Ұлттық киімдерді көркемдік-сәндік безендіру.

Сабақ жоспары

 

Хасенова Ж.Ж., арнайы пәндер оқытушысы

(Ә.Мусин атындағы Балхаш гуманитарлы-техникалық колледжі)

 

 

Пән: Конструкциялау және модельдеу технологиясы

Тақырып: Ұлттық киімдерді көркемдік-сәндік безендіру.

Мақсаты: Ұлттық киімдерді көркемдік-сәндік безендіруді студенттерге үйрету.

Білімділік: білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету және іс-әрекет, әдіс-тәсілдерін жетілдіру, студенттерге ұлттық киімдерін, ою-өрнектердің элементтерін компьютер арқылы жүйелі құрудың әдіс-тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, қазақтың ұлттық киімдері туралы алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Өнерге қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік: ұлттық өнерге деген қызығушылығы, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу, әсемдікке баулу, өнерге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: слайдтар, тірек схема, дайын киім үлгілері

Құрал-жабдықтар: компьютерлер, проектор, дайын тігін бұйымдар, әшекей заттар

Типі: аралас

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу. Отырудың қажеті жоқ. Мен сендермен терминологиялық сергіту минутын жүргіземін.  Берілген тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда отырасындар. Сендердің алдарында қазақ ұлттық киімінің бір түрі жатыр. Сол киімнің анықтамасын білесіңдер ме, соны тексерейік.

Тапсырма: тақтадан анықтаманы өз іштерінен оқып, егерде сендердің алдыларыңдағы киіміге сәйкес келсе, онда үндемей отыруға болады.

Слайд: «Ақыл бастан шығар, өнер жастан шығар» деген сөзбен осы сабағымды бастағым келеді.        Бар білімдерін, өнерін, шығармашылық қабілеттерін бүгінгі сабаққа ортаға саласындар деп үміттелемін.

Біз сабақты ерекше бастадық, әрі қарай сондай ерекше, қызықты түрінде өткіземіз деп ойлаймын. Бүгін сабақта ұлттық киімдерді безендіру тәсілдерімен танысамыз, компьютерде жаттығуларды жасап үйренеміз, сендердің шығармашылық қабілеттеріңді көрейік. Сендер бүгін жақсы қатысып отырсаңдар, әр қайсысың бірнеше баға аласындар.

Сендердің алдыларыңда қазақ киімдерінің барлық түрлері жатыр ма? Естеріңе өткен тақырыпты түсірейік.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:

3 топқа бөлініп отырсыңдар.

Үй тапсырмасына өткен сабақ бойынша сұрақтар құруға берген болатынмын. Қазір сендер топтың ішінде 1 минутта дайындаған сұрақтарды оқып, ішінен маңызды, керекті сұрақтарды жинақтайсыңдар. Әр топ бір сұрақтан қарсы отырған топқа қояды, берген жауабына баға береді. «5»-тік жүйе бойынша бағалайсындар. Сұрақтар қайталанбау керек.

Әр жауап берген үшін мынандай жетон беріледі: қызыл жетон толық жауабы болса, көк жетон – толық емес.

Слайд: бойынша сұрақ:

— Қазақ халқының ұлттық киімінің мәдениетін сақтауымыз міндетті ме?

— Ұлттық киімнің болашақта дамуы керек пе?

 

Осы сұрақтар бойынша ұстаздар мен студенттер арасында сұрақ-жауап өтті. Қорытындысын оқытушы диаграмма арқылы көрсетеді (слайд).

Жетондарды есептеу.

Қорытынды.

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Осы алдарыңдағы жатқан ұлттық бұйымдар безендірілген ба? Немен, қандай әшекей бұйымдарымен? Әшекей бұйымдардың толық ассортиментін айтып кеттік па? Осымен бүгінгі тақырыпқа көшейік (дәптерге жазғызу).

