Баяндама: Баланың сөйлеу тілінде тежелу болса, ата – анасына берілетін ұсыныстар.

Мұғалжар ауданындағы психологиялық-

Педагогикалық түзеу кабинеті

ММ кабинеттің

мұғалім –логопед

Алмагамбетова Арайлым Максатовна

 

Баяндама

 

Баланың сөйлеу тілінде тежелу болса, ата – анасына берілетін ұсыныстар.

Дыбысталу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық сабақтар жұмасына 2 рет, сөйлеу тілі бұзылысының күрделігіне байланысты жеке түрде жүргізіледі. Сабақтан кейін әр бір тәрбиеленушіге оның сөйлеу тілі бұзылысына сәйкес жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары бала-бақшадағы логопедиялық сабақтардан алған білім мен біліктілігін бекіту мақсатымен беріледі.

Үй тапсырмасын орындауда бірқатар шарттарды ұстану керек:

  1. Сіздің балаңыз сау, тамағы тоқ, тыныш күйінде болғанда ғана үй тапсырмаларын орындауға кірісу керек.
  2. Дұрыс дыбысталу, анық және түсінікті сөйлеудің ол үшін қандай жағымды жақтары бар екенін балаға түсіндіру қажет.
  3. Үй тапсырмалары логопедтің нұсқаулығы бойынша жүйелі түрде, күнделікті орындалуы тиіс.
  4. Балада тапсырманы орындау үшін міндетті түрде кішігірім айнамен (тапсырманы орындау кезде балада өзін-өзі бақылау мүмкіндігіне арналған), артикуляциялық жаттығуларды орындау үшін қажет қағаз сүлгімен, түрлі-түсті қарындаштармен және т.б. жабдықталған орын болу керек.
  5. Тапсырманы баланың өзі орындауы тиіс, ал ата-аналар тек орындалу дұрыстығын бақылайды және керек кезінде түзетеді.
  6. Егер бала тапсырманы орындау кезде шаршап қалса, оған міндетті түрде демалуға мүмкіндік беру керек. Егер балаңыздың дәл осы уақытта тапсырманы орындауға құлшынысы болмаса, онда оны басқа уақытқа алмастыру керек, бірақ міндетті түрде сол күні орындау қажет.
  7. Егер бала тапсырманы орындай алмаса, ешқашан ұрспаңыз, керісінше мадақтап, өз күшіне сенімдігін және бұрын алған дағдыларды жоғалтпау мүмкіндігін иелену үшін алдыңғы тапсырмаларды орындауға кірісіңіз.
  8. Баланы жиі мадақтап отырыңыз, оның өз күшіне сенімділігін қалыптастырыңыз, жетістікке жету жағдайын құрыңыз.

2-7 жас аралығындағы балалар

сөйлеу тілінің қалыптасуы.

Әр бір ата-ана баласының үйлесімді дамып өскенін, яғни мықты және дені сау, ақылды, жақсы сөйлейтін, мақсаттарына жеткенін, барлығына қол жеткізгенін армандайды және осыған ұмтылады.

Құрметті ата-аналар! Сіз өз балаңыздың тағдырына жауаптысыз. Тағы бір рет сіздердің естеріңізге саламыз: белгілі бір маманнан көмек сұрауға қорықпаңыз – уақытында көрсетілген көмек сіздің жүйкеңізді сақтап және сіздің балаңызды аса бақытты және жемісті етуі мүмкін. Сәбидің сөйлеу тілі дамуындағы ең кішкентай және маңызды емес жетіспеушілігі бала өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да баланың қандай болмасын, мысалы, дыбыстарды бұрмалап айту, сөздік қоры кедей, байланыстырып сөйлеу тілінің жоқтығы, кекештену, логопедиялық мәселелеріне бар ынтамен көңіл бөлу қажет.

Баланың даму және тәрбиелену мәселесін тиімді шешу үшін бала дамуының белгілі бір кезеңінде оның не біліп, істеуін ересек адам анық білуі керек.

