«Қысқы ағаш»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні, айы, жылы: 23.01.2019 жыл.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:Сурет салу

Тақырыбы: «Қысқы ағаш»

Міндеттері:

Білімділік: Дайын шыршаның суретіне түрлі-түсті ойыншықтарды салуды үйрету;

Дамытушылық,: тазалыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу;

Тәрбиелік: тазалыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу;

Қолданылатын көрнекі құралдар:демонстрациялық материалдар,шырша,бейне ролик,музыка.

Әдіс-тәсілдер:әңгіме, сұрақ-жауап, тосын сый,ойын жаттығулар, түсіндіру, көрсету.

Қажетті құрал-жабдықтар:шырша суреті, мақталы таяқшалар, бояулар.

Сөздік жұмыс:шырша, әшекей,моншақ.

Қызмет  кезеңдері            Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері:

Ай да біреу аспанда,

Күн де біреу аспанда.

Тұратын, міне, елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

 

Шеңберге дөңгелене тұрып өлең жолдарын қайталайды.

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік -Саябақта не бар екен?

-Шырша түстері қандай болады екен?

-Шыршаны қалай безендірдік?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Жұмбақ шешу:

Тікен, тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте.

(шырша)

Қыс туралы тақпақтар айтады.

Қызықты сәт:

Топқа қолында шыршасы бар тиін келеді.Мұңайып тұрады.

-Тиін сен неге ренжулісің?

-Қолыңдағы ненің суреті?

Тәрбиеші тиінге шыршаны безендіріп беруге көмектесулерін сұрайды.Шырша шамдарының түсі әртүрлі болатынын айтады.Дөңгелек ойыншықтарды мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен салу тәсілін көрсетеді.Балалар түстердің атауларын қайталап,естеріне түсіреді.

-Дөңгелекті солдан оңға қарай дөңгелете сызу.

-Түстерді кезектестіріп бейнелеу

-Бояуды біркелкі қағаздан үзбей,таяқшаны баспай жеңіл,көтеріңкі жағу.

Балаларға әдіс-тәсілдерді көрсеткен соң, сурет салуға нұсқаулық беріледі.

Жұмыс барысында бақылау,жеке нұсқаулық беру,балаларға көмектесу.

Сергіту сәті. «Саусақ жаттығуы»

Мы сегодня рисовали,

Наши пальчики устали.

Наши пальчики встряхнем,

Рисовать опять начнем.

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

-шырша

Тиін неге ренжулі екенін ойланады.

 

 

 

Өздері қалаған түсті таңдап алып, дайын шырша үлгісіне мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтарды салады.Ойыншықтармен безендірілген шыршаны тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды

Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.

Жаңа жылда,балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Мықты болу өзіңнен.

Балалар тиінге шыршаны қалай безендіргендерін түсіндіріп береді және мерекеге арнаған өз өнерлерін көрсетеді.

Сұрақтарға жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:шыршаны әшекейлеуді;

Қандай түсініктерді игерді:   Жаңа жыл мерекесі туралы түсінікті;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктер: мақта оралған таяқшамен немесе қылқаламмен дөңгелек ойыншықтар салуды;