Мектеп  және отбасы

Мектеп  және отбасы

Мақсаты: Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту. Мектеп  өмірімен таныстыру, сынып жетекшісімен дұрыс қарым –қатынаста болу, психологиялық кеңес, ағарту жұмыстары.

Қажетті заттар: музыка жазылған таспа, қағаз – қаламдар, түрлі түсті қағаздар, шарлар.

Дайындалу шеңбері: 1-сынып оқушыларының    ата-аналарын күтіп алып дөңгелене шеңбер етіп отырғызамыз. Құрметті ата-аналар, біздің бүгінгі тренингіміз бір-бірімізді жақын тану үшін жасалынып отыр. Қазір орындарыңыздан тұрып өздеріңізге серік көрші таңдаймыз. Ата-аналар орындарынан тұрып өздеріне серік    көрші таңдайды. Бір-бірімен танысып білуіне 5-минут беріледі, сосын   біртіндеп көршілерін таныстырады.

Жаттығу «Көпір». Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диаганаль бойынша бормен сызық жүргізеді. Ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық – тасып ағып жатқан тау суынан өтетін көпір». Желден теңселген, тартылып байланған көпір, төменде сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол, тек бір ғана адам өте алады. Әрі артқа шегінуге немесе қайтып кетуге жол жоқ. Бір- біріне қарама – қарсы келе жатқан екі адам. Екі адам екі ұлттың өкілі, бір – бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жету керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі.

Талқылау

—         Тапсырма ненің көмегімен орындалды?

—         Қатысушылар бір – біріне көмектесті ме?

—         Осы жағдайда қарым – қатынастың қандай құралдары маңызды?

Жаттығу «Зағиптар»

Жүргізуші: Шеңбер ортасында тұрып зағиптар ойыны ойнатылады.

Мақсаты: Белсенділерді анықтау. Жүргізуші қатысамын деушілерді (8-10 адам) шақырады.

Жүргізуші: ойынға қатысуларыңызға болады дейді. Қатысушылардың көздері матамен танылады, содан соң зағиптар жан-жаққа апарып тұрғызылды  .

Жүргізуші мені естіп тұрсыңдар ма? — Енді бір қатарға бойларыңды түзеп тұрыңдар .Әдетте жаттығудың орындалуына 10-15 минут керек.Жүргізуші менің алдымда дұрыс тұрғандарыңа сенімдісіңдер ме? Егер дұрыс тұрмаса «зағиптар» қайтадан бастайды. Көздері шешілмейді, қатарға бойларын дұрыс түзеп тұрғанға дейін қайталана береді. Дұрыс нәтижеге жеткенде көздері шешіледі.

Жүргізуші: Қалай қимыл іс әрекет жасадыңдар? Кім жетекші бола білді? Қарап отырғандар не бітірді? Мәз болып күлді. Зағиптарға көмектесу ешкімнің ойына келмеді. Күліп қарап отыра бердіңдер.

«Жаттығуға бәріңіз қатысуға болады» — деп ескерттім. Енді бәріңіз қалай қатысқаныңыз жөнінде ойланыңыздар…

Бұдан былай бір-біріңізге көңіл бөле жүріңіздер(ортақ шеңбер, пікір алмасу, қорытынды сөз).

1-сынып оқушыларына психологиялық кеңес беру, он екі жылдық білім беру жөнінде талқылау.

Ата – аналар психологиялық кеңес тыңдап, өз пікірлерінде қосып отырды.

Жүргізуші ; Енді ата-аналар  ,     «Табиғатсыз адамдардың  күні жоқ ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш   енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.

Ал енді ата-аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек діңдер бір бөлек   отыруымыз керек.Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

Жүргізуші: Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

Енді ата — аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы» тамырды, «діңгек тобы» — діңгекті, «жапырақ тобы» — жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам – қағаздар).

Ұстаздарыңызға деген талап – тілектеріңізді «тамыр тобы» – тамырға, «діңгек тобы» – діңгекке, «жапырақ тобы» – жапыраққа жазыңыздар.

Жүргізуші: Осы ағаштың тамыры — ата – ана, діңгегі – сынып жетекшісі, бұтағы – пән мұғалімі. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жеміс берді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларымыздың қызығын көрейік!

Музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу.

Жүргізуші: «Қай жұп күшті?Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып береді. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір-бірін құшақтап шарды жарады».

Жаттығу «Құрметтім саған не тілейін?»

Мақсаты: Қатысушылардың бір – біріне деген қарым – қатынасын нығайту. Кері байланыс жасау. Бір – біріне деген ыстық ықыласты тудыру. Бұл ойында кішкене қиылған жүрекшелер таратылып, қатысушылар өз есімдерін жазады.

 

 

Жүргізуші есімдері жазылған жүрекшелерді жинап алады да жұптап қатысушыларды шақырып отырады. Ортаға шыққан жұп «Қымбаттым саған не тілейін?» – деп сөздерін бастап бір – біріне деген ыстық жүректен шыққан тілектерін айтады. (Әр жұп сайын қол шапалақтап, қошемет көрсетіп тырады.)

 

Жүргізуші: Бүгінгі тренинг барысында алған әсерлеріңіз туралы ой бөлісіңіздер, талқылау, кері байланыс жүргізу керек. Оқушыларға, ұстаздарға, ата – аналарға сәттілік тілеп, музыкалық сүйемелдеу арқылы қоштасу.

 

 

Тақырыбы: «Өмір дегеніміз не?»

Мақсаты: ата–ананың өмірге деген сүйіспеншіліктерін арттыру арқылы баланың көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілік: плакат, музыка, суреттер, слайд.

Шаттық шеңбері

Ата–аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз — көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз.Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Шаңырақ құру

Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.

Танысу

Әр ата–ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі-үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу – Айсұлу. Барлығын дөңгелентіп орындарына отырғызу. Өмірге байланысты слайд видеотаспаны көрсету. Видеотаспаны көріп, мұқият оқып отырайық.

Ой қозғау

Ата–аналарға сұрақтар қою.

  1. Өмірде нені құнттайсыз?
  2. Сіздің өмірдегі ең маңызды қадамыңыз?
  3. Осы өмірдегі ең бақытты сәтіңіз?
  4. Өмірде нені қатты бағалайсыз?
  5. «Өмір-өзен» дегенді қалай түсінесіз? Неге өмірді өзенге теңейміз.
  6. Әр адам не үшін өмір сүреді?

Тапсырма

Ата–аналарды үш топқа бөлу. Әрқайсысы түрлі-түсті бір фигураны алып, сол түстегі столға барып отырады. Әр партада тапсырма болады.

  1. Мектепке деген махаббатыңызды білдіріп гүл шоғын жасау.
  2. Балаға деген махаббатыңызды білдіріп гүлге жазып жапсыру.
  3. Ата-ананың бір-біріне деген махаббатын білдіріп күн шуағына жазу.

Тыныштық сәті

— Көзімізді жұмып отырып, әуенді тыңдаймыз, содан соң осы әуенді тыңдаған кезде қандай сезімге бөлендіңіздер, сол туралы айтыңыздар.

 

 

Жүректен жүрекке

— Мен қазір сіздерге «Ғажайып сандық» туралы шағын әңгіме айтып беремін. Бұл әңгімеде атасы мен немересі туралы айтылған. Сіздер сол әңгімені тыңдап болғаннан кейін, менің қолымдағы ғажайып сандықты осы өмірде балаларыңызға, ұстазға деген тілектерімен, жылы сөздермен толтырасыздар.

Видеотаспа «Ата-ана — баланың көзімен. Бұл сабақта «Бөбек» ғылыми практикалық орталығында курста болған кездегі мұғалімдердің іс тәжірибесінен алынған сабақ үлгілері қолданылды

 

Тақырыбы:  «Өзін-өзі тану» және бағалау

Мақсаты: Ата-аналарға  «Өзін-өзі тану» бағдарламасын түсінуге көмек беру.

