«Тіл білгірі»

Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірі»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге, білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.

 

 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта

Ойын барысы: Бүгінгі  «Тіл білгірі» танымдық ойыны алты бөлімнен тұрады, олар:

1.Ұйымдастыру (Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру. Әділқазылар алқасын сайлау. Сайыстың мақсатымен таныстыру. Топтардың аттарымен, ұрандарымен, таңбасымен танысу. )

Ендігі кезекте байқауға қатысқалы отырған оқушыларымызды ортаға шақырамыз.  I. топ. 5а Тұлпар; II. топ.5 б Қыран; III. топ. 5 в Сұңқар;

Сайыскерлеріміздің білімін, зеректіктерін байқап, бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар…

1.Жүсіпова Бибігүл  -Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

2.Сүгірбаева Айсұлу –Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3.Сариева Гүлзия      -Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

4.Садуллина Лаура  -Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

5.

  1. «Кейіпкерлер елінде»! (Әдебиет пәні бойынша )
  2. «Мықты болсаң, тауып көр.» (Қазақ тілі пәні бойынша)
  • «Тапқырлық» (Жұмбақ шешу )
  1. «Жеті жұрттың тілін біл» (мақалдың жалғасын табу.)
  2. «Кім жылдам ?»
  3. «Сөз ойла, тез ойла»( берілген әріптерден сөздер құрастыру)

Дұрыс жауапқа  — 10 ұпай. Толық емес жауап – 5 ұпай. Сұрақтарға жауап беру кезекпен орындалады. Егер жауап дұрыс болмаса, келесі топқа кезек беріледі.

  1. «Кейіпкерлер елінде»! (Әдебиет пәні бойынша )

Әдебиет пәні бойынша өткен шығармалардан үзінді берілген және кейіпкерлердің атын атаймын , оқушылар сол шығарманың тақырыбын дұрыс табу керек.

  1. топқа
  • Кемпір – шалға аң мен құстың етін қақтап үйіп береді де, ол жолға шығады. (Төстік)
  • Сондай күшті болыпты. Алысқанын жығыпты, аң аулап әкесіне көмектесіпті. (Кендебай)
  • Жаман мен қырық уәзір. («Аяз би» ертегісі )
  • Ауыз әдебиетінің түрлерін ата. (ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, батырлар жыры, аңыз — әңгімелер )

 

 

 

 

II топқа

  • Мұздан төсек, жерден жастық, қардан жамылғы қып жата қалсам, жылы төсекте өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын (Тазша бала)
  • Ол шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы желмаясымен желіп өтіп, Ұлытаудың бас жағына кеп дүние салыпты. (Асан қайғы)
  • Мергенбай батыр («Керқұла атты Кендебай» ертегісі)
  • Ертегіні неше бөлімге бөлуге болады?
  1. Жан – жануарлар туралы
  2. Шыншыл ертегілер
  3. Қиял – ғажайып ертегілер

III.     топқа

  • Бізді осы араға тастасаң, ит – құсқа жем боламыз ғой, бізге кім пана болады? Ащы күннің аптабына қалай шыдаймыз? (Ажар)
  • Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар («Аяз би» ертегісі)
  • Ерназар (Ер Төстіктің әкесі)
  • Қандай шешендік сөзді жатқа білесің ?

 

 

  1. «Мықты болсаң, тауып көр.» (Қазақ – тілі пәні бойынша)

I топқа

  • Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда кездесетін мағынасы көмескі сөздер қалай аталады. (көнерген сөздер)
  • Ойды сыпайы, әдепті, жағымды етіп жеткізу мақсатында қолданылатын сөздерді… дейміз (эвфемизм)
  • Үзіндіден кірме сөзді тап.

Дастархан жайып құрметтеп,

Төкті түрлі жемісті.

Жез самаурын қайнаулы,

Союға бағлан байлаулы (самаурын)

  • Мына сөздер қай тілден енген тілден енген сөздер? Адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие. (араб, парсы тілінен)

II топқа.

  • Белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздерді… сөздер дейміз. (Диалект)
  • Үзіндіден көнерген сөздерді тап.

Айтулы ерлер бар екен,

Жүйріктері баптаулы.

Найзалары саптаулы,

Дұшпанға атар жебесі,

қорамсақпен қаптаулы. (найза, жебе, қорамсақ)

  • Адамның эмоциялық жағымсыз көңіл күйі мен ішкі мәдениетінің төмендігі салдарынан қолданылатын дөрекі, әдепсіз сөздер… деп аталады. (дисфемизм)
  • Мына сөздер қай тілден енген сөздер?

Болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба. (орыс тілінен)

III топқа

  • Белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, өнерге байланысты қолданылатын және негізінен сол кәсіппен айналысатындарға ғана түсінікті сөздерді… сөздер дейміз. (кәсіби сөздер)
  • Мына сөйлемнен синоним болатын сөзді тап. Синоним дегеніміз не?

Қонақтарға арналған ас өте дәмдә болды.

  • Жаңа сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? (Сөздік қорға жаңадан енген сөздер жаңа сөздер деп аталады.)
  • Мына сөздер қай тілден енген сөздер?

Ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, Тарбағатай, Нарынқол, Баянауыл, Қордай      (Монғол тілінен)

III.    «Тапқырлық» (Жұмбақ шешу )

I топқа

  • Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса аттама     (кітап)

  • Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады   (күн)

  • Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін    (көз)

  • Белім бекем байлаған,

Қоқысты түгел айдаған    (сыпырғы)

  • Сәбиге сәнді үй,

Әжеге ән – күй (бесік)

 

II топқа

  • Бірі – ағаш кесу құралы,

Бірі – шырынды бал бұлағы     (ара)

  • Қол созсаң, ақ күміс

Алақанға толады.

Ашып – жұмсақ із – түссіз

Лезде жоқ болады  (қап)

  • Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды  (сандық)

  • Қимылдаса қос шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер   (қол)

  • Сары қозы, көк қозы,

Қарындары тоқ қозы.

Күздігүні көп қозы

Қыстыгүні жоқ қозы   (қауын – қарбыз )

III топқа

  • Аспанға жайып қойған,

Ақ м ақтам ғайып болған (ақша бұлт)

  • Ымырт түссе шығамын,

Таң атқанда батамын.

Көк теңізде шашылып,

Көзімді ілмей жатамын (жұлдыз)

  • Ішегіне мұз қатқан,

Өзін – өзі мұздатқан    (тоңазытқыш)

  • Алыстан қарасам аппақ,

Татып қарасам тәтті – ақ  (қант)

  • Ұрмай – соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады      (жуа)

  1. «Жеті жұрттың тілін біл» (мақалдың жалғасын табу.)

Үш тілде жауап берілсе 30 ұпай беріледі. Келесі турымыздың шарты: мақал – мәтелдердің бір сөзі түсіп қалған. Сол сөзді тауып, орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар.Шарты түсінікті болса, сайысымызды бастаймыз.

I топқа

  • Мектеп кеме, білім …. (теңіз, море, sea)
  • Ата қоныс — … мекен    (алтын, золото, gold)
  • Қыз өссе, елдің көркі,

…  өссе жердің көркі     (гүл, цветок, flower)

  • Тамақ тоқ, көйлек қандай? (көк, синий, blue)

 

 

II топқа

  • Аңдамай сөйлеген, ауырмай …. (өледі, умирает, die)
  • Еңбекпен тапқан не тәтті? (нан, хлеб,bread)
  • Күшіңе сенбе, қандай ісіңе сен (адал, честный, honest)
  • Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан не артық?  (таяқ, палка, stick)

III топқа

  • Жақсы сөйлесе аузынан не төгіледі? (гүл, цветы, flower)
  • Батыр елінде,

Не көлінде       (балық, рыба, fish)

  • Көп ойласаң дана боласың,

Көп ойнасаң … боласың    (бала, ребенок, child )

  • Күш білімде, білім … (кітап, книга, book)

 

  1. «Кім жылдам ?»

Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.

I топқа

  • Көзі ілінбеу (ұйықтамау)
  • Мұзға отырғызу (алдау)
  • Құлақ асу (тыңдау, назарын аудару)
  • Көзі жету (анық білу)
  • Бармағын тістеді (өкінеді)

II топқа

  • Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
  • Көзді ашып жұмғанша (шапшаң)
  • Ит өлген жер (алыс)
  • Қой аузынан шөп алмайды (жуас, момын)
  • Ат ізін салмау (хабарласпау)

III топқа

  • Кірерге тесік таппады (ұялады)
  • Екі езуі екі құлағына жетті (қуанды )
  • Арасынан қыл өтпейді (тату)
  • Ешкімнің ала жібін аттамау (қиянат жасамау)
  • Айы оңынан туды (жолы болды)
  1. «Сөз ойла, тез ойла»( берілген әріптерден сөздер құрастыру)

Берілген әріптерден сөздер құрастыру

А, Т, П,С,У,Е,Н,Ж,С,Р,Л,І

Ата, апа, ас, сап, су, ау, нан, ар, ел, іл, есіл, ене, ер, ес, піл, тіл, жер, тер, сел, ал, тап, уіл, рет, жет. (24 сөз)