Адам әдебімен көрікті

                                          Адам әдебімен көрікті

 

      Қазақ салтында үлкенің атын атамау, оны сыйлау әдептілік пен көргенділіктің бір үлгісі болып саналады.Кіші үлкенді сыйласа, үлкендерге өз тарапынан оған лайық ықылас білдірсе, үлкен мен кішінің арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Үлкендер отырған жерде олардың алдын орап арындап кетпей, инабат ізет таныта білу көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді іркіп ұстау сияқты қасиеттер халақтың дәстүрі мен тәлімінде ілгеріден жалғасып ұласып келеді.Сөз арасында қолданылатын кешіріңіз, ғафу етіңіз, рұқсат етіңіз, қалауыңыз білсін т.б.сөздер елеусіздеу көрінгенімен, адамның әдептілігін білдіріп, тілге сыпайылық реңк беріп, ізеттілікті білдіреді.Мұндай сөздер құлаққа майдай жағады.

Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, жеңеше, құда, құдағи, құдаша, жезде, балдыз, нағашы, жиен т.б. қаратпа сөздер үлкен мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері.Адамның жанына жағымды,жылы сөздер оның көңіл күйінің пернесі сияқты.Әдепті қылықты әркімде жылы қарсы алады.Мәселен, көшеде бір қарт таяғына сүйеніп, кібіртіктеп әрең, жүріп келе жатыр делік, оған ұшырасқан қыз не жігіт жылы жүзбен сәлем беріп, қолтығынан демеп, жол көрсетіп жеберді делік.Қария риза болады, батасын береді.Әдепті адамның ісі де, сөзі де жылы леп жайып тұрады. «Сөзі райлының- сөзі шырайлы », «Жақсының сөзі- өлшеп пішкендей, жаманның сөзі түйеден түскендей», «Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер» деген сөздер міне, осыны меңзейді.Үлкенді сыйлауды дәстүр еткен, халқымыздың әдеп –салттары бойынша ең қастерлі қасиеттерінің бірі ата-ананы сыйлау, олады қадір тұту, ізет пен инабат көрсете білу.

«Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында,

маңыраманы ұлама жеп жатыр, жаны маңызды білемеге біліп-білеп алып жаны маңызды білемеге біліп-білеп алып  тезірек жетіңіз» деген сөзді жас келін атасына «Бұлақтың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр, соны сою үшін пышақты қайраққа жанып өткірлеп келіңіз » деген ойды жеткізу үшін айтқан.Бірақ сол ауылдағы Бұлақбай, Қамысбай; Қойшыбай, Қайрақбай, Пышақбай, деген кісілердің аттарын атауды ыңғайсыз, әдепке жат санаған тапқырлықпен ұғындыра білген.Жанама есімнің өзін де көп сыр жатады.Ол адамның түріне, мінезіне, кәсібіне қарай қойылады.Мыс: «Ұста қайнаға», «Сынықшы ата», қайныларын «Сал жігіт», «Молда жігіт», «Аңшы жігіт», қайын сіңілерін «Еркежан», «Бикеш», «Үкілім», «Тетелес» деп атайды.

Осылайша әдеппен, бірін-бірі қадірлей жастарды ізеттілікке, кішіпейілділікке баулуды көздеген.Әдептілік адам бойна бірден біте қоймайды.Ол біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі.Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілікпен сыпайлықтың, ынтымақтастық пен жарасымдылықтың, қайырымдылық пен қамқорлықтың, адалдықпен адамгершіліктің үлгісі отбасындағы тәрбиенің құдыреті міне осында.Әдептілік, ибалақ сияқты жақсы қасиеттерді біздің ата-бабаларымыз өз баласының, немересінің құлағына сәби кезінен бастап құя береді.Олар балалардың алдында беделді өте жоғары.Сүйікті адамдардың өсиеті баланың жадында ұзақ сақталатынын жақсы білген.Шынайы әдептілік сезімі өз қылығының өзге біреудің жанына бататыны немесе қуанышқа жетелейтінін түсінуді, басқа біреудің қажеттерін ұғынуды уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді.Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады.Сыпайылық ережесін жай жаттап алу жеткіліксіз.Әдепті адам өзінің, басқа адамды жек көретінін байқатпайды және шамадан тыс сезімінде білдірмейді.Жұртың көзінше құшақтасу, сүйісу сияқты қылықтар орынды бола бермейді,өз сезімдерін әдейі көрсеткен жөн емес.Адамды тым өзінсіну де кейде көңілде реніш тудырады.Мыс: жазып немесе оқып отырған адамның, иығынан асылып қарау-әдепсіздік.Есіктің тесігінен сығалау, басқалардың әңгімесін жасырын тыңдау, ұшырасқандарға шұқшия қарау лайықсыз.Біреуді ыңғайсыз жағдайда көріп қалсаңыз, оны байқамаған сыңай білдіріңіз. Қазіргі уақытта адам уақтының көбін үйден тыс-жұмыста, оқуда, жұрт арасында өткізеді.Алуан түрлі адамдармен ұшырасады, сөйлеседі, пікір алысады.Кей жағдайларда әдептілік деңгейнен төмендеу болатынымызды да сезінуіміз керек.Адам мәденетті неғұрлым жоғары болса. Оның айналасындағыларға қарым-қатынасы өарапайым әрі сыпайы болып түседі.