«Адамзат таныған Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.

                                                                                                              Асылбекова Қ.Б.

                                                                                                              қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                                                              пәні мұғалімі

                                                                                                                                

 

Сабақтың тақырыбы: «Адамзат таныған Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр, таусылмас қазына»

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Адамзат таныған ұлы тұлға Шәкәрімнің терең ойлы,көркем сөзді мұраларындағы рухани құндылықтардың бастау алар тамыры халық даналығында екендігін жеткізу. Өшпес сөз өрнегі, таусылмас қазына ретінде жоғары бағаланатын ақын шығармалары әлемдік деңгейдегі шоқтығы биік асыл қазына қатарынан орын алатынын таныту.
  2. Тәрбиелік: Шәкәрімнің сөз өнерінің құдіретті күші арқылы оқушыларды адами қасиеттерге баулу, адамзаттық бейнесі арқылы үлгі — өнеге алуға шақыру.
  3. Дамытушылық: Өнерге айналған өмірді танып білу; өзіндік тұжырым – пікір жасау дағдыларын үйрету; ақынның суреткер ретіндегі ойшылдық шеберлігіне, тереңдігіне ену, ұғып меңгеру, таным – түсініктерін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы, ой дамыту

Сабақтың әдіс – тәсілі: интерактивті оқытудың әдістері / жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс, ұжымдық жұмыс/.

Көрнекіліктер: ақын суреттері, слайдтар,кітап көрмесі

Техникалық құралдар:компьютер,интерактивті тақта/экран.

Пәнаралық байланыс:  тарих, музыка.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)

  1. Сәлемдесу. Балаларды түгендеу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

  1. Тест тапсырмасы.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. Оқушылардың білімді, сапалы, белсенді меңгеруге дайындау (5 мин):

  1. Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа білімді меңгерту.

ҮІ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бекіту кезеңі. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі.

 

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды сабақта жұмыс істеуге даярлау.

— Қайырлы күн, отырыңдар.

— Сыныпта кім кезекші?

  1. Оқушыларды міндеттерімен таныстыру.

Оқушылармен келісім шартқа отыру:

  • тыныштық сақтау
  • бір – бірінің пікірін тыңдау
  • уақытты тиімді пайдалан

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

— Үйге Абай Құнанбаевтың өмірі ен шығармашылығын толық оқып келу тапсырылған болатын. Қазір қазақтың ұлы ақыны Абай өмірі мен шығармашылығын бойынша тест сұрақтары беріледі.

1.Жеке жұмыс. Тест (слайд № 1)

 

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі. Оқушылардың білімді, сапалы, белсенді меңгеруге дайындау.

  • Жұппен жұмыс. СТО технологиясы бойынша «Не білемін» кестесі толтырылады.

(слайд № 2)

Еске түсіру кестесі:

Еске түсіру керек

(Мұғалім ұсынады)

Не білемін

(Оқушы толтырады)

Сабақ кезінде қосқаным

(сабақ  кезінде толтырады)

1. Ш.Құдайбердиев туралы не білесіз? Жауап (болжам)

— Бес арыстың бірі

-1958 жылы туған. Әкесі Құдайберді ерте қайтыс болған. Абайдың немере інісі.

 

Толтыру (болжам)

-Қазіргі  Абай

ауданы,Шыңғыстау деген жерде туған.

— 11 шілдеде

— Анасы -Дәметкен(Төлебике)

— Ұлдары: Сұпиян (Мәуеннен)

Ғафур, Қабыш,Ахат,Зият (Айғаншадан) т.б.Гүлнәр-қызы

 

2.Шәкәрімнің қандай шығармаларын білесіз? — «Адамдық борышың», «Бостандық таңы атты», «Жаз келер» өлеңдері «Қалқаман-Мамыр» поэмасы бар. т.б.

 

7 жасында жазған

А.С.Пушкиннен, Л.Н.Толстойдан аударған

«Мұтылғанның өмірі»өлеңі «Еңлік –Кебек» поэмасы бар т.б.

3. Шәкәрімді кім деп білеміз? -Қазақтың белгілі ақыны.

— Абайдың бірегей шәкірті

-Қоғам қайраткері

— Композитор

т.б.

