес келмеуі мүмкін. Мұғалім жүргізетін  жиынтық бағалауға қарағанда сыртқы тестілер анағұрлым проблемалы болып  табылады, себебі мұғалімдер балдар мен деңгейлерге негіз болған мәліметтерді алуға үнемі мүмкіндік бола бермейді. Оның үстіне мұғалім  жиі кездесетін қателер талдауын қолдана алады.

Қорыта келгенде бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті.

  1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
  2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
  3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
  4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.
  5. Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінуге қажеттілік. Яғни оқушының өзін –өзі бағалауын дамыту керек.

Сабағымды  «маршрут картасы»  бойынша  жүру арқылы межеге жетуге,критерийлар арқылы бағалауды енгіздім. Әр тапсырманы орындаған сайын есептер күрделілігі арта түсетіндей етіп  критерий қойдым бұл әдісте оқушылар өздерінің қай деңгейде екендігін біліп, келесі деңгейге қарай ұмтылуына өзін -өзі бағалауына  мүмкіндік бердім. Үздік оқушым берілген  критерийлардың барлық этаптары бойынша  тапсырмаларды орындай алатынын дәлелдеді. Сабаққа ынтасы төмен оқушымның екінші критерийдің тапсырмасын орындауға ұмтылып отырғанын байқадым. Оған сенім білдіру арқылы сол тапсырманы орындаттым және келесі тапсырманы да орындай алатын шығарсың ,деп алға ұмтылыс жасауға ықпалымды тигіздім.Крийтерилийлер арқылы бағалаудың сабағымда тиімді жерлерін атап өтетін болсам: Сыныпта барлық оқушына бағалауға мүмкіндік берді., яғни оқушымның өзін- өзі бағалап алға ұмтылыс жасауына  ықпалын тигізеді екен. Осы сабағымның жоспарын ұсынғалы отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің аты- жөні: Сманова Динара  Пәні: Математика               Сыныбы:  5- сынып

Сабақтың тақырыбы:  Шеңбер және дөңгелек тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:- Шеңбердің радиусы мен диаметрін табу формулалары бойынша есептер шығару

– Оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру

Сабақтың нәтижесі:    -Шеңбердің диаметрі мен радиусын формуласын  өз беттерінше пайдалана алады

—      Өздерінің деңгейі бойынша есептерді шығара алады

Уа-қыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Пайдаланған  көрнекіліктер
5-мин Кіріспе.

Тұлға аралық байланысты орнату

Сыныпты жануарлар суреттерін құрастыру арқылы топқа бөліп отырғызу.

 

 Жануарлар суреттерін пайдаланын топқа бөлініп отырады, Түрлі түсті стикерлер
7-мин Тұсаукесер.

Өткен сабақтағы үй тапсырмасын ауызша сұрау

Қызығушылық назарға қол  жеткізу Бүгінгі сабақтың барысында орманға саяхатқа шығатынымызды. Саяхатқа барар жолда бірнеше жануарлар бізге кедергі келтіретінін олардан өту үшін тапсырмаларын орындауымыз керек екенін түсіндіріп өтемін. Жануардардың мінездеріне күштілігіне қарап тапсырмалар қиындай беретінін, өз деңгейлеріне қарап тапсырманы алулары керек екенін айтып өтемін

 

 

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, Үй тапсырмасына ауызша жауап береді Тест парақ-

шалары

25 Негізгі бөлім.

-Бірінші кедергі қоянның тапсырмасын орындау. Өткен тақырып бойынша рефлексия жүргізу. Ауызша сұрақтар.

-Екінші кедергі  Тиіннің тапсырмасы шығаруға міндетті тапсырмалар.

-Үшінші кедергі . Маймылдың тапсырмасын орындайды.Сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырма топтық жұмыс.

— Төртінші кедергі . Жолбарыстың тапсырмасы орташа деңгейде берілген тапсырма.

— Арыстанның тапсырмасы. Талантты дарынды балаларға арналған тапсырма.

 

 

 Әр кедергіде қай оқушы сұраққа жауап берсе немесе есеп шығарса сол тапсырманың тұсындағы өздеріне  бір бал қойып отырады

-Қоян тапсырмасына ауызша жауап береді.

