Жай  және құрмалас сөйлемдер. Мәтін көшіру

Пәннің аты: Көркем жазу Уақыты: Сыныбы:4 Сабақ реті:
Сабақтың атауы Жай  және құрмалас сөйлемдер. Мәтін көшіру
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділігі: Жай сөйлемнен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын ұғындыру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой — өрісін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру. Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ — жауап, әңгімелеу
Психологиялық ахуал Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, сабаққа зейінін аудару
Үй тапсырмасын тексеру 

Жаңа сабақ.Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

Жай сөйлем бастауыш пен баяндауыштан (кейде тек баяндауыштың өзiнен) құралып, бiр ғана ойды бiлдiрсе, кейде күрделi ойды бiлдiредi. Мысалы: Қоңырау соғылды. Екi немесе бiрнеше жай сөйлемнен құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлемдi құрмалас сөйлемдеймiз.

 

Жай сөйлем айырмашылығы: 1. Құрамы жағынан — жеке сөздерден құралатыны.

2. Мағыналық өзгешілігі — жеке, дербес ойды білдіретіні.

3. Дауыс ырғағы тиянақты, аяқталоған ойды білдіреді, бүтін болып есептеледі.

Құрмалас сөйлем айырмашылығы: 1. құрамы жағынан — жай сөйлемдерден құралатындығы.

2. Мағыналық өзгешілігі — күрделі ойды білдіруінде.

3. Құрамындағы сөйлемдердің дауыс ырғағы тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі боп табылады.

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнин ұқсастығы: 1. Екеуі де ойды (жалаң немесе күрделі) білдіреді.

2. Пікірді жарыққа жығаруға, түсінісуге қызмет етеді.

3. Айтылар ой дауыс ырғағымен беріледі.

 

Жай сөйлем
Күн жылынды. Қар еріді.
Жер көгерді. Мал өріске шықты.
Құрмалас сөйлем
Күн жылынды да, қар еріді.
Жер көгерді де, мал өріске шықты.

1-жаттығу.  Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр.

Қыс түсті. Өзен суы қатты. Мәдениет үйінде концерт болды. Ауыл адамдары түгел жиналды. Сабақ аяқталды. Оқушылар үйлеріне қайтты.

 

2-жаттығу. Берілген құрмалас сөйлемді жай сөйлемге айналдыр. Сөйлем мүшелеріне талда.

Жаңбыр да жауды, жер де көгерді.

Бетқаратпайтын боран болғандықтан, Жанар қалаға бармады.

Қазан айында күн салқындап,  жаңбыр жиі жауа бастады.

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерден жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді екі бағанға бөліп жаз.

Айжан кітапты көп оқиды.Бұлбұл сайрады.Қанат шахтада жұмыс істейді,оны жұрт құрметтейді.Бір топ бала іске жұмыла кірісіп,коньки тебетін мұз айдынын жасап жатты.Дәу қара құс көрінді.Лезде аспанды бұлт торлап,жаңбыр құйып кетті.

Сергіту сәті Денені жаттықтыру жаттығуларын жасату Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма. (Д деңгейі) «Ұлттық теңге  — мақтанышым» тақырыбында құрмалас сөйлемдермен  мәтін құрастырады.
Үйге тапсырма 5 жай, 5 құрмалас сөйлем құрастыру. Сөйлем мүшелеріне талдау.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс