Рухани жаңғыру – патриотизм негізі

САБАҚ: ашық сынып сағаты
Күні:

                     2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Муханбетжанова Мадина Сапаргалиевна

Б.Майлин  атындағы 3 орта мектеп

Сынып:  9 «А» Қатысқан оқушылар саны:  16 Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Рухани жаңғыру – патриотизм негізі
Сабақтың  мақсаты Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Нәтижесі Оқушылар рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.
Түйінді  идея Рухани жаңғыру болашаққа бағдар
Көрнекілігі Слайд, бейнеролик, плакат, кеспе қағаздар, қажетті ресурстар т.б
Сабақ құрылымы
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс  іс-әрекеттер  
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Мақсаты:  жағымды  психологиялық  ахуал  орнату.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін 2 түрлі қағаздардың  кесінділері таратылып, сурет құрастырып тапсырылады. Әр оқушы құрастырылған сурет бойынша 2 топқа бөлінеді. Бірінші топ – Қазақстанның картасын құрастырады.

Екінші топ – Рухани жаңғырудың эмблемасын құрап шығады және суреттерін таныстырып,  топтарына ат ойластырады.

1-топ – «Дарынды  ұрпақ»

2- топ – «Жарқын  болашақ»

 
Сабақтың  басы

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Салеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі 9 сыныптың ашық сынып сағатына қош келдіңіздер!

Сынып сағатының тақырыбы – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» деп аталады. Алға қойған мақсат – келешек ұрпақты Отанды сүюге, өз елін, жерін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы ұлтына жаны ашитын, болашақта еліне адал қызмет ететін ұлтжанды азамат болатындай тұлға болып өсуге жол көрсетіп, бағдар беру, бағыттау.

Елбасының ойынша ұлттық текті сақтап қалуға мүмкіндік беретін басты көрсеткіш – бұл патриоттық тәрбие екен. Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесінде балаларды патриоттық сезімге баулуға аса мән берілуде.

Себебі, мемлекет басшысы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»-деген. Ал біздің мақсатымыз жас ұрпақ өзінің білімімен, еңбегімен, өнерімен дәлелдеп, көрсете білу керек. «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сол үшін де болашақ азамат пен азаматшалары ретінде Қазақстанның атын әлемге танытатындай, мақтан ететіндей өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.

 
Сабақтың

ортасы

Ал енді, екі топқа мынадай ортақ  сұрақ қойғым келіп отыр: Қалай ойлайсыздар? Біздің Отанымыз – Қазақстанның құдіреттілігі неде?!

Жауаптарыңызды алдарыңыздағы плакатқа жазып , өз ойларыңызбен бөліссеңіздер!

Оқушылардың жауаптары мынадай болуы мүмкін:

·         Отанын сүйетін, ұлтжанды азаматтарының көп болуында;

·         Елдібасқарып отырған Елбасымыздың көрегендігінде;

·         Жеріміздің кеңдігінде;

·         Пейіліміздің дархандығында;

·         Халқының қонақжайлылығында;

·         Достығымыздың беріктігінде;

·         Пайдалы қазбаларының байлығында;

·         Табиғатының тамашалығында;

·         Көркем мінезімізде;

·         Үлкендерді құрметтеуінде, т.б.

Ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп болсақ, барлығымыз экранға назар салып, бейнероликті тамашалап алайық.

(бейнеролик көрсетіледі. Сонан соң….)

 (Жауаптарың оқып шығады…)

Рахмет! Жауаптарыңызға!

№1топтық жұмыс.

Енді мен сіздерге келесідей сұрақтар қою арқылы тапсырма бергім келіп отыр. Екі топқа да бірдей сұрақтар, оларды мен тақтаға іліп қоямын. Тапсырма әр топтағы оқушы санына қарай сәйкестендірілген соң, барлық оқушы қатысуға міндетті.

(тапсырмалар жазылып тұрады…)

1.      «Патриот деген – ол…»

(Жауаптары төмендегідей болуы мүмкін..)

·         Әскери  міндетке  жауапкершілікпен  қарау;

·         Туған жерге деген ыстық сезім;

·         Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

·         Ана тіліне деген құрмет;

·         Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

·         Елдің тарихын құрметтеу;

·         Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

·         Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

·         Заңға бағыну;

·         Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

·         Үкіметті сыйлау;

2.      «Рухани жаңғыру» тіркесін қалай түсінесің? (немесе мақал туралы ойың…)

3.      «Рухани жаңғыру сенің өлкеңде қалай жүзеге асуда?»

4.      «Туған жеріңе не бересің?»

5.      «Отаншыл болу үшін не істеу керек?»