— Тиіннің тапсырмасын тақтаға №372,373 есептерді шығарады әр топ өз тобына берілген есепті бірге шығарады

— Маймыл тапсырмасындағы есепті топта талқылап өз ойларын дәлеледеуге әрекет жасайды

— Әр топтан бір оқушы  шығып тапсырмаларды орындайды.Топтар сол есептерді шығарып отырады

-Арыстанның тапсырмасындағы есепті дәлелдеп тақтаға шығарады. Топта отырғандар шығарып өздеріне бал жинауға мүмкіндігі бар

 

Ватман

қағаз

Слайттар

Оқулық

8 мин Қорытынды бөлім. Үйге тапсырма беремін

Әр кедергіден өткен сайын тапсырма жоғарысындағы әріптерді ашып отырып ЖАРАЙСЫҢ деген сөзді ашамыз . Сабақты рефлексия арқылы қорытамын. Фармативті бағалауды Мені таңқалдырды. Мені ойландырды деген қағазға өз ойларын жаздырамын.Жиынтық бағалауды бағалау парағындағы жануарлардың тапсырмасын орындауына қарап шығарамыз.

Мені таңқалдырды. Мені ойландырды, Менде сұрақ туындады плакатына  өз ойларын жазады .

Үй тапсырмасын жазып алады

Ватман қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалімнің аты- жөні: Сманова Динара

Пәні: Математика               Сыныбы:  5- сынып

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Шеңбер және дөңгелек тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: — Шеңбердің радиусы мен диаметрін табу формулалары бойынша есептер шығару

Дамытушылық: – Оқушылардың өзіндік ізденістерін,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру

Тәрбиелік: Тапсырманы тиянақты орындауға,шапшаңдыққа, ұйымшылдыққы үйрету.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Аралас, ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топтарға бөлу, ой қозғау, деңгейлеп оқыту, практикалық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Орманға саяхатқа арналған сурет жануарлар суреттері,Интерактивті тақта ,  Бағалау парақшалары

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Тұлға аралық байланысты орнату.Сыныпты жануарлар суреттерін құрастыру арқылы топқа бөліп отырғызу.

Тұсаукесер.

Өткен сабақтағы үй тапсырмасын ауызша сұрау.Қызығушылық назарға қол  жеткізу Бүгінгі сабақтың барысында орманға саяхатқа шығатынымызды. Саяхатқа барар жолда бірнеше жануарлар бізге кедергі келтіретінін олардан өту үшін тапсырмаларын орындауымыз керек екенін түсіндіріп өтемін. Жануардардың мінездеріне, күштілігіне қарап тапсырмалар қиындай беретінін, өз деңгейлеріне қарап тапсырманы алулары керек екенін айтып өтемін.Топта топбасшы әр оқушының тапсырма орындауына қарап бағалау парақшасына белгілеп отырады.

-Бірінші тапсырма: қоянның тапсырмасын орындау. Өткен тақырып бойынша рефлексия жүргізу. Ауызша сұрақтар.

1) Қандай фигура шеңбер деп аталады?

2) Қандай кесінді шеңбердің радиусы деп аталады?

3) Диаметр радиустан неше есе ұзын?

4) Шеңбердің доғасы деп нені айтады?

 

-Екінші тапсырма:  Тиіннің тапсырмасы шығаруға міндетті есептер.

№372  1)Шеңбер радиусы:5см,3дм,2м. Диаметрін табыңдар.

2)Монетеның диаметрі: 24мм,18мм.Монетеның радиусы неше мм.

№373  Радиусын табыңдар

  • Шеңбер диаметрі:10см,6дм,7дм4см
  • Айдың диаметр 3476км
  • Күннің диаметрі 1 392000

-Үшінші тапсырма . Маймылдың тапсырмасын орындайды.Сыни тұрғыдан ойлауға арналған тапсырма топтық жұмыс.

— Төртінші тапсырма . Жолбарыстың тапсырмасы орташа деңгейде берілген тапсырма, әр топ бір есептен тақтаға орындайды.№374, №375, №376

 

— Арыстанның тапсырмасы. Талантты дарынды балаларға арналған тапсырма.

 

Қорытынды бөлім. Үйге тапсырма беремін №379,№380

 

Әр кедергіден өткен сайын тапсырма жоғарысындағы әріптерді ашып отырып ЖАРАЙСЫҢ деген сөзді ашамыз . Сабақты рефлексия арқылы қорытамын. Фармативті бағалауды Мені таңқалдырды. Мені ойландырды. Менде сұрақ туындады  деген қағазға өз ойларын жаздырамын.Жиынтық бағалауды   топбасшылар белгілеп отырған бағалау парағындағы жануарлардың тапсырмасын орындауына қарап шығарамыз.

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

                                        Оңтүстік Қазақстан облысы  Сарыағаш ауданы 

                           №24 Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп

 

«Танымдық сайыс (тіл мерекесіне арналған)»

 

 

 

Сынып :   3 «а»  3 «ә»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019оқу жылы

 

 

 

                           №24 Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп

 

«Қазақстан жүрегім,Түркістаным-тірегім!»

 

 

 

Сынып Жетекшісі:Мансурова Ш

Сынып:  3 «а»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019оқу жылы