Анашым, мерекеңмен!  

Анашым, мерекеңмен!

 

Қош келдіңіз, әзиз жанды аналар,

Бала үшін саялы жан паналар.

Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі,

Концертіміз  сіздерге арналар.

Жүргізуші:   Құрметті аналар,апайлар,балалар! 8- Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілікке жиналып отырмыз. Мектепалды даярлық тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Залға балалар кіреді,қолдарында жүрек, әнге билейді.

Әлемнің жарығын силадың сен маған

Даланың әр гүлін сыйлаймын мен саған-

Аналарға гүлдерін сыйлайды

Жүргізуші:  Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен осы мектептің оқу ісінің меңгерушісіне  сөз береміз

 

НҰРИСЛАМ

Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ,ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын

Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардаң туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар,қасиетті аналар!

 

-Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке ,бірлік.дендеріңізге саулық тілейміз!

-Балалар,бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Шешуін таба аламыз ба?

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар:  Ана,ана,ана.

 

Жүргізуші.:Әрейне,бұл біздің аналарымыз.Ана перзент тәрбиелеуші.Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

 

Ә.АДИНА

2 бала        О, Алақай балалар
Шақырады далалар
Көктем келді гүл алып
Құстар келді жыр алып.

Келді көктем күнің,
Күлімдейді гүлің —
Алтын ойлы Анам,
Мерекеңіз бүгін!

 

ЕРГЕН

3 бала: Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

Ана деген- өмірдегі қамқорың

Ана деген-сүйенерің,жан құрбым

 

АЛЬБИНА

4 бала: Апам мені айым дейді

Мен мұнайсам уайым жейді

Апам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

 

 

 

Жұргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

 

Ән: « Ел жатқанда жатпаған» хор

 

Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз!       «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» — деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек

 

ДИЛЬФУЗА

5 бала: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы ,ай әжем

 

КӘУСАР

6 бала: Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

 

ДӘУЛЕТ

7 бала. Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпіт әкеп береді

 

ЗЕРЕ

8 бала:Тірегі болып жанында

Бірге еріп жүремін

Жанашырым жанымда

Тек әжем деп білемін

ЖӘЙНАР

9 бала:  Ақ әжемді арқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

 

МИРАС

10 бала

Менің әжем мейірбан,
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам,
Жас балаша күледі.

Ән:  қыздар « Әжем менің айдай»

 

 

Жүргізуші: Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз, -дей отырып ұл-қыздардың тақпақтарына кезек берейік.

 

ЕРАСЫЛ

11 бала : Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Бақытқа толып өмірі

Шаттыққа шаттық ұлассын

 

Н.АДИНА

12 бала: Кір түсірмей жағама

Шашымды да тарайсың

Мектепке барарда

Мейірлене қарайсың

 

 

ИСЛАМ

13 бала :  Түн ұйқысын төрт бөліп

Әлпештеген анашым

Жақсы болсам асырып

Жаман болсам жасырып

Қамқор болған анашым

 

Би :  «Джентельмен» Ұлдар

ЖҮРГІЗУШІ: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

Күні бойы ойнай беретін,ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін,дым істемейтін,жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ,жоқ!

Ал,тәңертең ерте тұрып,мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті,тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары :  Бар,бар!

Ойын : « АНАЛАРЫН ДАУЫСЫНАН ТАНУ.

Жүргізуші:

Жарқырап тұр күніміз

Жайқалсын бәйшешек гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын

Сәнді көктем нұрымен

Көңіл гүлдей жайнасын

Талшыбықтай бұралған

Қыздарымыз қарап тұрмасын

Зере мен Жәйнардың орындауында « Бұлттар» биі.

 

ДӘУЛЕТ

14 бала: Үн қатамын бал тілмен

Еркелеймін әр күн мен

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен

МИРАС

15 бала: Құтты болсын осы шаттық күніңіз

Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

 

ДИЛЬФУЗА

16 бала: Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіз ғой аналар

Зор денсаулық,мол бақыт

Тілейді барша балалар

 

 

 

Жүргізуші:  Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

әндетеміз бәріміз

 

Ән:  Ақ мамам» Нұрын төккен маған. ұлдар

 

 

КӘУСАР

17 бала:Сауле шашқан әсем күндей

Көтерілсін көңіліңіз

Жарқыраған қызыл гүлдей

Болсын әсем өміріңіз

 

Ә.АДИНА

18 бала:   Ана деген асыл жандар,болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О,адамдар ,қадірлей біл ананы

Жат қылыққа  ақыл ойды талатпай

 

 

Ойын :  Логикалық есептер:1Ағашта 8 құс отыр,оған тағы 1 құс келіп қосылды,ағашта қанша құс отыр?(9)

  1. 3,5,7,9-        көршілерін атаңдар ?

3   Аспанда 4 қаз ұшып барады

Биіктен төмен қарады

Аяқ нешеу,бас нешеу?

Жауабын кім табады?(8,4)

 

 

 

Балапанын көгалда

Санай алмай тауық жұр

7 жүр жүгіріп

3 жем тауып жүр

Қанша барлық балапан

Санап берші балақан(10)

 

Жұргізуші :  Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Жүрекке жылы ой сала

Әнді сүйсең менше сүй деп,Абай атамыз жырлағандай кезекті бір топ  қыздардың орындау ында  бір жақсы өлең тыңдаңдар

 

Би:  «КӨБЕЛЕК БИ»  Қыздар

 

ЗЕРЕ

19 бала      О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған

Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман

Егер де сен еш ауырмай,күліп-ойнап қуансаң

Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілексұрамаң

 

ЖӘЙНАР

20 бала

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

 

 

Жүргізуші: Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды  сыйлайық,ардақтайық, көмектесейік, еш уақытта ренжітпейік.

 

Ән: Қыздар «Апам үшін күндеде»

 

Жүргізуші: Шырылдап жер түскеннен кейін жақының, досың, ұстазың –ана. Ана –өмірдің қайнар бастауы. Ана- бала бақытының бастауы. Оқушылардың ана туралы мақалдарына кезек берейік.

 

Мақал —  мәтел.

АЛБИНА

21 бала.

Ана алдында құрмет,

Ата алдында қызмет.

 

Н. АДИНА

22 бала.

Ананың сүті- бал,

Баланың тілі- бал.

ЕРАСЫЛ

23 бала.

Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.

 

НҰРИСЛАМ

24 бала.

Анаңа ауыр сөз айтпа,

Атыңа ауыр жүк артпа.

 

 

Ән:  хор. Әрқашан күн сөнбесін.

 Жүргізуші: «Ана» осы жалғыз  ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті десеңші?!

25 ЕРГЕН

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!

 

26 бала  ИСЛАМ

Адал бол деп балдырған.

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат.

Тілегінде мархаббат

АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!

 

Жүргізуші :                  Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

                                          Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған  концертіміз  аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Кұттықтау сөз ата- аналарға беріледі.