  • Әшекей туралы тақырыпты 2-ші курста өттік. Үйде қайталап келіңдер дегенмін. Тапсырма: әр топқа бір парақ кағаздан беремін, әшекей түрлерін жазып беру – 1 минут ішінде.
  • Қағаздарымен ауысып, басқа топ тексеріп, толықтырады – 30 секунд
  • Слайд: Келесі топ – экран арқылы тексереді.

Жұмыстарын талдау. Әрлеудің әр қайсына тоқталып өтемін,  осы слайд арқылы түсіндіремін.

№ 2 слайд «Киімдегі әшекей бұйымдар»

 

Слайд:   Кезінде өнертанушы В.Чепелев  “Қазақтар тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты” деп атап көрсеткен.

Слайд: Ою-өрнек ежелден келе жатқан өнер. Асыл мұра болып саналады. Әрбір халықтың өзіне тән ою-өрнектері баршылық, қай халықтың да мәдениетіне көз салсақ, халықтың эстетикалық талғамы дамуы ою-өрнекпен байланысты. Сонымен бірге ол халықтың тарихы, таным түсінігі, өмір салты, түйсік-тағылымы туралы мағлұмат та береді.

Ерте замандағы адамдар ою-өрнек арқылы өз ойын тасқа, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырып, ұзатылған қыз өз жағдайын ата-анасына хабарланған.

Қолда бар деректермен, ел арасындағы қолөнер шеберлерінің айтуынша, қазақ ою-өрнектерінің өте жиі қолданылатын 200-ден астам түрі бар.

 

Сурақ: Қол-өнері сабағынан алыңған білімдерін еске түсіріндер, ою-өрнектердің қандай топқа бөлінетінді және олардың түрлерін білесіндер?

Слайд: Қазақтың ою-өрнектері аталуына байланысты бірнеше топқа бөлінген:

  1. Ай, күн, жұлдыздар, көк әлеміне байланысты
  2. Малдың дене мүшесіне байланысты
  3. Аңға байланысты ою-өрнек
  4. Жәндіктерге байланысты өрнектер
  5. Құстарға байланысты
  6. Жер, су, өсімдіктерге байланысты
  7. Қару құралдарға байланысты
  8. Геометриялық фигура тектес

 

Слайд: Ою-өрнектердін үлгілерін көрсету (слайдтар)

Әр ою-өрнек түріне байланысты киімде, аяқ-киімде, бас киімдерде, ғимараттарда, бұйымдарда қолданылады.

Оюшылар күрделі композицияларды дүниеге әкелгенде қатаң симметрия заңдарымен, үйлесім шарттарын өте орынды қолданған.

Студенттерге  сурақ қою:

  • Композиция құралдарын айтып беріңдер

(симметрия, ырғақ, масштаб, түс, сызықтар, пропорция, силуэт, материал, түс, декор т.б.)

  • Ою-өрнек симметрия заңымен орналастыру керек, дейді. Оны қалай түсінесіндер? (киімнің екі жағының тең болуы)
  • Колорит немесе түс ерекшеліктерін сақтау, осыны қалай түсінуге болады?

(ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы)

  • Ырғақ дегеніміз не? (ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі)
  • Ою-өрнектерге кқандай матаны қолдануға болады?

(жібек, плюш, барқыт, велюр, парша, жүн маталарды қолдануға болады)

  • Ою-өрнектермен қоса ұлттық киімдерінде қандай әшекей түрін тағы қолдануға болады? ( дайын таспаларды, тесьмаларды, бисер кестелерді, кисточкаларді, бахроманы, үкіні, алтын және жасанды тастарды)

 

  • Мектеп бағдарламасы бойынша 7-ші сыныпта технология сабағында «Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу» деген тақырыпты өтеді. Оқулықта ою-өрнек туралы аз жазылған, тек ою-өрнектердің орындалу технологиясын берепті. Мен сендерге осындай қойғым кеп тур:
  • Сурақ : мұғалім сабақта оқулықтағы мағлұматтармен шектелу керек пе?
  • Сендер қандай қызықты, деректі қосымша материалдарды беретін едіндер?

