Зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тақырыбы Зорлық-зомбылықтың алдын алу
Сынып жетекші Косжанова Гульнар   6 б сынып
Күні  Қараша 20
Жалпы мақсаттар Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Негізгі мақсаттар Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.Ø Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Ø Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
Күтілетін нәтижелер Оқушылардың сынып сағатынан алар тәлім-тәрбиесі.

Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары

Құндылықтар қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім/2-ші  құндылықты дарыту/
Сынып сағатының кезеңдері Сынып сағатындағы жоспарланған іс-әрекет Пайдаланатын ресурстар
Басы Зорлық зомбылық құқықта «бір адамның екінші бір адамға ,оның жеке  басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы»делінген . Зорлық — зомбылық тәрбиесіздіктен де  туындайды, «тәрбиесіздік –ол адамзаттың қас жауы» , «тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» «тәрбиеге әсер беретін нәрсе –өскен орта ,ата-ананың тәрбиесі» Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай , «Сүтпен берілген тәрбие ,сүйекпен кетеді» бұл  бала жасында қандай тәрбие алса , ер жеткенде сол әдет қалмайды. Олай болса құрметті оқушылар ұлтымыздың қанандағы ізеттілікті дөрекілікке , қайырымдылықты қатыгездікке ,адамдықты арамдыққа , ауыстырып алмайық

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Зорлық -зомбылықтың түрлері:

Психологиялық (эмоциялық) кемсітушілік 
Физикалық зорлық-зомбылық 
Бопсалау 
Кибербуллинг 
Кемсітушілік 
Суицид

 
Ортасы Мектептегі зорлық-зомбылық түрлері:

1. Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды.
Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
2. Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер.
3. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінесе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін. Жыныстық сипаттағы сөздерді айту не қысым көрсету – қандай да бір баланың не ересектің балаға қатысты жыныстық алдап-арбауы, нәпсіқұмарлық сипатта ауызша не физикалық қысым көрсетуі.
4. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс.
5. Кибербуллинг – баланың қыр соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында Интернетті не басқа технологияларды пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
Құрбылар тарапынан қорқытып -үркіту – нақты не болжамды күштер теңсіздігін білдіретін мектеп жасындағы балалар арасындағы агрессивті әрекеттер. Мінез-құлықтың мұндай моделі қайталанып отырады немесе белгілі бір кезең сайын қайталануы ықтимал. Баланы кемсіту қорқыту, өсек тарату, балаға физикалық не сөзбен тиісу не әдейілеп топтан шығарып тастауды қамтиды.
6. Кемсітушілік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы. Тән жазасы – физикалық күш қолданылатын, балаға қандай да бір жеңіл ауырту сезімін не қолайсыздықты сездіруге бағытталған кез келген жазаны білдіреді. Көбінесе, бұл соғып жіберу, шапалақпен тартып қалу, баланы қолмен не затпен ұруды білдіреді. Сондай-ақ тебу, сілкілеу, баланы итеру, тырнау, шымшу, шашынан тарту не құлағынан жұлқылау, балаларды қолайсыз жағдайда ұстау, күйдіру, буға шалдыру, мәжбүрлеп жұтқызу (мысалы, баланың аузын сабынмен жуу не ащы дәмдеуіштерді жұтуға мәжбүрлеу) де қамтылады.
Мұндай жаңалықтар оқырман назарын аудару үшін мектептегі зорлық зомбылықтың ең шиеленіскен және төтенше түрлеріне баса мән береді, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Мұндай жаңалықтар мектептегі зорлық-зомбылық мәселесін тым әсірлі көрсетіп, қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық сипаты мен дәрежесін қате түсінуіне әкеледі. Мектептегі зорлық-зомбылықты нақтырақ түсіну үшін, зорлық -зомбылық туралы халықаралық әдебиетке үңілу қажет. Бұл әдебиетте «зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрлері – ешкімге айтылмайтын, сол себепті үнемі жасала беретін, қоғам мен ресми саясат және заң тарапынан ұмытылып, зерттеу, пікірталас пен дау-дамай жүргізуге лайықты деп қарастырылмайтын зорлықтар» деп көрсетеді. Көптеген елдерде зорлық-зомбылық түрлеріне психологиялық жәбірлеулер, болмашы физикалық жәбірлеулер, құрбылар тарапынан қорқыту, жыныстық ерекшелігіне қарай жәбір көру, мектеп қызметкерлерінің «тілазар балаларды» тәртіпке шақырып, жазалау үшін тән жазасын қолдануы кіреді. Физикалық зорлық-зомбылықты қамтымайтын, мектеп қызметкерлері қолданатын қатыгез және кемсіту арқылы жазалау түрлері зерттеле қоймаған, сондықтан көбінесе елеусіз қалдырылады. Біздің елдерде мектептердегі балалар арасындағы және мектеп қызметкерлері тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықты құжатқа түсіру жөнінде біршама жұмыстар қолға алынып жатыр .
Ұлдар арасында зорлық-зомбылық қыздармен салыстырғанда көбірек. Мектептегі зорлық-зомбылықты зерттеудің басым бөлігі, бір немесе бірнеше түрінің, көбінесе физикалық зорлық-зомбылықтың, жәбірлеудің және мектеп мұғалімдерінің балалар арасындағы тәртіпті реттеу мақсатында тән жазасын қолдану сипаты мен дәрежесін түсінуге шоғырланды .
Мектептегі құрбыларының тарапынан көрсетілген мазақ пен кемсіту олардың өзін-өзі зақымдауы мен суицидке баруы өзара себеп-салдарына байланыста екенін де байқатады. Бұл зорлық- зомбылықты зерттеудің маңызы өте зор, Қазақстандағы балаларға, оның ішінде ерекше осал балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың сипаты мен дәрежесін анықтау қажет. Балалардың мектепте зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселесі өзекті болып табылады. Атап айтқанда, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық дәрежесі қандай? Мектепте балалар арасында да, мектеп қызметкерлері тарапынан да зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің қандай түрлері кездеседі? Мектептегі зорлық-зомбылықты жасаушы кім, құрбаны кім? Мектептегі балаларға қандай әсерін тигізеді? Зорлық-зомбылық пен балалар арасындағы суицид арасында қандай байланыс бар? Біздің міндетіміз осыны анықтау және оның алдын-алу болып табылады.
Мектептердегі зорлық-зомбылық бойынша мектеп аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара жатқан немесе, мектепте өткен шарадан қайтып келе жатқан жолда не сол шара өтіп жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы балалар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, кінәлісі не куәгері болуы мүмкін.
Халықаралық зерттеулер барысында әдетте мектептерде орын алатын зорлық-зомбылықтың нысандарын анықтау үшін түрлі критерийлерді пайдаланады. Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты әрекеттің түріне сәйкес жіктеу қолданылады. Мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі сәйкестендіріліп, көрсетіледі. Олардың ішінде психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы, кибербуллинг, құрбылар тарапынан қорқытып-үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің ұрып-соғуы арқылы жазалаулар кіреді. Соңғы жылдары қоғамның мектептегі зорлық-зомбылық туралы түсінігі көбінесе мектептердегі зорлық-зомбылықтың төтенше жағдайларына, мәселен, оқушылар арасындағы төбелес, мектепте өз сыныптастарына оқ ату секілді жағдайларға назар аударуымен қалыптасты; солай бола тұрғанмен, мұндай жағдайлар жиі кездеспейді, олар мектептегі зорлық-зомбылықтың болмашы бөлігін ғана құрайды. Сонымен қатар ата-аналар арасындағы төбелес, ұрыс-керіс, психологиялық және физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырайтын балалар бар отбасыларында өсіп келе жатқан балалардың эмоциялары да қалыпты болмауына , ол ашу-ызаның ұлғаюына, физикалық агрессияға бейімділіктің артуына әкеледі. Осы қорытындыларға негізделе отырып, балаларды қорғау жүйелері және мектептерде тұрмыстық зорлық-зомбылық байқалған отбасылар мен осындай отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу үшін әзірленген бағдарламалардың болуы аса маңызды. Араласудың осындай бағдарламалары отбасыларындағы зорлық-зомбылық пен отбасыларындағы балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін азайту үшін ғана емес, отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайында өмір сүріп жатқан балаларды түсіну, олардың ашу-ыза мен физикалық агрессияға бейімділігімен жұмыс істеу тұрғысынан да маңызды болып табылады. Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек» дейді облыстық балалардың құқықтары қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.
Отбасындағы ата-ананың және мектептегі ұлағатты ұстаздың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгісі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны болып табылады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы бірлесе отырып тәрбиелейік дей келе бүгінгі баяндамамды аяқтаймын.

