Б.Соқпақбаев Шал мен бала

Күні: 22.01.2018 ж. Мұғалімнің есімі: Бердемова Ж
Сынып  3
Сабақтың тақырыбы Б.Соқпақбаев Шал мен бала
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Мәтін арқылы баланың бойындағы әдептілік туралы мағлұмат беру.Берілген мақал-мәтелдің мазмұнын ашуды үйрету.Өзгенің пікірімен санаса білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже  Мәтін арқылы баланың бойындағы әдептілік туралы мағлұмат беру.Берілген мақал-мәтелдің мазмұнын ашуды үйренедіӨзгенің пікірімен санаса біледі.
Әдіс — тәсілдер Сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Көрнекілігі Ақын портреті,смайликтер, постер, маркерлер, қанатты сөздер,
 
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз ) Мұғалімнің  іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті
Басталуы

10 мин

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Сабақ өлеңмен ашылады

Ана тілің арың  бұл,

Деп үйретсем деп едім.

Топ алдында сөйлейтін,

Шешен етсем деп едім.

Ахмет, Мағжан мұрасын,

Жаттата алсам деп едім.

Білімге  бай оқушы,

Дайындасам деп едім.

Үй тапсырмасы  « Серпілген сауал»  арқылы бекіту

1-топ 1. Балалар, В. Сухомлинский қай халықтың жазушысы екен?
2. Мәтінде не туралы айтылған?
3.Ананың шашы неліктен ағарады екен?
4. Балалар, «айтқаныңды екі етпей, ақ сүтіңді өтермін» деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
2-топ
1. . Ананың құшағы қандай?

2.Ана баласына қандай жылы сөздер айтады?

3. Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған кім?4.Ана мен Отан сенен не күтеді?

Бағалау «Смайлик»

Оқушылармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты өлеңмен ашады.

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

 

 

 

 

Оқушыларға түрлі сауалдар қойылады.

 

 

Сабақтың ұранын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

20 мин

Негізгі бөлім

Сабақтың ұраны:

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе.

Топқа бөлу (қарт,қария,ата,әке, бөбек,нәресте, сәби сөздеріқұрастыру арқылы) (2 мин)«Мейірім»  және «Ізгілік» тобы

Жүріңдер, балалар

Сырғанақ тебеміз

Құрыспай, құрыштай

Шынықсын денемізБұл кімнің өлеңі?

Түрткі сұрақ

Бердібек Соқпақбаев кім?

Қай жерде дүниеге келген?

Қандай шығармаларын білесіңдер?

Қандай кітаптары бар?

Ой қозғау.   Бүгінгі сабағымызды жаңа «Жақсыдан үйрен» бөлімінің сабағын бастаймыз.

Ақын туралы қысқаша түсінік беру.

Бердібек Соқпақбаев – 1924 жылы, 15 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданында туған. Әзіл оспақ өлеңдерде шығарған. Анасынан ерте айырылып, өмір тауқыметін ерте тартқан. 1950 жылы «Бұлақ» атты жыр жинағы жарық көрді. Ол жиырмадан астам роман, повест, әңгіме жазды. Оның «Менің атым – Қожа» повесіндегі Қожаның мінез — құлығы өзіне ұқсайтындығын автордың өзі айтқан болатын. Оның «Жекпе — жек», «Аяжан». «Балалық шаққа саяхат», «Чемпион» т. б. шығармалары кеңінен таныс.( слайд)

Интерактивті тақтадан «Тозаңдай жақсылық жаса» видеоролик көрсетіледі.

Оқушы ойы тыңдалады.Әңгімені оқу, талдау. «Ойлан.Бірік.Бөліс»

(жұптық,топтық жұмыстар жүргізіледі)

Оқулықпен жұмыс ( 5 мин)

«Мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін. Мәтіндегі оқиғалар бір — бірімен байланысты болады»(Мұғалім осы түсініктемені түсіндіріп, оқушылардың ойын сұрап, нақты мысал келтіреді)

Сөздікпен  жұмыс

Көргенділік- тәрбиелік

Қорыну-жасқану

Бейтаныс- таныс емес, бөтен.

Сахналық қойылым ( топтық жұмыс)

Сергіту сәті

1. «Орнын тап» ойыны.

— Балалар, қазір біз ойын ойнаймыз. Сендер мына тақтадағы шығарманың оқиғаларын

рет — ретімен орналастыруларың керек жарай ма?  — Иә  Атаның әңгімесі – 3   Трамвайдан түскенде – 1     Атаның немересі – 4   Атаның балаға риза болуы – 6Бейтаныс баланың көмегі – 2   Ата мен немересінің әңгімесі – 5

Дәптермен жұмыс (3 мин)

Жақсылық, жамандық туралы мақал – мәтел жаз, жұбыңмен ойлас

«Басбармақ» арқылы бағалау

(жұптық жұмыс)

Кластер әдісі бойынша Жеке жұмыс

Ата сөзіне  ассосация жазу

Мадақ сөздер» арқылы бағалау

 

Сұрақтар беріледі.

 

 

 

 

Өлемен ашады.

 

 

 

Топпен жұмыс жасалады

 

 

 

 

Сұрақтар қойылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақынның суреті

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

Автор туралы біледі

 

 

 

 

 

 

 

Видеоролик көреді,

ойы тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахналық қойылым көрсетеді

Аяқталуы

10 мин

Бекіту сұрақтары

— Балалар, сонымен бүгінгі тақырыптан не түсіндік?

— Мәуленнің атаға көмектескені дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

— Сендерде жолда үлкен кісілерге көмектесесіңдер ме?

— Біреудің бауынан жеміс ұрлауға бола ма екен?

— Үлгілі оқушы болуға тырысамыз ба?

. Бала неліктен шалға көмек берді?

Бейтаныс баланың көргенді қылығы шалды сүйсіндірді?\

Ақсақал қандай ой түйіндеді?

Мәуленнің ұрлығын кешірді ме?

Бала шиені ұрлаушылар жөнінде естігенде неліктен міңгір ете қалды?

«Жақсылыққа жақсылық -әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық- ер кісінің ісі.»  дегенді қалай түсінесіңдер?

Жақсылық қылсаң, бүтін қыл,

Жаманға шөп батады, жақсыға сөз батады.

Кері байланыс Жүрекшені жүрек тұсына қойып, мен мейірімді жүрегіммен айналама жақсылық жасағым келеді

Үйге: Түсініп оқу

Бағалау

 

 

 

Сұрақтар қойылады

 

Кері байланыс жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақтар жазылған парақшалары

 

 

 

 

«Менің көңіл-күйім» баспалдағы