ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

ДАРЫНДЫ БАЛАНЫН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

 

«Халқымыздың ежелгі үрдісі бар,

Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.

Үлкен сыйлау ұққанга соның бәрі,

Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.

Көңілдің тілейтін тек тазалыгын,

Аз емес арқалаған азабын.

Мол өсиет қалдыреан ұрпагына,

Қасиетінен айналдым қазағымның!» деп М.Әлімбаев жырлағандай қазақ халқы басқа халықтар сияқты бала тәрбиесіне өте ерте заманнан-ак, өзінің жиып терген бай, асыл қазынасы, мол тәжірибесімен тәрбиелеуге ерекше көңіл аударған. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше кабілетті, дарындылыкты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу— ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына ciңіре білу, оларды шығармашылык, бағытта жан-жақты дамыту— бүгінгі күннін, басты талабы.

Бала дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім алуда басқалардан аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің көрінуі деп түсінеміз.

 «Дарындылык, белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам к,абілеті дамуының жогары деңгейі».

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.        Дарынды балалардың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:

  1. Баланың қызығушылыгы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
  2. Дамытушылыққа ыкпал ете отырып, баланың психологиялык, кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
  3. Жүмыс нәтижесін талдау, бағалау, әңгімелесу.
  4. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-aқ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

Дарынды баламен жұмыс істеудің негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал, мақсатқа жету оку бағдарламасын тереңдетіп оқыту және баланың танымдык, белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Бала-бақшаларда дарынды балалармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдері әртүрлі болып келеді.

Балалардың шығармашылық дарынын дамыту үшін түрлі әдістер мен жағдайды қалыптастыру өзекті мәселе. Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларға арналған бағдарламаларына тапсырмалар жай ғана енгізіп кеңейтуді ғана емес, мамандандыра оқытуды талап етеді. Ең бастысы балалардың табиғи дарынын, шығармашылық дамуын, шығармашылық деңгейінін, психологиялық құрылымын ескеретін порциалды бағдарлама құру қажет. Қалыптастыру және тұлғанын, шығармашылығын дамыту мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді. Қазіргі психологияда осы мәселелерді қарастырған зерттеулер пайда болды (А.В.Брушлинский, Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес, В.А.Крутецкий, А.Н.Матюшкин, В.Д.Небылицин, Е.Е.Кравцова, О.М.Дьяченко, В.Т.Кудрявцев, А.А.Нурахунова және т.б.) Осы зерттеулердегі мәліметтерге сүйене отырып, баланың дарындылығын сипаттайтын ерекшеліктерді және мектеп жасында оны дамыту жолдарын белгілеуге болады.

Дарындылык туа пайда болады немесе жүре қалыптасуы мүмкін. Баланың, дене және рухани дамуын зерттеп бақылаудын нәтижесі, қоршаған ортанын әсерінен пайда болған дарындылыкты тәрбиелеуге және дамытуға болады, ал дамытпаса жоғалып кетуі мүмкін. Баланы бір іс-әрекетке бейімдесе, кызығушылығы пайда болып, белгілі бір дағды қалыптасып, қабілеттілігі дамиды. Мектеп жа­сына дейінгі жастағы баланың психикасының дамуы жедел түрде дамиды, шығармашылык түрде өсуіне жағдайы болады. Баланың шығармашылық дарынын қалыптастырып дамыту үшін баланың тәжірибесінде қызықты жағдаяттар туғызып, елестетуін дамытқан жөн. Көптеген авторлар адамның шығармашылық негізі елестетуіне байланысты екендігін көрсетеді, елестетуі жалпы психологиялык, дамумен қатар жүреді, баланың мектепке психологиялык, дайындығын көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста балаларда бір заттың бөлшегін бөліп алып басқа заттың құрамына

қосып бүтіндей зат құрастыру үшін шығармашылық елестетулері түрлі кезеңдерден өтеді. Егер бүтінді  бөлшектерден бұрын елестететін болса, елестетуі дамытудың алғы шарты болып келеді.

Баланың, шығармашылық дарынын дамыту бағдарламасының мазмұны бес бөліктен тұрады:

  1. Елестетуін белсендіру арқылы
  2. Сөз шығармашылығын қолдану арқылы
  3. Заттың сызбалық бейнеленуін қолдану аркылы
  4. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдері арқылы

5.Табиғи материалдарды қолдану аркылы.

Баланың шығармашылық дарынын дамы­ту бағдарламасының бөліктеріне арналған ойын түрлері:

  1. Елестетуін белсендіруге арналған «Өнертапқыш» ойыны.

 Педагогтың мақсаты: балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

 Балалардың мақсаты: бірнеше қызмет атқаратын әр түрлі заттарды ойлап табуға үйрену.

 Материалдар: бір зат бейнеленген суреттер: балға, шеге, суырғыш, киім ілгіш, ара, пышак,, шанышқы, қайшы, бұрағыш, орындық және т.б.; сурет салуға арналған парақтар, түрлі-түсті қарындаштар.

Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші екі заттың суретін көрсетеді, мысалы киім ілгіш пен ара бейнеленген сурет, содан кейін тағы да қандай да бір затты ойлап табуды ұсынады. Тәрбиеші алдымен жаңа құралдын суретін салуды ұсынады. Содан кейін бәрі бірге талкылап, суретті толықтырады. Кейін жүп заттар ұсынылады: қайшы-бұрауыш, сөре-орындық, шанышкы-пышак, және т.б.