2 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

  1. Балалар қарапайым сюжеттік суреттерде көрсетілген заттар мен әрекеттерді түсінеді.
  2. Сәбилер кеңістіктік мағыналарды түсінеді (үстелдің үстіне қой, диванға отыр).
  3. Олар екі бөліктен тұратын ересек адамның өтінішін орындай алады.
  4. Бір түрлі заттар атауының жалпылау мағынасын түсіне алады (кез-келген орындық – ол орындық).
  5. 1,5 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қорында 50-ге жуық сөз саналады, ал 2 жасқа қарай – 200-400 сөз. Ол – әрине ойын және тұрмыстық тақырыптағы заттарды белгілейтін зат есімдер және сонымен қатар қарапайым әрекетті белгілейтін етістіктер.
  6. 1,5 жастан кейін сәбилер «Мынау қалай аталады?», «Бұл не?» сұрақтарын қоюға қабілетті.
  7. Сөйлеу тілі әлі де дұрыс емес. Балалар 2-4 сөзден тұратын сөз тіркестерін қолданады, зат есімдерді осы шақтағы жекеше түрдегі етістіктермен қосады, кейбір септіктерді қолданады, «мен» есімдігі пайда болады.
  8. Баланың сөйлеу тіліне ана тілінің көптеген дыбыстарының дыбысталу бұзылыстары тән (физиологиялық тіл мүкістігі кезеңі).
  9. Көптеген сөздердің тұрақсыз айтылуы байқалады: дыбыс не түсіп қалады, не алмастырылады, не дұрыс айтылады.
  10. Балалар сөйлегенде етістіктерді бұйрық райында қолданады.
  11. Көп буынды сөздердің буындық құрылымы бұзылған (буындық құрылым сөз ортасынан буынды түсіру жолымен жеңілдетіледі).
  12. Кейбір балалар әлсіз, ақырын дауыспен сөйлейді.

3 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

  1. 3 жастағы баланың сөйлеу тілінің 2 жастағы баланың сөйлеу тілінен ең маңызды айырмашылығы сөйлеу тіліндегі аграмматизмдердің толығымен дерлік жоқтығы.
  2. Сөйлемдегі сөздердің байланысы қосымшалардың көмегімен көрсетілген. Бала шылауларды қолдана бастайды және барлық негізгі сөйлеу мүшелерін қолданады.
  3. Дыбысталуы қалыпты дыбысталуға әлі де толығымен сәйкес келмейді.
  4. Баланың сөйлеу тілінде ызың және үнді дыбыстары әлі де жоқ, бірақ қатты және жұмсақ дыбыстар балалардың көбімен ажыратылады.
  5. Күрделі буындық құрылымы бар және екі бірдей дауыссыз дыбыс қатар келетін сөздері бұрмаланып айтылуы мүмкін.
  6. Баланың сөздік қорында таза тұрмыстық тақырыпқа байланысты сөздер ғана емес, сонымен қатар бағалау мағынасы бар сөздер де, жалпылауыш сөздер де кездеседі.
  7. Егер баланың ата-анасы кітапқа деген жағымды қатынасын қалыптастырса, ол таныс ертегілер мен тақпақтарды сүйсініп тыңдайды. Бала мәтінді жақсы еске сақтайды және оны сөзбе-сөз айтып береді, бірақ ертегіні өз сөзімен мазмұндап айтып бере алмайды.
  8. Бала күрделі емес сюжеттік суреттердің мазмұнын жақсы түсінеді.

4 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

  1. 4 жасқа қарай баланың сөздік қоры 2000-ға жуық сөзге жетеді.
  2. Сөздік қоры кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді белгілейтін үстеулердің арқасында байытылған.
  3. Көптеген балалардың дыбысталуы қалыпты болады. бірақ балалардың көп бөлігінде ызың және ысқырық дыбыстарының алмасуы, сонымен қатар Р, Р’ вибранттарының жоқтығы байқалуы мүмкін.
  4. Балалар «сөз тудыру шығармашылығымен» айналыса бастайды, ол сөз тудыру моделін меңгеру бастамасы туралы куәландырады.
  5. Балалардың сөйлеу тілінде негізгі сөйлеу мүшелеріндегі сөздердің өзгеруіне қатысты қателердің аздығы байқалады.
  6. Белсенді сөйлеу тілінде жалпылаудың екінші дәрежелі сөздері пайда болады.
  7. Осы жаста еріксіз есте сақтаудың жақсы дамуы тақпақтардың көп санын жаттауға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде байланыстырып сөйлеу тілі толығымен дамымаған, өз басынан өткен жағдайларды айтқан кезде сөйлемдердің ретсіздігін көруге болады. Бірақ балалар оларға таныс ертегілерді айта бастайды.

