Қыз қылығымен сүйкімді

Тақырыбы: Қыз қылығымен сүйкімді
Мақсаты: Қыз балаларды ұлттық тұрғыда халқымыздың әдет — ғұрпын, салт — дәстүрін қадірлеу, ұлтжанды, отансүйгіштік сезімдерге баулу, тәрбиелеу.
Типі: Жарыс
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, мақал — мәтелдер, интерактивті тақта, шарлар, гүлдер
Жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі

I. Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім: Бүгін біздің ауылда дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой
Жырдан шашу шашылсын, күй күбірлеп
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой
Құрметті ұстаздар мен ата — аналар бүгінгі ұйымдастырылған сыныбымыздың «Қыз өссе — елдің көркі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! II. Негізгі бөлім
Қыз — ата — ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз — ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы, басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз — өріс, қыз — қонақ» деп туған — туыстары оларды аялап, мәпелеп өсірген.
— Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз жарыс түрінде өтпекші. Жарысқа сыныбымыздың үш қыз балалары қатысады. Жарыс мына шарттардан тұрады.
Шарттары:
I. Өзін — өзі таныстыру (қара сөзбен, өлеңмен, әнмен)
II. Қолөнер сайысы (үйден дайындалып келген бұйымның жасалу жолын түсіндіреді)
III. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты…(өз өнерлері)
IV. Сұлудың сыры (қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету).

Мұғалім: Қазақ халқы қызының жазылмас дертке ұшырамауы үшін, жаза қадам баспауы үшін мынадай он түрлі талап қойған:
1. Әдепті 6. Сабырлы — салмақты болу
2. Ар — ожданы пәк болу. 7. Адал, ақ жарқын болу
3. Кеңпейіл кешірімді болу 8. Моральді — мұратты болу
4. Мейір — шапағатты болу 9. Өжет, батыл болу
5. Ақыл — парасатты болу 10. Ұят намысты болу
— Нағыз қазақ — домбыра демекші, кезекті күйге береміз. Ортаға Аружанды шақырамыз.
«Адай» күйі
Мұғалім: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Қыздарымыз аянбай жан салыпты — деп қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық.
III. Ал, кімнің өнері бар қаншалықты…(өз өнерлері)
— Рет бойынша қыздарымыз өз өнерлерін көрсетеді.
Әділқазылардан бағалары сұралады.
Мұғалім: Инабатты қыз өсіру ниетімен тыйым сөздерді де пайдаланған, қызға 40 үйден тыйым болған:
1. Жарыса сөйлеуге 2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге 4. Орынсыз ұрынуға
5. Басқаларға қол тигізуге 6. Өтірік, өсекке және т. б
Мұғалім: Сымбатына сән киім жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне көркі сай келіп тұрған
Аруларға қызығып қарасатын — дей келе 4 — ші бөлімге де кезек берейік.
IV. Сұлудың сыры (қазақтың ұлттық киім үлгісін көрсету)
Қыздарымыз рет — ретімен сән үлгісін көрсетеді.
Әділқазылардан бағалары сұралады.
— Әділқазыларымыз жеңімпаздарды анықтағанша ортаға сыныбымыздың биші жігіттерін шақырамын.
Би: «Қара жорға»
III. Қорытынды
— Жеңістеріңіз құтты болсын! Қыздарымызға бата беру үшін кезекті оқушыларымыздың әжесі Ырысты апаға сөз береміз.
Бата
Талдай бой берсін
Сұңғыла ой берсін
Жаздай жамал берсін
Қардай жанар берсін
Анаға шуақ болсын
Ағаға қуат болсын
Нәзік жаны болсын
Елінің ары болсын
Басына өнерден бағы қонсын!
— Ендеше, біздің тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыт пен көңілдеріңізді бөліп келгендеріңізге көп — көп рахмет айтамыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!