 

 
Соңы Мен  өз елімнің дамуына қандай үлесімді қосудамын?

Сөзжұмбақ, Постер жасау

“Буллинг” сөзі осы уақытқа дейін ата-аналар мен мектеп оқушыларының арасында көп қолданылмағаны анық. Алайда соңғы кездері өршіп кеткен мектептегі мазақтау, бопсалау, кемсітулер жаңа термин енгізуге мәжбүрледі. Бұл тек біздің елдегі тенденция емес, буллингпен бүкіл әлем мектептері күреседі.

Сонымен қандай жағдайда дабыл қағу керек, ал қандай жағдай – жай ғана социализация? Өйткені адам қоғамның бір мүшесі ретінде дамимын десе, конфликттен құтыла алмайтыны сөзсіз. Ал егер де:

·         кемсіту, бопсалау, зорлық-зомбылық күн сайын болса,

·         адам күйзелісте жүрсе,

·         суицид туралы ой келсе,

·         өз-өзіне жарақат келтірсе,

·         басқа мектепке ауыстыруын өтінсе,

шұғыл қол ұшын созу керек. Мұндай жағдайда көмек агрессия көрсету деген сөз емес. Конфликттің түп себебін анықтау керек. Көп жағдайда ситуацияға кірігу емес, адамға дұрыс кеңес беру қажет:

·         Ата-ананың басынан өткені арқылы балаға ақыл айту;

·         Адамға өзінің түр-әлпетіне, сөйлеу мәнеріне дұрыс баға беруге көмектесу;

·         Бірге отырып жағдайды талқылау, неден басталғанын, себебін артық эмоциясыз бірге түсіну. Қажет болса, бірге психологқа бару.

Ең бастысы, егер сіз ортаңызда буллингке ұшырасаңыз, ол тек сізде бар үлкен проблема деп қарамаңыз. Кез келген адам өмірінде өзін сенімсіз, ортақ стандарттан тыс сезініп көрген. Солардың бірін біз ашық сұхбатқа тартып, мектептегі естеліктерін сұрадық.

Еліміздегі үш танымал жас тұлға – бүгінде өз ойы, өз тыңдарманы бар. Алайда жетістік жолының басы – мектеп кезі оларға оңай тимеді. Кейіпкерлеріміз мектептегі буллингтен қалай құтылды? Оларға не көмектесті? Видеоны соңына дейін көріп, сіз де өз оқиғаңызды айтып беріңіз, қымбатты оқырман!

“Буллинг” сөзі осы уақытқа дейін ата-аналар мен мектеп оқушыларының арасында көп қолданылмағаны анық. Алайда соңғы кездері өршіп кеткен мектептегі мазақтау, бопсалау, кемсітулер жаңа термин енгізуге мәжбүрледі. Бұл тек біздің елдегі тенденция емес, буллингпен бүкіл әлем мектептері күреседі.

Сонымен қандай жағдайда дабыл қағу керек, ал қандай жағдай – жай ғана социализация? Өйткені адам қоғамның бір мүшесі ретінде дамимын десе, конфликттен құтыла алмайтыны сөзсіз. Ал егер де:

·         кемсіту, бопсалау, зорлық-зомбылық күн сайын болса,

·         адам күйзелісте жүрсе,

·         суицид туралы ой келсе,

·         өз-өзіне жарақат келтірсе,

·         басқа мектепке ауыстыруын өтінсе,

шұғыл қол ұшын созу керек. Мұндай жағдайда көмек агрессия көрсету деген сөз емес. Конфликттің түп себебін анықтау керек. Көп жағдайда ситуацияға кірігу емес, адамға дұрыс кеңес беру қажет:

·         Ата-ананың басынан өткені арқылы балаға ақыл айту;

·         Адамға өзінің түр-әлпетіне, сөйлеу мәнеріне дұрыс баға беруге көмектесу;

·         Бірге отырып жағдайды талқылау, неден басталғанын, себебін артық эмоциясыз бірге түсіну. Қажет болса, бірге психологқа бару.

Ең бастысы, егер сіз ортаңызда буллингке ұшырасаңыз, ол тек сізде бар үлкен проблема деп қарамаңыз. Кез келген адам өмірінде өзін сенімсіз, ортақ стандарттан тыс сезініп көрген. Солардың бірін біз ашық сұхбатқа тартып, мектептегі естеліктерін сұрады

 
Кері байланыс Рефлексия