Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, Өскемен қаласының «№45 бейімделген орта мектебі» КММ оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қатарына салтанатты қабылдауының әзірлемесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, Өскемен қаласының «№45 бейімделген орта мектебі» КММ оқушыларын «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы қатарына салтанатты қабылдауының әзірлемесі

                                                                                      Күні: 07.12.2018

                                                                                      Уақыты: 12:00

 Орны: 1 қабат

 

Салтанатты әуен, сахнада ҚР туы орнатылған, залда қонақтар, балалар орындарында тұр.  

 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымы комитетінің байрағы енгізілсін!

 

«Жас Ұлан» туын алып шығуы 

 Әуен ойнатылады

 

І жүргізуші:

    Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және  оқушылар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдауының салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

 

ІІ жүргізуші:

Бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектеп комитетінің қатарына салтанатты қабылдауды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

 

І жүргізуші:

ҚР Әнұраны ойналсын!

Әнұран ойналады

 

І жүргізуші:

Қазақстан — біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру — барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. “Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады” демекші, қазақтың бірлігі — елдігіміздің кілті.

 

ІІ жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты қабылдауда құрметті қонақтар да қатысуда, олармен  таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер:

  1. Мектеп директоры — Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлы
  2. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Кабдуалиева Айнагуль Какимовна
  3. Республикалық Бірыңғай Балалар мен Жасөспірімдер ұйымының қалалық әдіскері – Жикенова Зарина Нуржановна

 

І жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп директоры Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлына ұсынылады.

 

І жүргізуші:

100 нақты қадам – бұл ғаламдық және ішкі қарсылыққа жауап және сонымен қатар жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттердің қатарына енуі бойынша ұлт жоспары. 100 нақты қадам Қазақстанға қиын сынау кезеңді сенімді  өткізуге   мүмкіндік беретін, «Стратегия-2050»-ді  жүзеге асыру жолынан жаңылмауға және қазақстандық мемлекеттілікті бекітуге беріктік қорын береді.

 

«Жас Ұлан» агитбригаданың шығуында музыка ойнайды

 

ІІ жүргізуші:

Бүгін «Жас Ұлан» құрмет атымен 82 оқушылар аталады. Оларға өзінің маңызды мәртебесіне сай болуға тура келеді. Қайырымды, адал, жауапты болу керек. Өз отанына сүйіспеншілікпен, құрметпен қарау керек және өз елінің дәстүрлерін, мәдениетін біліп қадірлеу керек.

 

І жүргізуші:

Ел боламын десең, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.

ІІ жүргізуші:

Жасұланға ең бастысы өз құрбылары оған еліктеуге үлгі болуы, ал ол үшін жақсы оқып, салауатты өмір салтын ұстануы және мейірімді, пайдалы істермен айналысуы  керек.

 

І жүргізуші:

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

 

І жүргізуші:

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:

  1. ҚР патриоты болуға;
  2. Еліміздің мемлекеттік рәміздерін сыйлауға;
  3. Отанымызды мақтаныш етуге;
  4. Ата-аналарға құрмет көрсетуге;
  5. Білімге ұмтылуға;
  6. Салауатты өмір салтын жүргізуге;
  7. Табиғатты аялауға;
  8. «Жас Ұлан» жарғысын бұрмалауға және оны достарынан талап етуге;
  9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?

Барлығы бірге: Иә

 

І жүргізуші:

«Біз …»

Оқушылар: «Жас Ұлан»

 

І жүргізуші:

— ұранымыз

Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» — 3 рет.

 

ІІ жүргізуші:

«Жас Ұлан» қатарына салтанатты қабылдауға дайын.

 

І жүргізуші:

Құрметті қонақтар, оқытушылар  және мектеп комитетінің өкілдері, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

 

  «Жас Ұлан»  әнұраны ойнайды

 

(қонақтар, «Жас Ұлан» мектеп комитетінің өкілдері оқушыларға галстуктерді байлап, төсбелгілерін тағады)

 

І жүргізуші:

Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.

 

Анттың мәтіні:

         Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

 

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;

         Білімге табандылықпен  ұмтылуға;

Салауатты өмір салтын ұстануға;

Табиғатты аялауға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.

 

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

 

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! (Барлығы бірге)

 

 

І жүргізуші:

Салтанатты сөз Республикалық Бірыңғай Балалар мен Жасөспірімдер ұйымының қалалық әдіскері  Жикенова Зарина Нуржанқызына ұсынылады.

 

І жүргізуші:

Келесі музыкалық нөмір «Жас Ұландар» мен қонақтарға арналады.

 

 Музыкалық нөмір

7 «Б» сынып оқушылары Қорғау Дильназ, Жарасова Аруна «Отан» өлеңі

 

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан»  балалар мен жасөспірімдер ұйымы комитетінің байрағы шығарылсын!

 

«Жас Ұлан» туының шығарылуы

 

ІІ жүргізуші:

Қымбатты жасұландықтар сендерді осы өз өмірлеріңіздегі маңызды оқиғаларыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге Жас Ұлан абыройын жоғары ұстап мемлекетіміздің лайықты азаматы болуды тілейміз.

 

І жүргізуші

Президентіміздің жолдауынан. «Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!

 

ІІ жүргізуші:

Осымен салтанатты қабылдауымыз өз мәресіне жетті.

І жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!