«ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ»

 

                                                  № 15 орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

  Тақырыбы: «ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ»

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген:    Бердигожина А.Е

                                                                                                             4 «Б» класс

 

 

 

 

 

 

                                       2018-2019  оқу жылы

 

Бекітемін:

Пәні: класс сағаты

Класы: 4 «Б»

Кештің тақырыбы:  «ТӘУЕЛСІЗДІК — ҚАСИЕТ  ТҰНҒАН  ҰЛЫ  ҰҒЫМ» 

Гимн орындалады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және  қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
   Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне — 27 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы  күнмен  баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!    Ел аман, жұрт тыныш болып, аспан  астындағы Алаштың  азаттығы  жасай  берсін!

Хор: «Елім менің»

Жүргізуші:   Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз.  Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өткен  күндерге  шегініс жасар болсақ, дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны  туралы шындықты  білмейтін жан жоқ  десе болады.

«Желтоқсан  ескерткішінің» суретін құрастырады (әр оқушы сөз сөйлеп)

Наргиз: 16 желтоқсан  бұл – ерлік пен өрлік, қайғы  мен  қасірет  мидай  араласқан, әрі жарқын, әрі  қаралы күн еді.

Нұрғиса: Бұл қасіретті күн – Қайрат, Қайыргелді, Сәбира, Түгелбай, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.

Нұрасыл:  Тарихта «Құйын-86» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды.   

Нұрдана: Кешегі дүркіреп өткен 1986-шы жылға дейін дүйім қазақ үшін желтоқсан атауы  қыс айының атауы еді. Кейін бұл сөздің мән-мазмұны да, құлаққа жетер әуені де мүлде өзгерді.

Ән: «Желтоқсан желі»

Әдеби монтаж: «ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ»

 

Нұрасыл: Біз қазақпыз! Ежелден – ақ қазақ болып аталған,

Қатал болды әр күн, әр түн атар таң!

Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,

Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.

Жүрегіме ұяласын жолбарыс

Жолбарысша тал бойында бір намыс.

Әрбір қазақ сенің туыс, егізің

Түркі Түран сенің асыл негізің.

Сен өйткені, қазақсың ғой, бауырым!

Отан – ана! Отан ана – деп өсірді  арысын

Сол арысы қорғайды ел намысын.

Қасарысса – қанына қан басқаның

Құшақ ашса – достық мәңгі дастаным,

Сен өйткені, қазақсың ғой, бауырым!

Ойың – мұхит, көңілің – көл, ісің – құт

Кем емессің  ешкімнен де, күшің нық.

Сен қазақсың, сен қазақсың,  қазақсың!

Сабырлысың, саналысың, Азатсың!

Күндеушінің көздерінен қан ақсын

Сен қазақсың, сен өйткені  қазақсың ғой, бауырым!

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,

Талай қазақ гүлдерін де солдыра,

Ел билеуге алып келді Колбинді

Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.

Егемендік – бұл елімнің елдігі,

Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.

Егемендік – елін, жерін қорғаған,

Ербол менен Қайраттардың ерлігі.

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,

Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.

Есте сақтап ағалардың ерлігін,

Жүректерге сақтау керек үнемі.

Басқарған соң Нұрсұлтандай Елбасы,

Өрге қарай домалады ел тасы.

Қол жеткіздік талай биік шыңдарға,

Соның бәрі тәуелсіздік арқасы!
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Жаңа ғана қазағымның таңы атты.

Алу мақсат ел деп, алғыс – сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарынак жас бердің!

Уа, Еркіндік,  қош келдің!

 

Ән:  «Көк тудың желбірегені»

 

 

 

 

Дәулет: Егеменді елім менің еңселі,

Құрмет тұтам бұл өмірде тек сені.

Жиырма жетіге толып қалған бүгінде

Алла сенен алыстатсын тіл – көзді.

 

Айым: Құтты болсын, жиырма жеті тойымыз,

Асқақтасынарман, тілекойымыз.

Әрқашан да бірге өзіңменалысқа,

Жүреберсек бола берсінжолымыз.

 

Хамиджан: Мақтанамыз Елбасымен ардақты,

Тани білген ақылымен жан – жақты.

Аман болсын ел ағасы елімнің,

Күндіз- түні ойлай білген халықты.

 

Жанель: Тату болсын ,сөгілмесін іргеміз.

Мәңгі бақи біз өзіңмен біргеміз.

Шұбарланбай ендігәрі біздерде

Жасай берсін, дами берсін тіліміз.

 

Мерғали: Тәуелсіз ел биік болсын тұғырың ,

Деп тілейді мынау сенің ұл- қызың.

Жаса мәңгі ,жайнай берсін жарқырап,

Жана берсін, көк аспанда жұлдызың!

1: Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар !

 

Жүргізуші: Осы өткен өмір жолдарымызға қарасақ әр жылдың өз шежіресі,сыры, тарихы, қасиеті бар. Олай болса, жеткен жетістіктерімізге тоқтала кетсек:

                 Тәуелсіздікке   27 жыл: 27 дерек! (Жасырынған суреттерді кезекпен оқушылар ашады)

1-дерек: Жанерке. 1991 жылы 16 желтоқсанда азат қазақ елінің асқақ арманы орындалып, тәуелсіз мемлекет болдық. Осы жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына қол қойды.