— аудармашы

— тарихшы

— Жазушы

— Ғалым

— қажы т.б.

  • Бұдан кейін оқушы толтырып болғаннан кейін, білетіндері салыстырылады.(Ал сабақ кезінде толтырғандары бес сабақтан кейін бір-ақ тексеріледі

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру.

       Бүгінгі сабағымыздың мақсаты адамзат таныған ұлы тұлға  Шәкәрімнің терең ойлы,көркем сөзді мұраларындағы рухани құндылықтардың бастау алар тамыры халық даналығында екендігін оқып үйрену, өшпес сөз өрнегі, таусылмас қазына ретінде жоғары бағаланатын ақын шығармалары әлемдік деңгейдегі шоқтығы биік асыл қазына қатарынан орын алатындығын танып  біліп, оның  адамзаттық бейнесінен үлгі — өнеге алу болып табылады.

 

Ү. Жаңа білімді меңгерту: 

Біздің бүгінгі сабағымыз күллі адамзат таныған ұлы тұлға Шаһкәрім (Шәкәрім) Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы болмақ. Сол себептен бүгінгі сабағымызды  «Адамзат таныған Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр, таусылмас қазына» деп атадым.    (слайд № 3)

Тұрғанда сайда жортқан ізі қалды,

Ұмытылмас өмірде ізі қалды.

Өлмейтін, өшпейтұғын, жойылмайтын

Өсиет, жазған өлең, сөзі қалды,-деп әлемдік ой алыбы Шәкәрімнің ұлы Ахат Шәкәрімұлының айтқанындай, ғасырларға пара-пар ұзақ жылдардан соң өзі сүйген, өзін сүйген халқына Абай атамыздың ақын інісі, шәкірті, ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлы оралды.

Шәкәрім шығармаларының қайнарын зерттеуде, зерделеуде осы күнге дейін қанша жұмыс жасалса, одан сан есе көп жұмыстар өз кезегін күтіп тұрғанына дау айта алмаймыз. Ол-өзі өмір сүрген ортаның қиындығы,саяси ахуалдың шиеленіскеніне қарамастан көп еңбектенген ақын.

Шәкәрімнің ақындық кредосы туған елінің өсуі,өрлеуі,көркеюіне қызмет етуге «мен жетелеп өлемін өрге қарай қазақты» деген ірі мақсатқа,мүддеге сәйкес келеді.Сөз өнерінің құдіретті күші арқылы ақын қазақ қоғамының жақсаруына,адамдардың жеке басының жетілуіне әсер етуді көздеген.

…Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,

Өлеңмен өміріне сән бергендей.

Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,

Оятсын ойкүйезді жан бергендей – деп ақын жырлағандай, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бұл сабақтың ерекшелігі – бұл ізденіс сабағы. Яғни, бүгінгі жаңа сабақты сіздер өздеріңіз түсіндіресіздер. Сіздерге, алдын ала Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып, дайындалып келу тапсырылған. Оқулықтағы материалмен шектелмей, қосымша материалдар арқылы дайындалып келу тапсырылған.

  • Топпен жұмыс.

1-қатар, Линаның тобы – Шәкәрімнің өмірі жайлы сабақ түсіндіреді. (слайд № 4)

 

2-қатар, Мәрмәрдің тобы – шығармашылығы жайлы мәлімдейді. (слайд №5)

 

ҮІ. Жаңа сабақта түсінгенін тексеру кезеңі:

Топпен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Мәрмәрдің тобы – өмірі жайлы сұрақтарға жауап береді. (слайд № 6)

Линаның тобы – шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды оқушылардың өздері дайындап, жүргізеді. (слайд № 7)

 

 

  1. Әдеби домино. Оқушыларға өлең үзінділерін қиып конверке салу. Оқушылар оны құрастырып, қай өлеңнен екенін табу қажет.
  • Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.

ҮІІ. Оқушылардың білімін бекіту кезеңі: Ұжыммен жұмыс

  1. «Шыңғыс тауының шыңына шығу» деп аталады. Бүгінгі сабақта алған білімдерімізді бекітіп алайық. (қиынды қағаздар арқылы пирамида құрастыру)