Бүйрек ауруларының алдын алу. Өрлеме және төмен түсетін инфекциялар. Бүйрек ауруларының себептері. Спиртті ішімдіктің зияны. Су және минералды заттардың организм үшін маңызы. Су ішу режимі.
Мұғалім | Мақсұтова Азаткүл | ||||
Күні | |||||
Сынып | 8 «А» | ||||
Тақырыбы | Бүйрек ауруларының алдын алу. Өрлеме және төмен түсетін инфекциялар. Бүйрек ауруларының себептері. Спиртті ішімдіктің зияны. Су және минералды заттардың организм үшін маңызы. Су ішу режимі. | ||||
Негізгі түйінді идеясы | Ағзадағы зиянды элементтердің көбеюі бүйрекке теріс әсер етеді. | ||||
Оқу мақсаты | Бүйрек ауруларының түрлері, олардың белгілері мен емделу тәсілдерімен танысу. Су мен спиртті ішімдіктің бүйрекке әсері. | ||||
Табыс критерийлері | |||||
Барлық оқушылар | Көпшілік оқушылар | Жекелеген оқушылар | |||
Бүйрек ауруларының түрлерімен танысады.
|
Бүйрек ауруларының түрлері және оның пайда болу жолдары жайлы мәлімет жинақтайды. Оны емдеу жолдарымен танысады. | Бүйрек ауруларының түрлері және оның пайда болу жолдары жайлы мәлімет жинақтайды. Оны емдеу жолдарымен танысады. Бүйрек қызметіне ішімдіктің қаншалықты әсер ететінін ұғынады. | |||
Кезеңдер | Уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
I Ұйымдастыру бөлімі |
3
|
· амандасу;
· түгелдеу; · оқушының назарын сабаққа аудару; · оқу құралдарының дайындығын тексеру; · әр түрлі смайликтер арқылы топқа бөлу; *психологиялық ахуал қалыптастыру; бойларындағы қорқынышты, кедергілерді стикерге жазуды сұрайды және барлығын жинап қоқыс жәшігіне тастайды; |
амандасу;
кезекшілік міндеттерін атқару; сабаққа дайындалу; стикерге бойларында- ғы қорқыныш сезімдерін жазады; |
|
стикер |
II Үй тапсырмасын сұрау | 3
|
«Сен маған, мен саған» әдісі
*Әр топ бір-біріне 3 сұрақтан қояды.
|
оқушылар бір-біріне сұрақ қояды | Формативті бағалау
(жұлдыз- шалар) |
жұлдызша |
III Кіріспе | 4 | «Миға шабуыл»
*Видео көрсетіледі; -Оқушылар видеодан не байқадық? -Бүйректе қандай өзгерістер байқалады? -Науқастан проблемалық хат |
оқушылар сұрақтарға жауап береді |
видео,хат |
|
IVНегізгі бөлім
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс |
16
6
4
|
«Рөлдік ойын» әдісі
*Әр топ өздері қалаған түрлі түсті конверттерді таңдап алады. Конверт ішінде бүйрек ауруларына мәлімет берілген.Төмендегі тақырыптар бойынша рөлдік ойындар көрсетілу керек. I-топ: Емханадағы дәрігер мен науқастың әңгімесі. II-топ:Дәріханадағы дәрігер мен науқастың әңгімесі III-топ:Дәрігер мен кішкене жасөспірімнің әңгімесі IV-топ:Дәрігер мен науқас баланың анасының әңгімесі
«Жалғанын тап» әдісі *Әр топтағы 2 оқушыға ортақ тапсырма, аурудың аты беріледі. Сол аурудың өзіне тән белгілері туралы 2 шындық 1 жалған мәлімет жазады. Оны келесі жұп қай белгі жалған, шындық екенін анықтау қажет. 1. Қуықтың қабынуы(цистит) 2. Балалардағы созылмалы пиелонефрит 3. Несептас ауруы(уролитиаз) 4. Шыжың ауруы(энурез)
«Лездеме» әдісі *Әр топтан бір оқушы қорапшаның ішінен аурудың аты жазылған кеспе қағазды таңдап алады, сол жазылған парақтағы аурудың туындау себептерін айтып отырған оқушыларға жасырады. Отырған оқушылардың ішінде кімде-кім ауру атын тапса келесі кеспе қағазды таңдау құқына ие болады. 1. Қуықтың қабынуы(цистит) 2. Балалардағы созылмалы пиелонефрит 3. Несептас ауруы(уролитиаз) 4. Шыжың ауруы(энурез) |
таңдалған тақырыптар бойынша рөлдік ойын
көрсетеді
2 оқушы жұптасып алдарына ұсынылған парақшаға жазады
Қорапшаның ішінен ауру аты жасырылған кеспе қағазды алып,отырған оқушыларға жасырады. |
Формативті бағалау
(шапалақ арқылы)
жұлдызша
Формативті бағалау (смайликтермен)
|
конверт, таратпа қағаздар
таратпа қағаздар
қорапша,
|
V Қортынды
|
5 | «А,Ә,Б» әдісі
*Экранға сұрақтар беріледі.
А) 60 % Ә)96 % Б)100%
А)Хирург Ә) Окулист Б) Уролог
А)Энурез Ә)Цистит Б)Уролитиаз
А)Энурез Ә)Цистит Б)Уролитиаз
А)Энурез Ә)Цистит Б)Уролитиаз |
Әр оқушы сол сұрақтарға алдарына ұсынылған әріп жазылған парақшалар арқылы жауап береді. | Формативті бағалау
(смайликтермен) |
алтын балық тәжі |
Үй жұмысы | 1 | Бүйрек ауруларының халықтық емі туралы мәліметтер жинақтау. | интербел-
сенді тақта |
||
Бағалау | 1 | Ашық журнал
|
ашық журнал парағы | ||
Рефлексия | 2 | «Бұлт,жаңбыр,күн» әдісі
*Сенімсізбін Жартылай сенімдімін Сенімдімін |
Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады. | стикер |
Рефлексия
Не сәтті болды?
|
Не сәтсіз болды?
|
Нені жақсартуға болады?
|
Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым?
Нені өзгертуге болады?
|