Ұқыпты бала — әдепті бала

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары №19

 

Сынып:   3

Тақырып:    Ұқыпты бала — әдепті бала

Құндылық: «Ақиқат», «Сүйіспеншілік»

Қасиеттер:  Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.

 

Мақсаты: Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушылырды ұқыптылық арқылы әдептілікке үйрету.

Дамытушылық: Сыпайылылық қарым — қатынастарын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Үнтаспа, бейнетаспа, плакат, түрлі түсті қарындаштар, көбелектер, жұлдызшалар, слайд

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» сақтау)

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ — қолдарыңызды айқастырмай, көздеріңізді жұмып,  елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге  қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза  әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңіз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер  ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте  шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле  шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп  жүрген адамдарға да бағыттаңыз.  Олардың да жүрегі  нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр  бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Ескерту
Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтағы 83-беттегі Б.Әділовтың«Еңбексіз өмір-сүреңсіз» әңгімесінің түсінігін сұрау.

ü Саған  қай  пышақ  ұнады?

ü Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

ü Қара пышақтың әрекеті дұрыс па?

ü Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

ü «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?

 
Дәйексөз.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Абай

Оқушылар дәйексөзді 3-4 рет қайталап оқып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қорытынды жасаймын.

Адам, ең бастысы, еңбектенуге, бір іске күш – қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.

 
Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)

Мұғалім сыйы.

«Әке мен бала» бейнетаспасын көрсетемін.

Сұрақтар:

v Бұл бейнетаспадан қандай ой түйдіңіз?

v Әке баласына тағаны неге алуды өтінді?

v Әкесі тағаны кімге тапсырды?

v Тағаның ақысына әке не сатып алды?

v Әкесі құрманы бір-бірлеп неге жерге лақтырды?

v Аз жұмысқа қиынсынсаң көп іске тап боласың дегенді қалай түсінесіз?

Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік.Адалеңбектібағалап, қадірлейік.

 
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. (10 мин)

Оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында сергіту сәтін өткіземін.

Сергіту сәті: «Қара жорға»

 

Оқушыларды гүлдер арқылы топқа бөліп, әр топқа тапсырмалар беремін.

І топ:    Суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау.

ІІ топ:   Мамандық иелерін ата. (суреттерге қарап табу)

ІІІ топ: Еңбек құралдарының қолдану аясын тап.

Тапсырма  орындау кезінде баяу әуен қойылады. Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң жұмыстарын жариялайды.

Олай болса оқушылар бүгінгі сабағымызды  «Жұлдызды аспан» ойынымен қорытындылаймын.         Оқушылар жұлдызшаларға өз тілектерін жазып, тақтаға жапсырады.

 
Топпен ән айту.

«Сенім»
Мәдина Садуақасова

1.Сездірмей жүрген,
Тек өзім білген.
Бір сенім бар,
Жоғалмас мүлдем.
Сол сенім бар да,
Асығам алға,
Ақ тілегім, биікке самға.

Қайырмасы
Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім – маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.

2. Жылуын берер,
Шапағат төгер,
Махаббатым адаспай.
Асқардай биік,
Армандар жиып,
Мен өтемін
Өмірді сүйіп.

Қайырмасы

Тағдыр жолы көп торабы,
Ақ пен қара жолағы.
Сенім – маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін,
Дауылды да жеңемін.
Жүрегіммен сенемін.

 
Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 85-бетіндегі «Жақсылардың жақсысы» аңызды оқып келу.

Дәптердегі тапсырманы орындау.

 
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Ал енді балалар, бір минут тыныштықта отырып, бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық бар жерде.

Тыныштық, Тыныштық, Тыныштық бүкіл әлемде