6.      «Отан отбасынан басталады» сенің түсінігіңде…

Олай болса, тақтаға ілінген плакаттағы сұрақтар бойынша екі топ постер қорғауларыңыз қажет. Дайындалуға және жауаптарыңызды қорғауға барлығы —  7-10 минут уақыт беріледі.

(екі топ ортаға шыығп постер қорғайды)

№2топтық жұмыс. Суреттер сөйлейді…

Келесі тапсырма екі топтан 1 оқушыдан шығып партаның үстінен екі суретті таңдап алсын. Сонан соң әр оқушы өз тобымен 5 минутта дайындалып, суретті сөйлету қажет. Яғни, суретті отаншылдық, патриоттық, туған жер, рухани жаңғыру сөздерімен байланыстырып, сөйлетулері қажет.

(Әр топтан 1 оқушы шығып, 2 суретті таңдап алады. 1-ші топқа «Кейкі батыр» кесенесінің суреті, 2-ші топқа Сарыторғай ауылында орналасқан «Екідің»-нің суреті беріледі )

(Қорғап болған соң…)

 №3топтық жұмыс. «Жалғасын тап» ойыны.

(2 – топқа 2 қорапша беріледі. 1-топтың қорапшасында қанатты, нақыл сөздердің алғашқы жартысы жазылады. 2-топтың қорапшасында келесі жартысы жасырылады. Топтар жалғасын тез-тез тауып жауап беріп отырулары қажет.)
1.Отан — елдің анасы
Ел — ердің анасы

2.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей  ел болмас.

3.Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы.

4.Ер елінде, гүл жерінде.

5.Отан ұшін күрес —
Ерге тиген үлес.

6.Кұртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
7.Орағын өткір болса,
Қарың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.

8.Отансыз адам —
Ормансыз бұлбұл.
9.Елінен безген ер болмас,
Көлінен безген қаз болмас.

10.Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.

11.Жат жердің қаршығасынан
Өз еліңнің қарғасы артық.

12.Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан бол.

13.Егілмеген жер жетім,
Елінен айырылған ер жетім.
14.Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.

Мұғалім:

Жақсы оқушылар, бүгінгі сынып сағатында сендердің білімдеріңді де, отаншыл, жан-жақты, өз еліңдегі,  жеріңдегі жаңалықтардан хабардар, жан-жақты екендеріңді байқадық. Енді өздеріңнің егемен елдің патриоты екендеріңді менің алдымдағы әріптерді таңдау арқылы бір ғана сөзбен жеткізсеңіздер!

(Оқушылар бір-бір әріптен таңдап алады да, сол әріптен басталатын сөздер айтады. Соңында біз патриотпыз деген сөз шығады)

Б- білімімді арнайтын
І – ізгілікті жалғайтын

З- заңды жақсы білетін

Д- дамылсыз алғажүретін
Е-ел ертеңін ойлайтын

Р- рухы биік талмайтын,

П-парақорды даттайтын

А- адалдықты жақтайтын
Т- толықтырам сенімін
Р-рухани күшін, жігерін,

И-иманындай қолдайтын

О- отанымды қорғайтын
Т- тәуелсіз бүгін елімнің

П-палуан менің жүрегім

Ы- ынтымақты тойлайтын
З-зымыранша самғайтын

Бәрі бірге:

Ел ертеңін ойлайтын
Біздер патриоттармыз!

 
Сабақтың соңы

 

Рефлексия

“Алты қалпақ ” әдісі

Оқушылар, сынып сағатымызды 6 қалпақ әдісімен қорытындыласақ.

2 топқа 3 қалпақтан беріледі. Әр қалпақтың түсіне сай тапсырмалары болады.

(2 топтан шыққан 6 оқушы қалпақтарды киіп, сынып сағатының қалай өткенін бағалайды)

1.“Ақ қалпақ” – сынып сағатының  нәтижесінде алған деректерін келтіреді

2. “Сары қалпақ” – сынып сағатының  тек жақсы жақтарын айтады

3. “Қара қалпақ” – сынып сағатының кемшіліктерін айтады

4. “Қызыл қалпақ” – сынып сағатының барысында пайда болған көңіл-күйін айтады

5. “Жасыл қалпақ” – сынып сағатынан алған білімін қайда және қалай қолдануға болатынын айтады

6. “Көк қалпақ” – қорытынды жасайды

Мұғалім сөзі:

Жақсы. Рахмет! Осымен сынып сағатымыз өз мәресіне жетті.

-Алда әлі ұзақ жол,үлкен асулар бар.Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен

білім,талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып,мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

Олай болса, 9 сыныптың патриоттары дайындаған тамаша бір әсем әнді қабыл алыңыздар!

Ән: «Туған жер»