5 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

  1. Белсенді сөздік қоры көбееді (2500-ден 3000-ға дейін сөз), ол өз ойын толық, нақты айтуға мүмкіндік береді.
  2. Баланың сөйлеу тілінде заттардың белгісі мен сапасын белгілеу үшін, мезгілдік және кеңістіктік қатынасты көрсету үшін қолданатын сын есімдері жиі пайда болады.
  3. Бала өз сөйлемдерін 2-3 және одан да көп қарапайым жайылма сөйлемдерден құрайды, күрделі сөйлемдерді жиі қолданады, бірақ барлық жағдайларда емес.
  4. 5 жастағы балалар монологиялық сөйлеу тілін игере бастайды. Бірқатар пысықтауышы бар сөйлемдер пайда болады. Бала сын есімдерді басқа сөйлем мүшелерімен дұрыс қоса бастайды.
  5. Сөздердің дыбыстық безендендірілуіне қызығушылығы пайда болады. Ересектердің айтқан сөздерін тыңдай отырып, бала дыбысталудағы ұқсастықты орнатуға тырысады, кей-кезде өзі де жұп сөздерді жетістікпен айтады: тас-бас және т.б. Кейбір балалар өз құрбыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын байқап, өз сөйлеу тіліндегі кемістіктерді байқамауы мүмкін. Бұл оның сөйлеу кездегі өзін-өзі бақылауының толығымен дамымауы туралы айтады.
  6. 5 жастағы балалардың кейбіреулері 2-4 жолдан тұратын тақпақтарды шығара алады.
  7. Бала өмірінің алтыншы жылында сөйлеу аппаратындағы бұлшықеттер қозғалысының көбеюінің арқасында бала тіл мен еріннің нақты қозғалыстарын жүзеге асырады.
  8. Дыбысталуы мағыналы түрде жақсарады: дауыссыз дыбыстарды жұмсарту толығымен жойылады, дыбыстар мен буындарды түсіру сирек болады.
  9. 5 жастағы балалардың көбі ызың, л, рь, р дыбыстарын меңгеріп, дұрыс айтады, көпбуынды сөздердің буындық құрылымын дұрыс сақтай отырып, анық айтады. Балалар сөз екпінін жиі дұрыс қоя бастайды.

Сонымен, 5 жасқа қарай балалардың дыбысталуы айтарлықтай жақсарады. Олардың көбінде дыбысты меңгеру үрдісі аяқталады.

6 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

  1. 6 жастағы балалар заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін ажырата ғана қоймай, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын, мезгілдік және басқа да қатынастарды белгілей бастайды.
  2. 5 және 6 жас аралығында сөздік қор 1000-1200 сөзге байытылады.
  3. 6 жастың аяғына қарай бала жалпылау сөздерді аса нақты ажыратады. Мысалы, ол тек «гүлдер» деп қана айтпай, «түймедақ, қоңыраугүл – дала гүлдері» — деп айтады.
  4. Осы жастағы балада байланыстырылған монологиялық сөйлеу тілі дамиды. Ол ересектің көмегінсіз ертегінің, қысқа әңгіменің, мультфильмнің мазмұнын айтып, өзі қатысқан жағдайларды суреттеп айта алады.
  5. 6 жасқа қарай тіл және ерін бұлшықеттері аса жақсы дамып, бала туған тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айта бастайды. Бірақ осы жастағы кейбір балаларда ызың, р, л дыбыстарының дұрыс меңгерілуі жаңа-жаңа аяқталады. Осы дыбыстарды меңгергеннен кейін балалар бірден сан алуан күрделі сөздерді нақты және анық айтуға бастайды.
  6. 6 жастағы бала көп жағдайларда сұраулы және хабарлы сөйлемдерді айтқан кезде дұрыс интонацияны қолданады. Ол әр алуан заттар мен құбылыстарға қатысты өз сезімдерін көрсетуі мүмкін: қуаныш, қайғы және т.б.

6 жастағы бала аса дамыған фонематикалық естуді иеленеді. Ол дыбыстарды жақсы естіп қана қоймай, белгілі бір дыбысы бар буын және сөзді басқа сөздер мен буындар тобынан бөлуге байланысты әр түрлі тапсырмаларды орындауға қабілеті бар.