2-дерек.  Сұлтан. Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып жарияланғаннан кейін ұлттық рәміздеріміз (әнұран, елтаңба, ту) бекітілді.

3-дерек. Нұрдана. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті.

4-дерек:Шыңғыс. Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан сияқты көршілерімен достық қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар басқа мемлекеттермен де саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланысын жылдан-жылға нығайтып келе жатыр.

5-дерек. Алина. 1991 жылы 27 тамызда Президент Семей полигоны халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп келтіретінін айтты және осы жылы Семей полигоны жабылды.

6-дерек. Ақниет. ҚР ұлттық валютасы — ҚР Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.

7-дерек. Меруерт.1993 жылдан бастап еліміздің жастарына мемлекет есебінен шетелде білім алу мүмкіндігі берілді. Кеңестік мемлекеттер тарихында алғаш рет «Болашақ» бiлiм бағдарламасы енгiзiлдi.

8-дерек.Данияр. 1997 жылы астанамыз Алматыдан Ақмола қаласына көшірілді. Ал, 1998 жылы қала атауы Астана болып өзгертілді.

9-дерек. Аңсаған.Медицина саласына ерекше көңіл бөлініп, жоғары қарқынмен дамып келе жатыр. Шетелде жасалатын күрделi оталар қазiр Қазақстанда жасалып жатыр.

10-дерек.Нұрдана. Қазақстандағы «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламаның арқасында этникалық көшіп келушілер, Қазақстанның бұрынғы азаматтары елiмiзге қоныстандырылып, жақсы жағдай жасалды.

11-дерек. Әли.Қазақстан әлемге спорт жағынан, яғни бокс, күрес пен ауыр атлетика, мәнерлеп сырғанау, велосипед жарысы, жеңiл атлетика мен шахмат ойындарымен танылды. Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Серiк Сәпиев,.Денис Тен, Александр Винокуров, Жансая Әбдімәлік, басқа да спорт шеберлері Қазақстанды әлемге танытты, танытып келедi.

12-дерек. Мерғали.Қазақстанның мәдениет саласы жоғары деңгейде дамып келеді. Димаш Құдайберген Қытайдың «I am singer» байқауында жеңiске жетіп, Қазақстан атын әлемге танытты.

13-дерек. Руслана.Қазақстан республикасының зейнеткерлеріне, мүгедектерге, жартылай жетім және көп балалы, жағдайы төмен отбасыларға, жаңа туған сәбилер мен халықтың басқа да топтарына әлеуметтiк көмек көрсетіліп келеді.

14-дерек.Елдар. Қазақстанда «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асты.

15-дерек.Томирис. 2006 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тұңғыш қазақстандық «KazSat» Жер серігі ұшырылды. 2011 жылы «KazSat-2», ал 2014 жылы «KazSat-3» Жер серігі орбитаға шығарылды.

16-дерек.Айым. Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып, ішкі саяси тұрақтылық пен геосаяси қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне әсерін тигізіп отыр.

17-дерек. Мансур.  Қазақстан – әлемдік діни көшбасшылардың диалог алаңына айналды. Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Астана қаласында өткізу бастамасын көтерді. Дiни съездерге ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің беделді өкілдері қатысты.

18-дерек.Рабия.  «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асуда. 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді салалар дамып келедi.

19-дерек. Жанель.Қазақстан қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, үш тілді бiлiм беру жүйесiне көшiп жатыр. Бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі» дейдi Нұрсұлтан Назарбаев.

20-дерек.Дәулет. 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның барлық аймағында тойланды. Басты мерекелiк шара Тараз қаласында өттi. Таразда Керей мен Жәнiбек хандарға арналып монумент орнатылды.

21-дерек.Жанерке. Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Шараға 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысып, көрменi барлығы 4 млн адам тамашалады. Оның iшiнде 178 елдiң өкiлi бар.

22-дерек.Наргиз.  2017 жылғы наурызда Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

23-дерек. Руслана.Қазақстан шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасап, оларды қаржыландырып, елiмiз киберқылмыспен күрестi күшейтуде.

24-дерек. Алина.Қазақстан ядролық қарудан бас тартты. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда мемлекет аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды.

25-дерек. Томирис.Қазақстанның жеткен жетістіктерінің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Президентетің арқасында еліміздің халықаралық беделі артып, халықтың әл-ауқаты жылдан-жылға жақсарып келедi.

26-дерек. Меруерт.16 желтоқсан күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері болып өтті.

27-дерек. Ажар.Тәуелсіздігімізге биыл 27 жыл!

1 жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

 

Қорытынды бөлім:

1-жүргізуші:

Бүгінгі ұрпақ –  «болар елдің ертеңі» — дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің

27 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК-ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Тұрса екен биік – өр басы,

Қазаққа бақыт орнасын.

86 – шы жылғыдай,

Желтоқсан желі болмасын!

Мұғалім сөзі:

«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы  мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді  сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!»

Жеткен арман — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін, -дей келе әр бір таңымыз арайлы, күніміз шуақты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деген оймен  тақтада тұрған  күнге сәулесін шашып шуақ берердей тілегімізді  жазып  әсемдейік.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!  Хор «Ұлы дала елі!»