Ұлт пен  ұрпақ болашағы ұстаз қолында

Керимкулова Айшакуль Таласбаевна

№29 орта мектебі  бастауыш сынып мұғалімі

Жамбыл облысы Тараз қаласы

 

 

 

 

                      ЭССЕ

 

Ұлт пен  ұрпақ болашағы ұстаз қолында

 

«Маған айтып берсең , ұмытып  қаламын. 

 Көрсетсең , есімде  сақтаймын. 

  Өзіме  жасатсаң , үйреніп  аламын»    (Конфуций.)

 

.                 ХХІ ғасыр-қатаң бәсеке ғасыры. Бұл ғасыр – марғаулықты көтермейтін ғасыр. Демек, әлемдік бәсекелестіктің жылдам дамуына ілесе алатындай білімді де, тапқыр дара тұлғаның тағдыры біздің қолымызға аманат ретінде тапсырылып отыр. 30 жылдық педагогикалық тәжірибемді зерделей келе  түйгенім: кемел заманның  мұғалімі – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Ақпараттық технологияны жетік меңгермеген ұстаз, қазіргі интернет жүйесінің барлық мүмкіндіктері арқылы сабағын жан- жақты толықтыра алмайды. Ұстаз барлық жағынан өзге мамандық иелерінен озық жүруі керек. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет — білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өз білімі — парасаты, ақыл — мәдениеті, іскерлік пен  шеберлігі арқылы педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл , шығармашылықпен жұмыс істей алатын  тұлға болуы керек. Өзіме күнделікті педагогикалық оқу – тәрбие жұмысымда  осы міндеттерді алға апаруды, сабақ барысына үлкен жауапкершілікпен қарауды  мақсат етемін.

Мұғалім болашақ  ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Ең бастысы, мұғалім адами касиеті мол, басқаға көмегін тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі . Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды. Жақсы мұғалім түсіндіреді. Керемет мұғалім көрсетеді. Ұлы мұғалім шабыттандырады» дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен өзін-өзі басқару,  ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Қазіргі жас буын — еліміздің келер күндердегі келбеті. Сол себептен де, бар білімімді  шәкірттерімнің болашақта өз білімдерін өмірде саналы , қажетінше тиімді қолдана алатын азамат болып шығуына жұмсаймын. Олардың айтылым, жазылым, оқылым дағдыларын барынша сауатты , жоғары деңгейде меңгерулеріп ,өз ойларын еркін айтып қана қоймай, әр істе көшбасшылық қабілеттерін танытатын ұрпқ болуын қалаймын. Кабинеттің жаңа талапқа сай жабдықталуына орай, күнделікті сабақта интертақтаның барлық мүмкіндіктерін шәкірттерімнің игілігі үшін, пайдаланамын.Тақырыптық бейне жазбалар, косымша интернет ақпараттары, аудио- видео материалдары,  Bilim Land электронды оқулықтары оқушылардың білім деңгейлерінің сапасына көп тиімді үлесін қосады. Саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру үшін , бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажеттілігі туындады.

Педагогтік шеберлік – дарындылық  емес үйрену, ізденудің нәтижесі. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі тиіс. «Еліміздің  ертеңі бүгінгі  жас  ұрпақтың ,  ал  жас  ұрпақтың  тағдыры  —  ұстаздардың  қолында» деп , елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев ұстаздар қауымына үлкен сенім артып отыр . Осы мақсатта, Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру  деңгейлік бағдарлама  орталықтарының Отандық білімді әлемдік деңгейге көтерудегі атқарып отырған қызметі орасан зор. Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасай  отырып, тілдік дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге бірін- бірін үйрету, бірін- бірі оқыту ,бағалау дағдыларын да меңгереді. .Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету  мұғалімнің басты міндеті, — дегім  келеді.