Осы бағдарламаның дамуына, жетілуіне мүмкіндік жасау.   Ата-аналарымен   жұмыс жүргізе отырып, аналитикалық сұхбат әдісін қолданып «өзін-өзі тану» бағдарламаны жеткізу .

Сұрақтар дайындау

  1. Өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Қандай ұқсастықтары бар?

 

Жауаптары:

Өзін-өзі тану- ол өз бетінше өзі туралы білім алу;

Өзін-өзі бағалау- өзін-өзі, өз іс-әрекетін, кемшілігі мен жетістігін бағалай білу.

  • өзің туралы білімді қалай алуға болады?
  • Айналамен жұмыс жасау- сырт бейнеңізден қандай адам екеніңізді білуге бола ма? Әрине, жоқ

 

Ендеше, «Сиқырлы айналар» ертегісін оқу

Өте ертеде бір қарт кемпір балықшыға мейірімді жүрегі үшін үш сиқырлы айна сыйлайды. Балықшы үш айнадан да өзінің сақал, мұрт басқан бетінен басқа еш нәрсе көрмейді. Арада он алты жыл өтеді. Балықшының Кари деген сұлу қызы бой жетеді. Бір күні олардың балықшы ауылына Агор деген ханзада келіп, өзіне қалыңдық іздейді. Кари  сол хан задағаға ғашық болып қалады да, ұнағысы келеді. Ол ескі айнаның алдында отырып, өз-өзіне сүйсіне қарайды.

Бір күні мысы абайсызда айнаны сындырып алады. Кари үйден басқа айна іздей бастайды. Сөйтіп жүріп ол үш кішкентай айнаны тауып алады: Оның біреуі жасыл,

Екіншісі қызыл,

Үшіншісі көгілдір түсті екен.

Кари жасыл айнаға қараған кезде өзінің әдемі бейнесін  көреді. Сонан соң бетіне қызыл айнаны жақындатып қараса, өз түрінен өзі қорқып, айнаны түсіріп ала жаздайды. Бет- бейнесі бұлыңғырып болды. Көгілдір айна оны одан да қатты таң қалдырды: жек көрінішті көз-қарас, ашулана бұртиған ауыз, жағымсыз күлкі көрінеді. «Неге әр айнадан менің бет-бейнем әр түрлі?» деді Кари. Оған мысық: «Сиқырлы айналар адамның…»

Сұрақ: Мысық не деп жауап береді? Айналар сыртқы бейнесін ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар олар адамның ішкі бейнесін, мінез-құлқын, адамгершілігін білдіреді.

Сұрақ: Не себепті олай деп жауап берді?

  • ол Кариді жақсы біледі

Сұрақ: — Сіздер мына сөздерді қалай түсінесіңдер?

Мақтаншақ, әсемпаз, өркөкірек, өзімшіл.

Сұрақ: Бізде әр қайсымызда осы қасиеттер бар ма?

Ертегіні әрі қарай тыңдау.

Қалыңдық іздеп жүрген ханзадаға Каридің әкесі өз ауылының қыздарын мақтайды. Ал Кари оған қатты ызаланып, ашуланады.

  • Олар сен айтқандай керемет емес – деді Кари. Бұл сөзді естіген ханзада Кариге мұңая қарайды, ал оны байқап қалған Карл сол сәтте өзінің айтқанына ұялып, өкініп қалды. Содан кейін өзінің айналарын қолына ұстай салып, сыртқа шығып кетті де әрбір айнаға қарап тұрып, жылайды.
  • Қызыл айна қазір оның ханзадаға қалай көрініп тұрғанын көрсетті: ашулы, қызғаншақ, өркөкірек етіп.
  • Жасыл айнада оның әдемә бейнесі біртіндеп сола түсті» Неге?

