«Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін арттыру»

                                                                                              Арышева Арай Талгатовна

БҚО, Орал қаласы,

№28 «Қарлығаш» бөбекжайының

ІІ-санатты әдіскері

 

«Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін арттыру»

«Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде  ең тиімді әдістерді таңдай білу»

Н.Ф. Талызина

«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.

Бүлдіршіндердің  жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы  мектепке дейінгі мекемеде қызмет жасайтын тәрбиеші, мұғалім,педагогтардың білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен үйренеді.

Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты.

Өзімнің тәжірибе жұмысымның алғашқы жылдары қазақ тілі сабағында жиі қолданылып жүрген республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің озық технологияларымен танысып, оны өз жұмысымда тиімді пайдалануға тырыстым.

Коммуникативтік құзыреттілік –балалардың алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әртүрлі жағдайларға пайдалана білу мүмкіндіктері.

Коммуникативтік құзыреттілікке:тілдерді білуге, ортамен сөйлесу қарым-қатынасына түсу жатады.

Жас ұрпаққа  білім беру терең теориялық білімді, жан-жақты біліктілікті талап етеді.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру тәрбиешінің басты міндеті болып саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс.

Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Қазіргі мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік-тілдік әрекетке қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды. Мектепке дейінгі балаларды өз ана тілінде сөйлеуге, тіл дыбыстарын дұрыс және анық айтуға үйретуде, тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда  олардың сөйлеу тілін  дамытуға, сөйлем құрастырып сөйлеуіне, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.Сөйлеу бала үшін қарым-қатынас құралы болып табылады, оның ойлау қабілетін және мінез құлқын реттеуде маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық, ойын-жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.

Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде.

Қазақ тілі балаға ертеңгі күні үлкен өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, жұмысында, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатындай аса білікті пәндердің бірі. Қазақ тілін үйреніп жүрген балалардың тілі тез дамуы үшін оны қоршаған адамдар да осы тілде сөйлесіп, араласуы қажет. Сондықтан кішкентай бүлдіршіндерге балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген.

Дамыта оқыту технологиясы — баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында еркіндік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы зор.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер жатады. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды мектепке дейінгі мекемелерде кеңінен пайдалану. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.

Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолданудағы мақсаты — баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

  а) ақпараттық құзыреттілік:Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте жүзеге асыру.

  ә)  коммуникативтік құзыреттілік:Баланың сөз меңгеру ерекшеліктерін жан-жақты қалыптастыру (көркем әдебиетті меңгерту, ән салу, берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру т.б.)

Әңгімелеу, әңгіме құрату өзі көріп-білген жәйттар туралы, сурет мазмұнын, оқылған шығарманың мазмұнын әңгімелеп беру дағдыларын дамыту.

Әдеби шығармаларды түсіну, әңгімелеп беру, жанрға ажырата білу дағдыларын (ертегі, әңгіме, өлең, жұмбақ)  қалыптастыру. Ойын үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды қалыптастыру.

Әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту.

   б) проблема шешу құзыреттілігі: Өз бетімен сөздік тапсырмаларды орындай білу қабілетін дамыту. Жұмбақты шешіп, оқылған өлеңді зейін қойып тыңдап, түсінгенін өз ойымен жеткізе білуге дағдылау. Көркем шығарма, ертегіні әңгімелеп, тақпақ жаттауға, өз ойынан әңгіме құрастыруға дағдылау.

Көркем әдебиет шығармаларын оқу, ойын, еңбек процесінде баланың тілін жетілдірумен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Әлеуметтік белсенді жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту.

Ал бүгінгі ХХІ ғасырында, тәрбие-оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын дегеніміз не? Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді.

Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту   Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолдандық.

Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастырдық.

   Ойын баланың өмipiн қызыққа, қуанышқа бөлеп, айналаны танып білуге деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді.

Күнделікті іс-әрекетте өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметін, ойын-сауық өткізген кезде үйренген сөздерін тиянақтап, жаңа сөз үйрету, ол үшін әр түрлі ойын, жаттығу жұмыстарын жүргізіп, экскурсия, бақылау жұмыстарында  сөздік жұмыстарын жүргізу жұмыстары қолға алынды.

Мысалы, мазмұнды- рөлдік ойындар баланың зейінін, eciн, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әcepi арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бip ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады.

Ойын, тапсырмалар, жаттығулар арқылы балалардың  тілдік құзіреттіліктерін жетілдіруде,  балалармен  жұмыс барысында олардың қиялдау, бейімделу,қозғалу, жүйелеу, ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі,қиялдау қабілеттері жетіледі.