 Қалыптасатын когнитивті процестер: түсіну, тану, қиял, талдау, жинақтау, бағалау.

  1. Сөз шығармашылығын қолдануға арналған «Кім не болады» ойыны.

  Педагогтың мақсаты: балалардың диалектикалық ойлауын дамыту.

 Балалардың мақсаты: заттар мен көріністердің қалай өзгеретіндігі туралы тәрбиешіге жауап беруді үйренеді.

 Педагогтың баламен қарым-қатынасы: тәрбиеші балаларға заттар мен көріністердің атауын ұсынады, ал балалар заттар мен көріністердің атауын ұсынады, ал балалар жұмыртқадан, емен жаңғағынан, уылдырыктан, ұннан, ағаш тақтадан, темірден, пыштан, матадан және т.б. не пайда болатындығын, оның қалай өзгеретіндігін айтуы керек. Жауаптардың түрлі нұскасы болатындығына зейін кою керек. Мысалы: жұмыртқадан құс, қолтырауын, тасбақа, жылан т.б. пайда болуы мүмкін.

 Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, елестету, талдау, жинақтау, тапқырлық, зеректік бағалау.

  1. Заттың сызбалық бейнеленуін қолдану үшін «Ертегі құрастырамыз».

 Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен киялын дамыту.

 Балалардың мақсаты: дөңгелектерді ертегі кейіпкері деп елестетіп ертегі ойлап табу.

 Материалдар: әр балаға түстері әртүрлі екі дөңгелек: бірінде — сары және кызыл, екіншісінде —ақ және көк және т.б.

 Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші балаларға ертегі ойлап құрастыруды ұсынады. Алдымен олардың ертегілерінде дөңгелек кай кейіпкер болатындығын анықтап алу керек. Дөңгелектер әртүрлі, сондыктан кейіпкерлер әртүрлі болуы ке­рек. Балалардың дөнгелектерінің түстерін ауыстыру арқылы ойынды бірнеше рет өткізуге болады.

 Қалыптасатын когнитивті процестер: саналык, елестету, талдау, жинактау, бағалау.

  1. Музыка мен өнертапқыштық әрекетінің аралас тәсілдіріне арналған «Жыл мезгілі» ойыны.

Балаларға жазылған әуенді тыңдатамыз, П.И.Чайковскийдың «Жыл мезгілдері» шығармасын (басқа да оркестрмен ойналатын әуендерді) пайдалануға болады. Осы әуенмен балалар қимыл-қозғалыс жасап өздеріне ыңғайлы қалыпта (кілемде отырып, орындықта отырып және т.б.) суретті салуды бастайды.

Ең бастысы — әуеннің сипатын түстер арқылы жүйелілікпен жеткізу. Әуенді қандай түстермен жеткізетіндігіне көңіл бөлу керек. Қандай түстерді пайдаланатындығына көңіл қою, жылы түстер ме, әлде суық түстерді қолдана ма және не үшін?

   Қалыnmacamын когнитивті процестер: елестету, қиял, эмоциялык, көрсету, тану, қолдану өздігімен жұмыс жасау, бағалау.

  1. Табиғи материалдарды қолдануға арналған «Құрғақ жапырақтар композициясы».

  Педагогтың мақсаты: баланың елестетуі мен қиялын дамыту, жаңа үлгі құру.

 Балалардың мақсаты: жапырақтарды әшекейлеп панно жасауды үйрену.

 Материалдар: жасыл, сары, қызыл кептірілген жапырақтар, қapa парақ, желім.

 Педагогтың баламен қарым-қатынасы: Тәрбиеші жапырақтардың түсуі туралы әнді тындатады немесе өздері айтады. Сосын сұрайды: «Күз әдемі болады ма? Неге? Қалай ойлайсындар, ағаштардан жапырақтардың түсуі жақсы ма, әлде жаман ба? Күздің сүлулығы бізбен ұзак, уақыт қалуы үшін не істеуге болады?»

 Балалар: «Жапырақтарды жинап кептіру». Құрғақ жапырақтардан әдемі панно кілем жасауға болады. Жапырактардың, өзі де сән беріп түрады: оны қатты қағазға жинатып бөлмеге панно жасауға болады.

 Қалыптасатын когнитивті процестер: тану, түсіну, шығармашылық елестету, қиял, өзіндік жұмыс, талдау, бағалау.

Қорытындылай келгенде, дарынды балалармен жұмыс мазмұны адам ресурстарын дұрыс пайдалану, елдің, интеллектуалдың күшін арттыруға қосқан мол үлес болары анық.

Дарынды бала — бұл болашақта жаңа технологияларды шығарушы, әділ саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, бұл еркіндікті сүйетін, жауапты, рухы биік адам, бұл — ұлттық құндылық.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Развитие творческой одаренности у детей 5-6 лет. Программа сост. Нурахунова А.А.,Жумадиллаева О.А., Алматы, Рауан, 1997.
  2. «Дарын» журналы, 2004, №5.
  3. «Дарын» журналы. 2008, мамыр-тамыз.
  4. «Егемен Қазақстан» газеті, маусым.