 

Ата-аналармен жүргізілетін топтық жұмыс

    1-топқа сұрақ

Не себепті Кари өзінің айтқан сөзінен ұялып, өкінді? Ол өзінің қылығын бағалай алды ма?

2- топқа сұрақ

-Кари өзін сырт көзбен көрді? Не себепті оның бейнесі бірте-бірте нашарлай түсті?

3- топқа сұрақ

— Кари өз бойынан кемшіліктерді көре білді ме? Ол өзі жайлы не ойлады?

4 минут ойлауға беріледі.

Тәрбиешілер өз топтарымен ақылдасып жауабын айтады. Егер топтың ішінде келіспейтін болса, оның пікірі де тыңдалады. Ал енді бәріңе мынадай сұрақ.         Кари не істейді?

Өзгеруге тырысады                                                    Өзіне сын көзбен қарайды

КАРИ  НЕ ІСТЕЙДІ?

Өз-өзімен жұмыс істейді                                 Алдыңа мақсат қояды

 

-Дұрыс айтасыңдар.

Табиғат, жаратушы күш өте ақылды, ол әрбір тұлғаға өз-өзін бақылауға мүмкіндік береді, бірақ ондай іс-әрекетті, әдетте, әркім істей алмайды, ол кейде кейбір адамдар ол туралы тіпті ойланбайды. Ертегінің жалғасын   тыңдау.

«Осы сәтте Кари бұл айналардың жай айна емес, сиқыры бар айналар екенінтүсініп, ойланды.  Ата-анасы оның бірте- бірте өзгергенін байқады:

Қызы ерінбейтін,тіл алғыш бола бастады. Бір күні оның жасыл айнадағы бейнесі көгілдір айнадағы шынайы бейнесімен бірдей болғанын байқап, оған өзі де қатты таң қалды. Күндердің күнінде балықшы ауылына жайсыз хабар жетеді:

Ханзаданы айдаһар жеу керек еді.Оны тек сиқырлы айнасы бар қыз ғана құтқарып ала алады. Бірақ  ол үшін қыздың қолыңдағы үш сиқырлы айнаның бетіндегі бейне бірдей болу керек. Ханзаданы құтқару қолынан келмейтіндігін білген Кари тәуекелге бел байлады да, өзін-өзі құрбандыққа шалуды ұйғарды. Міне сол кезде Каридің қолыңдағы үш сиқырлы айнадағы бейне бірдей болды:

Әдемі, мейірімді

Сұрақ: Не себепті ертегі соңыннда үш айнаға  Каридің бейнесі бірдей болды? Ол өзін дұрыс түсіне білді ме? Ол өзін басындақандаймын деп  елестетін еді?

Әңгімені қорытындылау:

«Сырт көз» ретінде психологтарға сөз

Бақылап, сараптама жасайды. Сонымен, қандай қорытынды жасауға болады?

Алгоритм құрайық

Алгоритм: тану-бағалау-ұйымдастыру

Тест: «Мейірімділік үйі»

 

 

Бұл үйдің ең жоғарғы қабытында ең мейірімді

Адамдар тұрады. Сен өзіңді қай қабатқа  орналастырасың? Неге?

Біз өзімізді, өз іс-әрекетімізді, істеген ісіміз бен ойлаған ойымызды үнемі бақылап отыруымыз керек. Өздеріне дұрыс баға бере алатын адамдар- өздерінің дұрыс бет- бейнесін тануға, білуге ұмтылу керек, сол кезде ғана ол өз ішкі дүниесінің әміршісі бола алады. Бүгінгі  отырысымызды мына сөздермен аяқтағым келеді:

«Өзін-өзі тану,

Өзін-өзі таныту

Өзінің ұстанатын бағдарын өзі айқындау,

Өзінің ойындағысын өзі жүзеге асыру»

«Елдің ертеңі жастардың жауаптылығына, іскерлігіне, біліміне, парасат биігіне байланысты».                                                               (Н.Ә.Назарбаев)