       

   Ата-аналарға бала тілі туралы

Соңғы жылдары тіл кемістігі бар балалар саны ұдайы өсуде. Балалардың шешелері мен әкелері қорытындыда: алалия,кекеш, тіл дамуының кідіруі т.б. диагноздарын оқып жиі байбалам салатыны құпия емес.Бала тілінің даму кемістіктігі болу мүмкіндігі туралы мәлімет алғаннан кейін маманға қандай сұрақтар қоюды, олармен қарым қатынаста қандай тұғыр ұстау керектігін анықтай алады;логопедтің ұсынымы бойынша үй тапсырмаларын ұйымдастыру қажеттігін түсінеді. логопед мұғаліммен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс тіл кемістігін жоюдың ең басты бөлігі болып табылады.

             Отбасының баланың тіл дамытуна түзетулер  жасауға қатысуы

Тіл дамуында кемістігі бар балаларды емдеу ең алдымен баланың ағзасын бекітуге әкеп тіреледі. Бұл қараста дұрыс режим мен тамақтану, дене шынықтыру, сумен түрлі емдеулердің зор мағнасы бар.

Балаға әсер ететін невропатия себептерін анықтап, жағымсыз психологиялық факторларды жоюға тырысу керек.

Мысалы, тәбеті бұзылған жағдайда ата-аналар баланың тамаққа деген жек көрушілігін болдырмау шараларын жасауы керек. Бастысы — тамақтанудың нақты тәртібін орнату.

Баланы зорлап тамақтандыруға, әсіресе дімкәстік кезінде, қорқытып немесе уәде беріп асыра тамақтандыруға қатаң тиым салынады. Баланың бір нәрседен үркуі болғанда ешқашан оған күуге немесе оны қорқытып жеңдіруге болмайды. Оның танымдық қызығушылығы аумағына сол қорқыныш шақыратын объектіні енгізуге тырысқан жөн. Түнге қарай ғажайып ертегілер айтуға, телеарна хабарын қарауға рұқсат етпеу керек. Ұйықтар алдында тітіркеніш жасайтындар шеттелуі керек.

Баланы түрлі нақтылы немесе жұмбақ «қарақшылармен» қорқытуға қатаң тиым салынады.Баланы қоршаған ортамен біртіндеп және абайлап таныстыру керек, бала әрекетіне жаңа заттарды оларға өзіне сәйкес түсіндірме бере отырып, біртіндеп енгізу керек.

                               Логопед кеңес береді:

  • жақ және тіл бұлшық еттерін дамыту. Ірі тағамдарды тиімді шайнауды, аузын шайуды, ұртын толтыруды,ауаны бір ұртынан екінші ұртына аударыды т.б үйрету;
  • баламен тек қана дұрыс тілде сөйлесу, «бала тілін» ешқашан қолданбау;
  • балаға күн сайын қысқа және ертегілер оқу;
  • онымен жиі сөйлесу, оның барлық сұрақтарына шыдаммен жауап беру, сұрақ қоюын мадақтау;
  • сөзді немесе фразаны, ондағы сөздердің орнын ауыстыра отырып, анық бірнеше рет қайталау;
  • күніне бірнеше рет артикуляциялық гимнастикалар орындау.Оның мақсаты — дыбыстарды айтуға қатысатын бұлшық еттерге жұмыс істетуоларды бағынышты ету. Оларға артикуляцияға аппаратының органдырын жаттықтыратын, дыбыстарды дыбыстауға ерін, тіл, таңдай қатыстыруға арналған жаттығулар енгізіледі. Алғашқы кезде айна алдында жаттыққан дұрыс;
  • балаға асыра жүктемеу жасау. Сабақтың 15-20 минуттан аспауы жөн;
  • ұсақ моториканы дамыту үшін жаттығулар қодану керек;
  • кекештікте сөйлеу демалысын, екпінді және ритмді дамытуға мүмкіндік беретін музыка сабақтары жақсы нәтиже береді. Баламен сабақ көңілсіз болмауы керек, оларды қызықты ойын түрінде өткізу, жайбарақаттық ахуалын жасау, баланы оң нәтижеге бағыттау, жиі мақтау.