1 топ —

2 топ –

3 топ –

  • Қосымша материалдарды сабақта не үшін қолданылады?

Осы тапқан материалмен сендерде шектелмей, әр қарай ізденіс жодарымен жүріндер. Ал осы сабақта өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді келешек өміріне алуға болады.

 

ІV. Кіріспе бөлімі:

Слайд: «Еркектің сұлулығы ақылда, әйелдің ақылы-сұлулықта» деген мақал тараған, сендер оны қалай түсінесіндер? (ақылды келін ибалы, инабатты болуымен қатар эстетикалық талғамы болуы керек, оның бойынан, киім киісінен, әсем қозғалысынан, мінез-құлқынан әдемілік пен жарасымдылық белгілерін күтетін).

Бүгінгі практикалық жұмысымыз тек қыз балалрға, әйелдерге арналған болады. Өйткені, әр қарай осы жасалған жұмыстарының жалғасы болады, яғни мемлекеттік практикада немесе мемлекеттік емтиханда сендер осы жұмысты жоба түрінде қорғайсындар және өз таңдаған бұйымды тігіп тапсырасындар. Сондықтан сол жобаның басын бастаймыз.

  • Оған не кіреді?:

 —     Үйге берілген тапсырма қандай болды?  –( қазақ ұлттык киімдердің қысқаша шығу тарихы, титул беті, мазмұны). Ал бүгін тағыда нені қосамыз? ( модельдің эскизін және техникалық мінездемені)

—     Техникалық мінездемені неден бастайды?

(киілу мақсатынан, содан кейін кімге, қандай матадан тігілетін жазады, әр қарай силуэт, алдынан, артынан конструкция ерекшеліктерін, әшекей түрлері.

Тапсырма:  компьютер арқылы ұлттық киімдердің моделін шығару және оны сәндік-көркемдік безендіру (әрлеу).

Жұмыс жоспары:

  1. Тұлғаны орналастыру
  2. Ұлттық киімдерді таңдау
  3. Тұлғаны киіндіру
  4. Ою-өрнектерді таңдау
  5. Ою-өрнектерді киімде орналастыру
  6. Техникалық мінездемені құрастыру.
  7. Қорғау.

 

Слайд     «Нұсқау карта»:

Сендердің алдарына осындай тақтадағы нұсқау карта беріледі. Мұқият тыңдап алындар (түсіндіру әдісі).

(Нұсқау карта қосымшада)

Ескерту:

  1. Ою-өрнектерді  аса көп болмасын тепе-тендік заңды сақтаймыз.
  2. Жасаған жұмыстарынды компьютірде жиі сақтап отырындар.

 

  1. Практикалық жұмыс:

 Слайд:  «Ата көрген – оқ жонады, шеше көрген – тон пішеді» деген сөзбен практикалық жұмысын бастағым келеді.

Студенттер компьютірде жеке түрінде жұмысты жасап отырады. Мен жұмыстарын байқап жүремін, көмектесемін, тексеремін. Ағымдық инструктаж өткізіп жүремін. Ән қосу.

 

 

VІ. Бекіту инструктажы:

  • Жұмыстарды талдау:
  1. Студенттер өз жұмыстарын экранға көрсетіп, қорғайды.
  2. Талдау және бағалау.

 

  • Тест сурақтармен жұмыс:

Компьютірде 9 сурақ бар, оларға студент жауап беру керек.

 

  • Жалпы қорытындыны шығару: бағалау, талдау.
  • Үй тапсырманы беру.
  • Рефлексия:

Келешекке қыздарыма ескерту ретінде мақалмен айтқым келіп тур:

Слайд: «Іс істеген қыз істеп кетеді, іс істемеген қыз бармағын тістеп кетеді»

Ал басқа мақалмен сабақты бітіргім келеді, осындай сөз ді сендерге айтпайя қойсын және айтпайта деп ойлаймын:

Слайд: «Шешең көп ұйықтаған екен, әкең көп жортқан екен»

 

VII.        Жұмыс орнын жинау.