«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

Ашық ұйымдастырылған тәрбие сағатының технологиялық картасы

 

Тәрбиеші: Ж.К.Иманбаева                                      Күні, айы, жылы: 16.11.2018ж.

Тобы: МАД

Білім беру саласы: Таным, шығармашылық

Бөлімдері: қоршаған ортамен  таныстыру, жапсыру

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат-міндеттері: балалардың жол ережесін, белгілерін есте сақтай білуге үйрету;

жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге  баулу; өз өмірлеріне айналасындағы адамдардың өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу

а)Ақпараттық құзыреттілік: Балаларға жол тәртібін, ережесін үйрету. Жол, көше, бағдаршам, жол белгілері, көлік  түрлері  туралы білімдерін жетілдіру, кеңейту.                                                                                                     ә)Коммуникативтік құзыреттілік: Логикалық ойлау, көшеде өздерін дұрыс ұстау  қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.   

б)Проблемалық құзыреттілік: Ойнай отырып ойлауға, қиындықтарды жеңе білуге бағыт беру

Оқу қызметінің  түрі: ойын  сабақ

Пәнаралық байланыс: сөйлеуді  дамыту, ағылшын тілі, орыс тілі

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап, ойын, практикалық, көрсету, түсіндіру, әңгімелесу.

Қажетті көрнекі құралдар: бағдаршам, сызылған жол жолақтары, жол белгілері, компьютер арқылы салынған суреттер, ойыншық машиналар.

Билингвалды компонент: жол-дорога-road, жол ережесі-правила уличного движения-traffic  regulations ,бағдаршам-светофор-traffic  lights

Іс — әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Cебепті қызығушылығын ояту кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз,

Жалғайтын достастырып елменен.

Жолдардан тұрады ғой әлем деген,

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Іс-шарамыз басталсын  сәлемменен

2.Жылулық  шеңбері

«Тілек шоғы» атты жылулық шеңберін ұйымдастыру

 

Біз әдепті баламыз,                            Біз ерекше баламыз.  Қонақтарды көргенде,      Сәлеметсіздер ме!-деп, Амандасып аламыз.

 

Балалар шеңберге тұрып, жылулық шеңберін орындайды.

 

Ұйымдас-

тырушылық  ізденіс кезеңі

 

3.Кіріспе әңгіме                                  Жұмбақ жасыру:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда

Жүре бергін, жасқанба!                      -Балалар ол не?

-Балалар,бағдаршам не үшін қажет?  Балалардың жауаптарын толықтыру.

Бағдаршам өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, ұғып алу баршамыздың міндетіміз.

Бала – біздің болашағымыз. Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап, аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың, тәрбиешілер қауымының төл міндеті десек те, осынау маңызды  істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта қала көшелерінде көлік санының шектен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі жол- көлік апаттарының орын  алып жатқандығын , сондай апат салдарынан балалардың, жасөспірімдердің әртүрлі оқиғаларға дұшар болып жатқанын жасыруға болмайды. Олай болса, алдымен жол тәртібіне байланысты ең басты ережелерді жадымызға сақтап алайық:

1.     Жолдың машина жүретін бөлігіне ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

2.     Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт.

3.     Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.

4.     Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

5.     Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

6.     Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

 

Балалар,бағдаршам туралы тақпақтар білесіңдер ме?                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Белгілерді ажырат»                                  Мақсаты: балаларға  жол белгілерінің қызметін меңгерту.

Балаларды ептілікке, сақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сергіту сәтін орындату

«Қызыл, сары, жасыл» ойынын ұйымдастыру

 

Күтпеген сәт                                Қонаққа кішкентай көжек келеді  (қолында хаты бар)

-Балалар,ендеше іске кірісейік тездетіп көжекке алдарымыздағы түрлі түсті қағаздардан әдемі етіп бағдаршамды жапсырып берейік.

-Бағдаршамның көздері нешеу болады?                                                           -Көздерінің пішіні қандай?т.б.

 

 

Балалар жұмбақтың шешуін табады

 

 

 

 

-Бағдаршам                                          Балалар өз ойларын білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар мұқият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар білетін тақпақтарын ортаға салады                                 

М.Ерасыл:                       Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Нұрлан:                          Сары шамы жағылса,

Сақ, абай бол барынша.

Еркем:                        Жасыл жарық – жол ашық!

Зымырай бер, бел асып.

Мариям:                            Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық!» Жүрме жолға таласып.

 

Балалар ойын ойнайды, ойын арқылы жол белгілерінің қызметін меңгереді,оларды ажыратып үйренеді.

 

Балалар ойын ойнап, бойларын сергітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар барлық сұрақтарды талдап болған соң , жұмыстануға кіріседі

Іс – әрекетті бағалау кезеңі

 

Балаларға тірек сұрақтар қою және жұмбақтар жасыру арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылату.

 

 

 

–Балалар,бүгін біздер не туралы әңгімелестік ?                                                –Балалар,жол тәртібі не үшін  қажет ? т.б.с.с.                                    Жұмбақ жасыру:

1.     Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді ізетпен

Ысқырығы күзеткен       (Жол полицейі)

2.     Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды       (Автобус)

3.Жасыл «жүр!» -дейді,                                              

               Қызыл «тұр!»-дейді.

(Бағдаршам)                                      Жолдарың болсын балақайлар, жол ережесін жадыңызда ұстаңыз! (Балаларға жол тәртібі туралы фишкаларды табыс ету)

 

Балалар сұрақтарға жауап береді.Білген түйгендерін ортаға салады.

 

 

-Жол және жол тәртібі туралы әңгімелестік

Балалар өз ойларын ортаға салады

салады

 

 

Балалар жұмбақтардың шешуін табады

 

 

 

 

 

 

Көжекке жапсырған бағдаршамдарын табыс етеді, көжекпен қоштасады.

(Хормен төмендегі өлең жолдарын қайталайды)

Жол тәртібін білейік,  Аман-есен жүрейік.   Ережені біз жаттап, Тәртіпті ұлан болайық.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жол және жол тәртібі туралы білімдерін толықтырады

Қандай түсініктерді игереді: «Бағдаршам» , «таңба» «белгі» деген сөздердің мағынасын игереді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жолда жүру тәртібін,бағдаршамның қызметін меңгереді